Об организации работы по обеспечению выдачи разовых талонов Күшін жойған
Басқа 0
Бір жолғы талондар беруді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 30.05.2002 № 74 қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 373 бабын және "Бір жолғы талондарды беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 30 қазандағы № 1469 бұйрығын іске асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандар және Ақтөбе қаласының әкімдері жеке тұлғаларға бір жолғы талондарды өткізу жөніндегі өкілетті органдарды анықтасын және оларды беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Базарларда бір жолғы талондарды өткізу үшін қалалық сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау бөлімінің штат саны Ақтөбе қаласы бюджетінің қаржысы есебінен 10 бірлікке үлғайтылсын.
Тармақ 3
3. Өкілетті органдар есепті кезеңнен кейінгі әр айдың 5-іне дейін салық органдарына ай сайын белгіленген үлгіде мәліметтер берсін.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы (Б. Е. Жантеміров) өкілетті органдармен бір жолғы талондарды өткізу мәселелерінде зандылықтың және есептіліктің сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін, қажетті әдістемелік және уйымдастырушылық көмек көрсетсін.
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату құқығы үшін ақы төлеудің тәртібі мен алымдардың ставкалары туралы" Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 840 қаулысын жүзеге асыру туралы" облыс Әкімінің 1998 жылғы 12 қазандағы № 156 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В. В. Супрунға жүктелсін.