Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Бородулихинского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сот шешімімен Бородулиха ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Бородулиха ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 3. Сот шешімімен Бородулиха ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 16-3-VI шешімімен бекітілген Сот шешімімен Бородулиха ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары 1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы сот шешімімен Бородулиха ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен Бородулиха ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, одан әрі пайдалану және жою бойынша қызмет.
Тармақ 4
4. Иесіз қалдықтарды басқару ауданның жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырылады.
Тармақ 5. 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
5. Қалдықтарды басқару мақсатында жергілікті атқарушы орган мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия). Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде аудан әкімдігі коммуналдық мүлікті басқару саласында қызмет атқаруға уәкілеттілік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган белгіленеді. 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
Тармақ 6
6. Бағалау, есепке алу, одан әрi пайдалану және жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.
Тармақ 7
7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 9. 3. Қорытынды ережелер
9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі. 3. Қорытынды ережелер
Тармақ 10
10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.