Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда, поступившими в коммунальную собственность Уланского района Күшін жойған
Басқа 0
Сот шешімімен Ұлан ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 – бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 – бабына, сәйкес Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Ұлан ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Сот шешімімен Ұлан ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары
Ұлан аудандық мәслихатының 2017 жылғы «04» желтоқсандағы № 133 шешімімен бекітілді
Сот шешімімен Ұлан ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сот шешімімен Ұлан ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне
сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен Ұлан ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қалдықтарды басқару - бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
Тармақ 4
4. Қалдықтарды басқаруды жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).
Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде аудан әкімдігі коммуналдық мүлікті басқару саласында қызмет атқаруға уәкілеттік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган белгіленеді.
Тарау 2. 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
Тармақ 6
6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларыга сәйкес атқарылады.
Тармақ 7
7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерге өнім берушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Қорытынды ережелер
3. Қорытынды ережелер
Тармақ 10
10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады