Об утверждении ставок сбора за государственную регистрацию прав на недвижимое имущество и сделок с ним Күшін жойған
Басқа 0
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209 Кодексін (Салық кодексі) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы жарияланған сәтінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 29 наурыздағы
N 373 қаулысымен
бекітілген
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары
Тармақ 1
1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалардан - алым төлеген күні қолданыстағы бір айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызы;
Тармақша 2
2) заңды тұлғалардан - алым төлеген күні қолданыстағы он есе айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Тармақ 2
2. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың телнұсқасын бергені үшін алым ставкасы осы қосымшаның 1-тармағында көзделген тиісті тұлғалар үшін алым ставкаларының жиырма бес пайызын құрайды.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 29 наурыздағы
N 373 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді және ақпараттық қызмет көрсетулерді мемлекеттік тіркеу үшін ақы алудың тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 қазандағы N 1316 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 43, 413-құжат).
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 сәуірдегі N 505 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 18-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 15, 121-құжат).
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 қазандағы N 1316 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 шілдедегі N 621 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 21, 179-құжат).
Тармақ 4
4. "Жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу жөніндегі мекемелер мен кәсіпорындарды "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жылжымайтын мүлік пен заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтары" мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1261 қаулысының 8-тармағының төртінші абзацы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 37, 358-құжат).
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 қазандағы N 1316 және 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1261 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қаңтардағы N 12 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 1, 4-құжат).