Об утверждении Правил использования безнадзорных животных поступивших в коммунальную собственность Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18 бабының 22 тармақшасына және 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 31 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған коммуналдық меншікке келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шалқар аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Жидехановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Шалқар ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 22 қарашадағы № 237
қаулысымен бекітілді
Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидалары
Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидасы (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 246 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18 бабының 22) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) жануарлар – ауыл шаруашылығы және үй жануарлары;
Тармақша 2
2) қараусыз қалған жануарлар – ұстау орнынан тыс жерде және жануардың иесі және (немесе) жауапты адам тарапынан бақылаусыз қалған жануарлар;
Тармақша 3
3) жануардың иесі – меншігінде немесе өзгеше иелігінде жануары бар жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 4
4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - ауданның әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
Тармақша 5
5) уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, ауданның коммуналдық меншігін басқаруға уәкілетті мемлекеттік атқарушы орган.
Бөлім 2. 2. Иесіз жануарларды пайдалану
2. Иесіз жануарларды пайдалану
Тармақ 2
2. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретiлген жануарларды ұстап алған адам оларды меншiк иесiне қайтаруға міндетті.
Егер меншік иесі немесе оның тұрған жерi белгiсiз болса, осындай жануарларды ұстап алған тұлға ұстаған кезден бастап үш күннен кешiктiрмей табылған жануарлар туралы меншік иесін іздестіру шараларын қабылдау үшін iшкi iстер органдарына немесе жергілікті атқарушы органдарға жазбаша түрде мәлімдеуі тиіс.
Тармақ 3
3. Жануарлардың меншік иесін іздестіру кезеңінде жануарларды ұстаушы адам оларды өзiнiң бағуында және пайдалануында қалдыруы не ол бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар басқа адамға тапсыруы мүмкiн. Жануарларды ұстап алған адамның өтiнiшi бойынша оларды бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар адамды iздеп табуды және оларға жануарларды берудi жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Жануарларды ұстап алған адам және олар бағуы мен пайдалануына берiлген адам жануарлардың өлiм-жiтiмi мен iске жарамай қалғаны үшiн бұған кiнәсi болған кезде ғана және сол жануарлардың құны мөлшерінде жауапты болады.
Тармақ 5
5. Жануарларды меншiк иесiне қайтарған ретте жануарларды ұстап алған адам және жануарлады бағып, пайдаланып келген адам сол меншiк иесiнен жануарларды пайдаланудан алынған пайданы есепке жатқыза отырып, оларды бағуға байланысты өз шығындарына өтем алуға құқылы.
Тармақ 6
6. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретілген жануарларды ұстап алған адам олардың меншiк иесiнен Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 245 бабының 6 тармағына сәйкес сыйақы төлеуді талап етуге құқылы.
Бөлім 3. 3. Қараусыз жануарларға мемлекеттік меншік құқығының пайда болуы
3. Қараусыз жануарларға мемлекеттік меншік құқығының пайда болуы
Тармақ 7
7. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар аудандық коммуналдық меншікке түседі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» қаулысымен белгiленген тәртіп бойынша пайдаланылады.
Тармақ 8
8. Жануарлар мемлекет меншiгiне көшкеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген ретте сол жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйiрсектiгi сақталғанын немесе жаңа меншiк иесiнiң оларға қатал не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын дәлелдейтiн жағдайлар болған кезде – ол аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тиісті жергілікті атқарушы органдарымен келiсiм бойынша айқындалатын шарттармен, ал келiсiмге келмеген кезде - сот арқылы оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы.
Тармақ 9
9. Егер жұмыс малы мен iрi қараны ұстап алғаны туралы мәлiмделген кезден бастап алты ай iшiнде және басқа үй жануарлары жөнiнде - екi ай iшiнде олардың меншiк иесi табылмаса және оларға өзiнiң құқығы туралы мәлiмдемесе, бұл жануарларға меншiк құқығы жануарларды баққан және пайдаланған адамға көшедi.
Бұл адам бағуында болған жануарларды меншiгiне алудан бас тартқан жағдайда олар коммуналдық меншiкке түседi және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тиісті жергілікті атқарушы органдары белгiлейтiн тәртiп бойынша пайдаланылады.
Бөлім 4. 4. Қорытынды ережелер
4. Қорытынды ережелер
Тармақ 10
10. Қараусыз жануарларды есепке алу, сақтау, бағалау және сатуды ұйымдастыруға байланысты шығындар Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне сәйкес жергілікті бюджет қаржысынан жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Қараусыз жануарларды сатудан түскен қаражаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, бес жұмыс күні ішінде жергілікті бюджетке аударылады.
Тармақ 12
12. Қараусыз жануарларды коммуналдық меншікке қабылдау үшін негіз болған актінің сотпен күші жойылған жағдайда, уәкілетті орган қараусыз жануарды бұрынғы иесіне қайтарады.