О штатной численности и структуре Администрации Президента Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2004.03.31. N 1327 жарлығымен.
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық Заңның 17-1 бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны 345 бірлік мөлшерінде белгіленсін.
📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2002.08.29. N 939 Жарлығымен .
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат кестесін бекітсін.
Тармақ 4
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны, құрылымы және Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін лауазымды адамдардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 наурыздағы N 89 Жарлығы ;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны, құрылымы және Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін лауазымды адамдардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 наурыздағы N 89 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы N 391 Жарлығы ;
Тармақша 3
3) "Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 Жарлығының 4-тармағының 2) тармақшасы;
Тармақша 4
4) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 24 наурыздағы N 89 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 қаңтардағы N 542 Жарлығы .
Тармақ 5
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 11 ақпандағы
N 806 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚҰРЫЛЫМЫ
📌 Ескерту. Өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2002.05.08.
N 868 жарлығымен .
ЕСКЕРТУ. Құрылым жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2002.08.29. N 939 Жарлығымен .
Ескерту. Құрылым өзгерді - ҚР Президентінің 2003.05.16.
N 1094 жарлығымен
Президент Әкімшілігінің Басшысы
Президенттің көмекшілері
Президент Әкiмшiлiгi Басшысының бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
Президенттің кеңесшілері
Кеңсе
Мемлекеттік-құқық бөлімі
Ішкі саясат бөлімі
Ұйымдастыру-бақылау бөлімі
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы
Баспасөз қызметі
Жүйелі зерттеулер орталығы
Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі
Протокол қызметі
Кадр жұмысы бөлімі
Президенттің Парламенттегі Өкілдігі
Президенттің "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілінің аппараты
Бухгалтерия