Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, вывоз, утилизацию, переработку и захоронение твердых бытовых отходов по Ордабасинскому району Күшін жойған
Басқа 0
Ордабасы ауданы бойынша
коммуналдық қалдықтардың
түзілу мен жинақталу
нормаларын, тұрмыстық
қатты қалдықтарды жинауға,
әкетуге, кәдеге жаратуға,
қайта өңдеуге және көмуге
арналған тарифтерді
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10030 тіркелген) және «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі №404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14285 тіркелген) сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ордабасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ордабасы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3.«Ордабасы аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
Тармақша 3
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ордабасы ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 4
4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Ордабасы аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 9
Ордабасы аудандық
мәслихатының 2017
жылғы 24 қарашадағы
№19/2 шешіміне
1-қосымша
Ордабасы ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер
Есептік бірлік
Жылдық жинақталу нормасы, м3
1
Жайлы және жайлы емес үйлер
1 тұрғын
1,7
2,0
2
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері
1 орын
1,2
3
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
1,2
4
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
0,24
5
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
1,4
6
Емханалар
1 келiп кету
0,02
7
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелерi
1 төсек-орын
1,0
8
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,06
9
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелерi
1 отыратын орын
1,5
10
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгi клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы
1 отыратын орын
0,26
11
Мұражайлар, көрмелер
Жалпыалаңы 1 м2
--
12
Стадиондар, спорт алаңдары
Жобабойынша 1 орын
1,2
13
Спорт, би және ойын залдары
Жалпыалаңы 1 м2
1,2
14
Азық-түлiк, өнеркәсiптiк тауар дүкендерi, супермаркеттер
сауда алаңы 1 м2
1,2
15
Машиналардан сату
сауда орнының 1 м2
1,4
17
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
Саудаалаңы 1 м2
0,55
18
Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
Жалпыалаңы 1 м2
0,02
19
Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары
Жалпыалаңы 1 м2
0,02
20
Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету
Жалпыалаңы 1 м2
--
21
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
Жалпыалаңы 1 м2
0,59
22
Жаға жайлар
Жалпыалаңы 1 м2
--
23
Дәріханалар
Саудаалаңы 1 м2
0,38
24
Авто тұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар
1 машина-орын
1,4
25
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
0,85
26
Гараж кооперативтері
1 гаражға
--
27
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмысорны
2,2
28
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
Жалпыалаңы 1 м2
0,56
29
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
Жалпыалаңы 1 м2
0,75
30
Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттержасау)
1 жұмысорны
0,55
31
Моншалар, сауналар
Жалпыалаңы 1 м2
1,15
32
Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар
1000 қатысушы
--
33
Бау-бақша кооперативтері
1 учаске
--
Басқа 10
Ордабасы аудандық
мәслихатының 2017
жылғы 24 қарашадағы
№19/2 шешіміне
2-қосымша
Ордабасы ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге,кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері
№ р/с
Атауы
Есептік бірлік
Баға, теңгемен
1
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері
1.1
Жайлы үйлер
1 адам
70,00
1.2
Жайсыз үйлер
1 адам
105,00
2 адам
210,00
3 адам
315,00
4 және одан көп адам
400,00
1.3
Заңды тұлғалар
1 текше метр
1200,00
2
Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тарифтері
2.1
Жеке тұлғалар
1 текше метр
400,00
2.2
Заңды тұлғалар
1 текше метр
800,00
3
Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге арналған тарифтері
-
-