О создании государственного учреждения "Кинологический центр Министерства внутренних дел Республики Казахстан" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кинологиялық орталығы" мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2000-2001 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 395 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кинологиялық орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Кинологиялық орталық) құрылсын.
Тармақ 2
2. Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Кинологиялық орталықтың жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Кинологиялық орталықты қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүргізіледі деп белгіленсін.
Тармақ 4
4. Алматы қаласының әкіміне кейін Ішкі істер министрлігінің Кинологиялық орталығына беру үшін Алматы қаласы Ішкі істер бас басқармасы бірлескен қызмет иттері питомнигінің коммуналдық меншіктегі мүлкін республикалық меншікке белгіленген тәртіппен беру ұсынылсын.
Тармақ 5
5.
📌 Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N 1443 қаулысымен.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.