Об утверждении состава тендерной комиссии по закреплению рыбохозяйственных водоемов и распределению лимита вылова рыбы Күшін жойған
Басқа 0
Балық шаруашылығы су қоймаларын бекітіп беру және балық аулау лимиттерін бөлу жөніндегі тендерлік комиссияның кұрамын бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 31.12.2004 № А-1/332 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының “Жануарлар дүниесін қорғау өндіру және пайдалану туралы” 21 қазан 1993 жылғы Заңына сәйкес және балық басқа да су жануарларын кәсіптік аулауды тәртіпке келтіру, облыстың балық шаруашылығы су қоймаларында оларды тиімді пайдалану, сонымен қатар, жыл сайын балық шаруашылығы су қоймаларын бекітіп беру және қай меншік түріне жататындығына қарамастан табиғатты пайдаланушылар арасында балық аулау лимитін бөлу жөніндегі тендерлер өткізілуі мен тендерлік комиссияның құрамынан кейбір мүшелері шығуына байланысты, облыс әкімияты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Тендерлік комиссияның құрамы бірінші қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақмола облысында балық шаруашылығы су қоймаларын бекітіп беру және табиғатты пайдаланушылар арасында балық аулау лимитін бөлу жөніндегі тендер өткізу ережесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
Басқа 4. Комиссия мүшелері
Қосымша 1
облыс әкімиятының
12.03.2002 ж.
№ а-3/31 қаулысы
Ақмола облысында балық шаруашылығы су қоймаларын бекітіп беру және табиғатты пайдаланушылар арасында балық аулау лимитін бөлу жөніндегі тендерлік комиссияның ҚҰРАМЫ
Тоқмырзин Ш.Х. - орман және биоресурстар жөнінде аумақтық басқарманың бастығы, комиссия төрағасы.
Жанбеталин С.И. - облыс әкімі аппаратының өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары.
Жулий В.А. - орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасының жануарлар әлемі бөлімінің бастығы, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері
Тоқанбаев М.Ш. - Ақмола облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары.
Досанов Қ.Ғ. - орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы бастығының орынбасары.
Баймұтов Б.Қ. - Ақмола облыстық жануарлар мен өсімдіктер дүниесін мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы.
Мырзахметов К.К. - «Көкше орманы» МКК директорының орынбасары.
Тоқмолдаев А.С. - Ақмола облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы бастығының орынбасары.
Лихоманова К.К. Ақмола облысы санэпидемстанциясының паразитология бөлімінің меңгерушісі.
Никишов А.Н. ҚР АШМ аумақтық басқармасының мал дәрігерлік бөлімінің бастығы, бас мемлекеттік малдәрігері.
Ағасұлтанов К.К. - ҚР АШМ аумақтық басқармасының мал дәрігерлік бөлімінің бас маманы.
Гудыно Д.Н. - «Майбалық питомнигі» РМК директоры.
Әбдиев Ж.А. - «Көкшетау» МҰТП ғылыми бөлімінің басшысы.
Кунцевич Ф.Ф. - Ақмола облыстық аңшылар мен балықшылыр қоғамының төрағасы.
Глушкова Л.И. - Көкшетау ауданаралық аңшылар мен балықшылыр қоғамының төрағасы.
Басқа 5
Қосымша 2 облыс әкімиятының
12 03 2002 ж. № а-3/31 қаулысы
Ақмола облысында балық шаруашылығы су қоймаларын бекітіп беру және табиғатты пайдаланушылар арасында балық аулау лимитін бөлу жөніндегі тендер өткізу ЕРЕЖЕСІ
Тармақ 1
1. Тендер (конкурс) жылына бір рет жыл басында өткізіледі. Қажет болған жағдайда тендер орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасының ұсынысы бойынша өткізіледі.
Тармақ 2
2. Балық шаруашылығы су қоймаларын бекітіп беру және табиғатты пайдаланушылар арасында балық аулау лимитін бөлу жөніндегі тендер өткізу құқығы тендерлік комиссияғы беріледі.
Тармақ 3
3. Тендерлік комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының “Жануарлар дүниесін қорғау, өндіру және пайдалану туралы” 21 қазан 1993 жылғы Заңын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 05.04.1995 жылғы № 414 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы су коймаларында балық қорын қорғау, және балық аулауды реттеу туралы Ережені, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 04.12.1996 жылғы № 1480 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында балық аулау және басқа да су жануарларын өндіру Ережелерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және басқа да табиғатты қорғау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерін, осы ережені басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Тендерде қай меншік түріне жататындығына қарамастын төмендегі талаптарға сай келетін табиғатты пайдаланушыларға жеңіс беріледі:
Тармақша 1
1) табиғатты пайдаланушы мен құзыретті орган арасындағы келісім-шарт міндеттерін орындаушыларға;
Тармақша 2
2) су қоймаларының экологиялық жағдайын, гидробионттардың өмір сүру жағдайын жақсартуға және оларды қайта өндіруге бағытталған балық шаруашылық және мелиоративтік биотехникалық шараларды белсенді жүргізетін;
Тармақша 3
3) қолданылып жүрген балық аулау және олардың нормативтік ережелерін, басқа да табиғатты қорғау жөніндегі нормативтік-құықтық актілерді сақтайтын;
Тармақша 4
4) бекітіліп берілген су қоймаларындағы балық қорларын қорғауға көмектесетін;
Тармақша 5
5) балық аулау шаруашылығын ұзаққа созуды ескере отырып аулауға мамандандырылған;
Тармақша 6
6) бөлінген балық лимитін игеруге, өңдеуге және өткізуге қажетті мүмкіндігі білікті маман кадрлары, балықшылары және балық өңдеушілері, аулау құралдары, жүзу құралдары, кәсіби механизмдері, өндірістік күштері, балықты қабылдау пункттері, мұздатқыштары, көліктері барлар;
Тармақша 7
7) тендерлік комиссияға қатысуға салық органдарында тіркелген және мемлекет алдында салықтар бойынша қарыздары жоқтығы туралы құжаттарын тапсырған табиғатты пайдаланушылар қатыса алады.
Тармақ 5
5. Табиғатты пайдаланушыларға өздеріне берілген су қоймалары мен бөлінген балық аулау лимиттерін тиісті шешімсіз басқа ұйымдарға беруге болмайды.
Тармақ 6
6. Тендерге қатысу үшін табиғатты пайдаланушы белгіленген үлгідегі қажетті құжаттарын қоса отырып өз өтінішін тапсыруы қажет, құзыретті орган, Ақмола облыстық орман және биоресурстар басқармасы бекіткен смета бойынша құзыретті органның арнайы есеп шотына жарна төлеуі қажет, ол қаржы тендерді өткізу жөніндегі жұмыстарды дайындау мен ұйымдастыруға жұмсалады.
Тармақ 7
7. Тендерлік комиссияның шешімі оған комиссия мүшелерінің 2/3 қатысқан жағдайда көп дауыспен қабылданады және шешім қабылдау үшін облыс әкімиятына жіберіледі.