Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Казталовскому району Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Казталов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №98 «Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3914 тіркелген, 2015 жылғы 26 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Казталов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Казталов аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Н.Қажғалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Казталов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Казталов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы №16-5 шешіміне қосымша Казталов ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары № Объектінің түрі Есептік бірлік м3/жыл 1. Жайлы және жайлы емес үйлер 1 тұрғын 1,1 2. Қонақ үйлер, демалыс үйлері 1 орын 1,13 3. Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын 0,4 4. Мекемелер, ұйымдар, офистер, банктер, байланыс бөлімшелері 1 қызметкер 0,62 5. Емханалар 1 тұрғын 0,04 6. Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 төсек-орын 2,06 7. Мектептер және өзге де оқу орындары 1 оқушы 0,13 8. Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері 1 отыратын орын 1,16 9. Мұражайлар, көрмелер Жалпы алаңы 1 м2 0,8 10. Стадиондар, спорт алаңдары Жоба бойынша 1 орын 0,26 11. Дүкендер, супермаркеттер, базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер Сауда алаңы 1 м2 0,8 12. Дәріханалар Сауда алаңы 1 м2 0,44 13. Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильдерге жанармай құю бекеттері, гараждар 1 машина-орын 0,11 14. Автомобиль шеберханалары 1 жұмысшы 0,11 15. Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орны 0,23 Аббревиатуралардың толық жазылуы: м2 - шаршы метр м3– куб метр