Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размер родительской платы по городу Текели Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін .
Тармақ 2
2. Текелі қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 07 желтоқсандағы «Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3662 болып тіркелген, «Текелі тынысы» газетінде 2015 жылдың 24 сәуірінде № 17 (3228) жарияланған) № 360 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Текелі қаласы әкімдігінің 2017 жылғы "6 " желтоқсандағы "Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" № 363 қаулысына қосымша Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері № р/с Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (аудан, қала) Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны Мектепке дейінгі ұйымдар ата-аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері (тенге) 3-7 жасқа дейін 1 «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№1 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 40 10500 2 «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 40 10500 3 «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№3 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 200 10500 4 «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№4 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 140 10500 5 «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№1 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 30 7500 6 «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№3 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 30 7500 7 «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№4 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 15 7500 8 «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№7 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 15 7500 9 ЖК «Ержанов» балабақшасы 85 12000 Текелі қаласы бойынша 595 Ескертпе: Ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейiнгi ұйымдарда баланың жасына қарамастан тамақтануға кететін шығынның 100 пайызын құрайды;
Тармақша 2
2) мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылғандарды қоспағанда, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысы белгілейді.