О проведении месячника по благоустройству, санитарной очистке и озеленению территорий городов и сельских населенных пунктов области Қолданыста
Басқа 0
Облыс қалаларының, ауылдық елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру, санитарлық тазалау және жасыл желектендіру айлығын өткізу туралы
"Халықтың-санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 30 желтоқсандағы № 751 Жарлығымен жарияланған "Денсаулық жылы" бағдарламасының елді мекендер аумақтарын көріктендіру және санитарлық жақсарту жөніндегі бөлігін іске асыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстың Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдері:
Тармақша 1
1) 2002 жылғы 15 сәуір 15 мамыр аралығында облыстың елді мекендері аумақтарын көріктендіру, санитарлық тазалау және жасыл желектендіру айлығын ұйымдастырсын және өткізсін;
Тармақша 2
2) меншік нысандарына қарамастан облыстың барлық кәсіпорындары, ұйымдары, мекемелері қызметшілерін, жоғары және орта арнаулы оқу орындары оқушыларын ғимараттардың, үйлердің, өндірістік ғимараттардың, қоршаулардың, парктердің, гүлзарлардың, көшелердің, тротуарлардың қасбеттерін тиісті санитарлық-техникалық талаптарға сәйкестендіру жөніндегі көпшілік жұмыстарды жүргізуге тартсын;
Тармақша 3
3) меншік нысандарына қарамастан кәсіпорындарға, ұйымдарға аумақтарды, көшелерді, алаңдарды бекітсін, осы жұмысқа жол қызметтерін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарын, жеке меншік пәтер иелері серіктестіктерін (ЖМПИ) тартсын;
Тармақша 4
4) елді мекендердің айналасындағы ретсіз төгілген қоқыс орындарын жойсын және бұдан былай қалаларга, елді мекендерге, су қоймаларына, кәсіпорындар мен ұйымдарға іргелес жатқан аумақтардың ластануына жол бермесін;
Тармақша 5
5) қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды тұрмыстық қалдықтар полигонына шығаруды іске асырсын;
Тармақша 6
6) су құбырларының, кәріз жүйелерінің ақауларын және инженерлік желілердегі авариялар зардаптарын жоюдың нақты шараларын алсын;
Тармақша 7
7) көшелерді және автожолдарды жарықтандыру жөніндегі тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізсін;
Тармақша 8
8) облыстың қалалары мен елді мекендерін жасыл желектендірудің шараларын алсын.
Тармақ 2
2. Облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аймақтық басқармасына (А. Тұрғалиев), "Мақсат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (К. Н. Жекеев), "Өтес" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (К. Ж. Қажымұқанов) облыстың қалалары мен елді мекендерін жасыл желектендіру үшін тиісті санда ағаштар мен бұта тектес өскіндермен камтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық санэпидемстанция (Ғ. Естекбаев), облыстық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқарма (А. Иманбеков), Ақтөбе облысы бойынша ішкі істер басқарма (С. А. Есімов) облыстың қалалары мен ауылдық елді мекендері аумақтарын көріктендіру, санитарлық тазалау және жасыл желектендіру айлығының жүргізілу барысын бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық газеттердің, облыстық телекомпанияның редакцияларына айлықтың өту барысын жан-жақты көрсету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Облыстың Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдері, облыстық санэпидемстанция (Ғ. Естекбаев), облыстық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқарма (А. Иманбеков) 2002 жылғы 20 мамырға дейін жүргізілген жұмыстың қорытындылары туралы облыс Әкімінің аппаратын хабардар етсш.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Қ. Есіркеповке жүктелсін.