Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории Шортандинского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шортанды ауданының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Шортанды ауданының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Шортанды ауданының аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Шортанды ауданының әкімі 23. 11. 2017 ж. Г. Сәдуақасова
Басқа 4
Шортанды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қарашадағы № С-20/5 шешімімен бекітілген Шортанды ауданының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Шортанды ауданының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Шортанды ауданының аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
Тарау 2. 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жиынды кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады. Шортанды ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауданның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Тармақ 5
5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді кенттің, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Бөлек жиынды ашудың алдында ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бөлек жиынды кенттің, ауылдық округтің немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Кенттің, ауылдық округтің немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады. Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Шортанды аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
Тармақ 9
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны кенттің, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
Басқа 17
Шортанды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қарашадағы № С-20/5 шешімімен бекітілген Шортанды ауданының аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау р/с № Шортанды ауданының елді мекенінің атауы Шортанды ауданының аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны (адам) 1 Шортанды кенті 60 2 Жолымбет кенті 30 Бозайғыр ауылдық округі 3 Бозайғыр ауылы 31 4 Төңкеріс станциясы 11 5 Ключи ауылы 12 Петровка ауылдық округі 6 Петровка ауылы 11 7 Қара-Адыр станциясы 3 8 Белое Озеро ауылы 3 Новокубанка ауылдық округі 9 Новокубанка ауылы 15 10 Алтайское ауылы 3 Дамса ауылдық округі 11 Дамса ауылы 23 12 Научный кенті 13 13 Степное ауылы 13 Раевка ауылдық округі 14 Раевка ауылы 18 15 Гуляй-Поле ауылы 10 16 Егемен ауылы 7 17 Новографское ауылы 5 Андреевка ауылдық округі 18 Андреевка ауылы 10 19 Октябрьское ауылы 5 Пригородный ауылдық округі 20 Пригородное ауылы 10 21 Камышенка ауылы 3 Новоселовка ауылдық округі 22 Новоселовка ауылы 8 23 Ошақ ауылы 5 24 Новопервомайское ауылы 5 25 Қаратөбе ауылы 3 Бектау ауылдық округі 26 Бектау ауылы 21 27 Қаражар ауылы 3 28 Мықтыкөл ауылы 10 29 Конкрынка ауылы 6