Об утверждении Положения об участковых комиссиях Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №5562 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы №29-ө «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Учаскелік комиссиялар туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Оңтүстік Қазақстан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Д.А.Сатыбалды Ә.Е.Тұрғымбеков Б.С.Жамалов Е.Ә.Садыр Ұ.Сәдібеков Т.Қ.Сәрсембаев А.С.Сәбитов «КЕЛІСІЛДІ» Оңтүстік Казақстан облыстық мәслихатының хатшысы _______________ Қ.Балабиев 2017 жылғы «11» желтоқсанда
Басқа 9
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы «04» желтоқсандағы № 337 қаулысымен бекітілген Учаскелік комиссиялар туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Учаскелік комиссиялар туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 3-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына және «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес әзірленді және учаскелік комиссиялардың мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар: уәкілетті орган – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы. учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия. Сонымен қатар, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асырады, ал учаскелік комиссия әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізеді.
Тармақ 3
3. Учаскелік комиссиялар (бұдан әрі – Комиссиялар) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссиялар өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарымен ұйымдастырады.
Тармақ 4
4. Комиссиялар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, осы Ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссиялардың міндеттері мен функциялары
2. Комиссиялардың міндеттері мен функциялары
Тармақ 5
5. Комиссиялардың негізгі міндеті уәкілетті органға, ал ауылдық жерлерде – кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) немесе жергілікті өкілетті органдар бекітетін әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек көрсету, олардың атаулылығын арттыру жөніндегі қызметіне жәрдемдесу болып табылады.
Тармақ 6
6. Комиссияның негізгі функцияларына:
Тармақша 1
1) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға немесе Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмекті алуға өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу (бұдан әрі – тексеру);
Тармақша 2
2) қажетіне қарай атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына зерттеу жүргізу үшін қажетті жетіспейтін мәліметтерді алу үшін тиісті органдарға сұрату жіберу;
Тармақша 3
3) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға немесе Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамның (бұдан әрі – өтініш беруші) материалдық жағдайын тексеру актісін жасау;
Тармақша 4
4) ұсынылған құжаттардың және/немесе тексеру нәтижелерінің негізінде осы Бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын ескере отырып Қағидаларға сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек немесе атаулы әлеуметтік көмек берудің қажеттілігі немесе қажеттіліктің жоқтығы туралы қорытындыны дайындау жатады.
Тарау 3. 3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган, ал ауылды жерлерде – кент, ауыл, ауылдық округтың әкімі учаскелік комиссияның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар (отырыс өткізуге арналған жеке бөлме беру, нормативтік құқықтық актілермен, техникалық құралдармен қамтамасыз ету) жасайды.
Тармақ 9
9. Комиссияның құрамы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, кооперативтердің, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері, халықтың, ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құрылады. Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы бес адамнан кем болмауы тиіс.
Тармақ 10
10. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауаптылықта болады.
Тармақ 11
11. Комиссия отырысының өткізілетін күні туралы өтініш берушіні хабардар етуді, отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар даярлауды, Комиссия отырысына қажетті құжаттар, материалдар мен оны өткізгеннен кейін хаттаманы рәсімдеуді комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Өтініш беруші Комиссияның отырысына қатыса алады.
Тармақ 13
13. Комиссия: жұмыспен қамту орталығынан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер өтініш берушінің материалдық жағдайын тексерудің нәтижелері негізінде қорытынды дайындап, оны жұмыспен қамту орталығына немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді; құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, Қағидаларға сәйкес адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы немесе мұқтаждығының жоқтығы туралы қорытынды әзірлейді және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне жібереді.
Тармақ 14
14. Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болады.
Тармақ 15
15. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.
Тармақ 16
16. Комиссияның қабылдаған шешімі қорытынды түрінде ресімделеді, өтініш беруші онымен танысып, қол қояды.
Тармақ 17
17. Өтініш беруші Комиссияның қорытындысына уәкілетті органға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануына болады.