Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов в Каракиянском районе Қолданыста
Басқа 0
Қарақия ауданында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Тармақ 2
2. Қарақия ауданында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. 3 қосымшаға сәйкес Қарақия ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күштері жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (А.Атадусов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиевке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қарақия аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Атагараев Дюсенбай Айткалиевич
13 желтоқсан 2017 жыл.
Басқа 0. Сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлар
Қарақия ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 262 қаулысына 1 қосымша
Сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлар
Басқа 8
Қарақия ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 262 қаулысына 2 қосымша
Қарақия ауданының аумағында барлық үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№
Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1
Құрық ауылы
Құрық ауылындағы қоғамдық базар жанындағы ақпараттық стенд
Қарақия теміржол станциясы елдімекеніндегі орталық алаң жанындағы ақпараттық стенд
2
Мұнайшы ауылы
Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйінің ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд
«Теміржолшы» шағын ауданындағы «Жастар» саябағы жанындағы ақпараттық стенд
3
Жетібай ауылы
«Жаңақұрылыс» шағын ауданындағы «Ынтымақ» алаңы жанындағы ақпараттық стенд
4
Сенек ауылы
Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Қашаған Күржіманұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд
5
Бостан ауылдық округі
Бостан ауылдық округінің саябақ алаңының жанындағы ақпараттық стенд
6
Құланды ауылдық округі
Құланды ауылдық округінің саябақ алаңының жанындағы ақпараттық стенд
7
Болашақ ауылдық округі
Болашақ ауылдық округінің саябақ алаңының жанындағы ақпараттық стенд
Басқа 9
Қарақия ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 262 қаулысына 3 қосымша
Қарақия ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 146 «Қарақия ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2276 болып тіркелген, 2013 жылғы 25 шілдедегі № 30 «Қарақия» газетінде жарияланған) қаулысы;
Тармақ 2
2. Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 147 «Қарақия ауданының аумағында сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негіздегі үй-жайларды беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2275 болып тіркелген, 2013 жылғы 25 шілдедегі № 30 «Қарақия» газетінде жарияланған) қаулысы;
Тармақ 3
3. Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 312 «Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі №146 «Қарақия ауданының аумағында кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3207 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы;
Тармақ 4
4. Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 313 «Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі №147 «Қарақия ауданының аумағында сайлау өткізу кезеңінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негіздегі үй-жайларды беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3208 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы.