Об утверждении размеров выплат ежемесячного денежного содержания спортсменам, входящим в состав сборных команд Республики Казахстан по видам спорта (национальных сборных команд по видам спорта), их тренерам, а также спортсменам, выступающим в составах сборных команд Республики Казахстан (национальных сборных команд) по игровым видам спорта, их тренерам и руководителям клубных команд Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарындақатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне айсайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының 20-4) тармақшасына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Алматы облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннің ішінде оның көшірмесін  облыс аумағында таралатын мерзімдік баспа басылымдарға ресми жариялауға жолдауын;
Тармақша 4
4) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін облыс әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын;
Тармақша 5
5) осы қаулыны мемлекеттік тіркеуден кейін осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді он жұмыс күні ішінде «Алматы облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне ұсынуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы Омарға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10
Әкімдіктің 2017 жылғы «17» қарашадағы № 508 қаулысына қосымша Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері № Спорт түрлері, спорттың ойын түрлері бойынша жарыстардың жіктелуі Төлемдерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) Спортшылар Жаттықтырушылар Клубтық командалардың жетекшілері 1 орын 2 орын 3 орын 1 орын 2 орын 3 орын 1 орын 2 орын 3 орын Олимпиадалық спорт түрлері 1 Жазғы және қысқы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары 203 145 116 3 3 3 3 3 3 2 Азия, ПараАзиа және СурдоАзиа ойындары 116 87 72 3 3 3 3 3 3 3 Жазғы және қысқы Универсиада ойындары, Ислам ойындары 43 35 29 3 3 3 3 3 3 4 Жасөспірімдер Олимпиада ойындары 43 35 29 3 3 3 3 3 3 5 Ересектер арасында Әлем чемпионаты 145 116 87 3 3 3 3 3 3 6 Жастар арасында Әлем чемпионаты 72 58 43 3 3 3 3 3 3 7 Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты 35 29 23 3 3 3 3 3 3 8 Ересектер арасында Азия чемпионаты 101 72 58 3 3 3 3 3 3 9 Жастар арасында Азия чемпионаты 43 35 29 3 3 3 3 3 3 10 Ересектер арасында ҚР чемпионаты, ҚР Спартакиадасы 87 43 29 3 3 3 3 3 3 11 Олимпиада ойындарына лицензия 72 - - - - - - - - Ұлттық спорт түрлері 1 Ересектер арасында Әлем чемпионаты 58 43 29 3 3 3 3 3 3 2 Жастар арасында Әлем чемпионаты 29 20 14 3 3 3 3 3 3 3 Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты 14 - - 3 3 3 3 3 3 4 Ересектер арасында Азия чемпионаты 29 20 14 3 3 3 3 3 3 5 Жастар арасында Азия чемпионаты 20 - - 3 3 3 3 3 3 6 Ересектер арасында ҚР чемпионаты 20 - - 3 3 3 3 3 3 7 ҚР «Қазақстан Барысы» 35 26 20 3 3 3 3 3 3 Олимпиадалық емес спорт түрлері 1 Ересектер арасында Әлем чемпионаты 43 29 20 3 3 3 3 3 3 2 Жастар арасында Әлем чемпионаты 29 20 14 3 3 3 3 3 3 3 Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты 14 - - 3 3 3 3 3 3 4 Ересектер арасында Азия чемпионаты 29 20 14 3 3 3 3 3 3 5 Жастар арасында Азия чемпионаты 20 - - 3 3 3 3 3 3 6 Ересектер арасында ҚР чемпионаты 20 - - 3 3 3 3 3 3 Паралимпиада және Сурдлимпиада спорт түрлері 1 Ересектер арасында Әлем чемпионаты 72 58 43 3 3 3 3 3 3 2 Жастар арасында Әлем чемпионаты 58 43 29 3 3 3 3 3 3 3 Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты 43 29 20 3 3 3 3 3 3 4 Ересектер арасында Азия чемпионаты 43 29 20 3 3 3 3 3 3 5 Жастар арасында Азия чемпионаты 29 20 14 3 3 3 3 3 3 6 Жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты 29 20 14 3 3 3 3 3 3 7 Ересектер арасында ҚР чемпионаты, ҚР Спартакиадасы, ҚР Паралимпиада Ойындары, ҚР Сурдлимпиадалық ойындары, Трансплантацияланған- нан кейін донорлық органдары бар адамдардың Спартакиадасы 29 23 14 3 3 3 3 3 3 8 Жастар арасында ҚР чемпионаты 23 17 11 9 Жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты 23 17 11