О передаче в городскую коммунальную собственность имущественных комплексов ГП "Востоктеплоэнерго" и АООТ "УК тепловые сети" Күшін жойған
Басқа 0
"Шығысжылуэнерго" мемлекеттік кәсіпорны мен "ӨК жылу желілері" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүліктік кешендерін қалалық коммуналдық меншікке беру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі № 100 шешімімен.
"Өскемен қаласын жылумен жабдықтау туралы" Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң 1998 жылғы 19 қаңтардағы № 460 шешiмiне өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу туралы" 1998 жылғы 30 қаңтардағы № 464 шешiмiнiң орындалғандығын, "Өскемен жылу желiлерi" акционерлiк қоғамы мен "Шығысжылуэнерго" мемлекеттiк кәсiпорнының жауапкершiлiгi шектеулi "Алтай Пауэр" серiктестiгiнiң басқаруына берiлгендiгiн ескерiп, сондай-ақ Өскемен қаласының күнкөрiсiн қамтамасыз етуде жылумен жабдықтау мәселесiнiң ерекше маңыздылығын еске алып және экономикалық және технологиялық мақсаткерлiк мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi Шығыс Қазақстан комитетi (Егiзбаев Ж.Қ.) Өскемен қаласының коммуналдық меншiгiне мыналарды берсiн:
Тармақ 1.1
1.1. Өскемен қаласының iшкiкварталдық жылу желiлерiмен қоса "Шығысжылуэнерго" мемлекеттiк кәсiпорнының мүлiктiк кешенiн;
Тармақ 1.2
1.2. Магистральдық жылу желiлерiмен қоса "ӨК жылу желiлерi" акционерлiк қоғамының мүлiктiк кешенiн.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң орынбасары Ю.П.Швайченкоға жүктелсiн.