О проведении месячников-смотров готовности пищевых объектов, продовольственных рынков, объектов водоснабжения, санитарной очистки и благоустройства населенных мест к работе в весенне-летний период Күшін жойған
Басқа 0
Тағам орындары, азық-түлiк базарлары, сумен қамту объектiлерi және тұрғылықты жерлердiң санитарлық тазартылуы мен абаттандырылуы, көктемгi-жазғы кезеңдегi жұмысқа дайындығына айлық-байқау жүргiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - шешімнің қолданылу мерзімінің
өтіп кеткендігіне байланысты Маңғыстау облыстық әділет департаментінің
10.01.2005 № 2/46 хатымен.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 08 шiлдедегi N 110-ХIII "Тұрғындардың санитарлық эпидемиологиялық жайлылығы туралы" заңына және 2001 жыл 30 желтоқсандағы N 751 "2002 жылды - Денсаулық жылы деп жариялау туралы" Президент Жарлығына сәйкес тұрғындардың санитарлық эпидемиологиялық жайлылығын қамтамасыз ету мен объектiлердiң санитарлық эпидемиологиялық жағдайын жақсарту мақсатында, облыстық әкiмият қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Аудан мен қала әкiмдерiне 2002 ж. 25 наурыз бен 25 мамыр аралығында тағам объектiлерi, азық-түлiк базарлары, су мен қамту объектiлерi, тұрғылықты жерлердiң санитарлық тазартылуы мен абаттандырылуы, көктемгi-жазғы кезеңдегi жұмысқа дайындығына байқау жүргiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Тағам объектiлерi, азық-түлiк базарлар, сумен қамту объектiлерi, канализациялық-тазарту ғимараттары, коммуналдық қызметiнiң барлық меншiк түрлерi мекемелерiнiң басшыларына объектiлерiнiң көктемгi-жазғы кезеңдегi жұмысқа дайындық шараларын ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Маңғыстау облыстық санитарлық эпидемиологиялық станциясына байқауға қатысатын меншiк түрiне қарамастан, барлық объектiлердi тексеру мен қабылдануын және байқау қорытындыларын қала/аудан әкiмдерiнiң қарауына шығару ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М.М.Бортникке жүктелсiн.