Об утверждении Инструкции по организации осуществления дорожной полицией проверок выполнения юридическими лицами требований законодательства Республики Казахстан в сфере обеспечения безопасности дорожного движения Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жол полициясының жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауын тексерудi жүзеге асыруын ұйымдастыруы жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Жол полициясының жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауын тексерудi жүзеге асыруын ұйымдастыруы жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Астана қаласы IIБ-нiң, Алматы қаласы IIББ-нiң, облыстардағы IIББ-IIБ-нiң бастықтары:
Тармақша 1
1) осы Нұсқаулықты жол полициясы бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң оқып-үйренуiн қамтамасыз етсiн және оны орындау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) осы Нұсқаулықта көзделген қызметтiк құжаттама бланкiлерiнiң әзiрленуiн қамтамасыз етсiн және олармен жол полициясы бөлiмшелерiн жабдықтасын;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 66 бұйрығымен бекiтiлген "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қызметiн барлық тексерулердiң бастапқы есепке алу құжаттарын ұсыну мен тiркеудiң тәртiбi туралы" тәртiп талаптарына сәйкес заңды тұлғалардың тексерiлуiн тiркеудi ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың және бекiтiлген Нұсқаулық талаптарының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-министрi полиция генерал-майоры И.И.Оттоға және Қазақстан Республикасы Iшкіісминінiң Жол полициясы комитетiне (Н.Т.Мырзабеков) жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 8. Жол полициясының жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауын тексерудi жүзеге асыруын ұйымдастыруы жөнiндегi НҰСҚАУЛЫҚ
Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң 2002 жылғы 26 ақпандағы N 130 бұйрығымен бекiтiлген Жол полициясының жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауын тексерудi жүзеге асыруын ұйымдастыруы жөнiндегi НҰСҚАУЛЫҚ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық көлік құралдарын пайдаланумен байланысты қызметтi жүзеге асыру кезiнде жол полициясының заңды тұлғалардың "Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын , жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердің талаптарын орындауын тексерудi (бұдан әрi - заңды тұлғаларды тексеру) ұйымдастыруын айқындайды.
Тармақ 2
2. Жол полициясының заңды тұлғаларды тексерумен байланысты қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясына , Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнің және Үкiметiнің кесiмдерiне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерiне және осы Нұсқаулыққа негiзделедi.
Тармақ 3
3. Жол полициясының бөлiмшелерi заңды тұлғаларды тексерудің мынадай түрлерiн жүргiзуi мүмкiн:
Тармақша 1
1) жоспарлы;
Тармақша 2
2) жоспардан тыс - жол-көлiк оқиғаларының фактiлерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен қозғалған қылмыстық iстердi тергеуге байланысты, заңнамамен белгiленген тәртiппен жол-көлiк оқиғаларының фактiлерi бойынша iшкi iстер органдарының тергеушiлерi мен анықтаушылары тағайындайды.
Тармақ 4
4. Заңды тұлғаларды жоспарлы тексерудің кезеңдiлiгi олардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарай белгiленедi:
Тармақша 1
1) қызметтің лицензияланбайтын түрлерiн жүзеге асыратын, саны 10 адамға дейiнгi кiшi кәсiпкерлiк субъектiлерi (толық серiктестiк, коммандиттiк серiктестiк, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк, өндiрiстiк кооператив) үш жылда бiр рет тексерiледi.
Тармақша 2
2) осы тармақтың 1-тармақшасында көрсетiлген заңды тұлғаларды қоспағандағы кәсiпкерлiк субъектiлерi жылына бiр рет тексерiледi. Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 548 бұйрығымен .
Тармақ 5
5. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағындағы 1) және 2) тармақшаларда көрсетiлген заңды тұлғаларды жоспарлы тексеру заңнамамен белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының органдарында (бұдан әрi - ҚСжАО органдары) тiркеуге жатады.
Тармақ 6
6. Заңды тұлғаны бiр тексерудің мерзiмi оның басталуынан аяқталуына дейiн 10 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.
Тарау 2. 2. Заңды тұлғаларды тексерудi ұйымдастыру
2. Заңды тұлғаларды тексерудi ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Тексерудi ұйымдастыру үшiн жол полициясы бөлiмшесiнің басшысы тексеру актiсiн (1-қосымша) шығарады және осы Нұсқаулықтың 5-тармағында көрсетiлген жағдайларда кейiннен ҚСжАО органдарында тiркеу арқылы заңнамамен белгiленген үлгiдегi есепке алу карточкасы толтырылады.
Тармақ 8
8. Жол полициясы заңды тұлғалардың мынадай мiндеттердi орындауын:
Тармақша 1
1) жол қозғалысы процесiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн талаптарға сәйкес жүргізушілердің жұмысын ұйымдастыруды;
Тармақша 2
2) жүргiзушілердiң белгiленген еңбек және демалыс режимiн сақтауды;
Тармақша 3
3) жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн автомобиль және жерде жүретiн Қалалық электр көлiгi жүргізушілерi мен басқа да қызметкерлердің бiлiктiлiгiн арттыру үшiн жағдайлар жасауды;
Тармақша 4
4) жол-көлiк оқиғаларының себептерiне және Жол қозғалысы ережелерiн бұзушылыққа талдау жасау мен оларды жоюды;
Тармақша 5
5) көлiк құралдарының техникалық жағдайына және олардың жарамды күйде пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етудi;
Тармақша 6
6) жүргiзушiлердi рейс алдында және кезеңдi медициналық тексерiп отыруды қамтамасыз етудi;
Тармақша 7
7) жүргiзушiлердің ЖКО-дан зардап шеккендерге дәрiгерге дейiнгi көмек көрсету дағдыларын жетiлдiру жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыруды тексередi.
Тармақ 9
9. Көлiк құралдарының техникалық жағдайының талаптары жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға, өзге де нормативтiк кесiмдерге, ережелер мен стандарттарға сәйкес қойылады. Көлiк құралдарының техникалық жағдайын тексеру техникалық бақылаудың жылжымалы пункттерiн пайдалану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 10
10. Көлiк құралдарының техникалық жағдайын тексеру нәтижелерi жол полициясының уәкiлеттi қызметкерi және заңды тұлғаның өкiлi қол қоятын тексеру актiсiне (1-қосымша) енгiзiледi. Акттің көшiрмесi заңды тұлғаға берiледi.
Тармақ 11
11. Жол қозғалысының қауiпсiздiгін қамтамасыз ету жөнiндегi заңнама талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайларда жол полициясы тәртiп бұзушылықтарды және оларды жою үшiн қажеттi шараларды көрсете отырып, орындауға мiндеттi жазбаша өкiм (2-қосымша) бередi.
Тармақ 12
12. Жазбаша өкiмдi орындауды тексеру заңды тұлғаны тексеру басталғаннан кейiн 10 күндiк мерзiмде жүзеге асырылуы тиiс. Жазбаша өкiмнің орындалуын тексеру туралы мәлiметтер тексеру актiсiнде көрсетiледi.
Тармақ 13
13. Әрбiр заңды тұлғаға қатысты заңды тұлғаны тексеру актiлерi, жазбаша өкiмдердің көшiрмелерi, көлiк құралдарының бар-жоғы және олардың техникалық жағдайы туралы, жол қозғалысы қауiпсiздiгiнің талаптарын орындау бойынша жүргiзiлетiн iс-шаралар туралы және т.с.с. қажеттi мәлiметтер тiгiлетiн бақылау iстерi жүргiзiледi.
Тарау 3. 3. Жол полициясы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды тексерудi бақылау
3. Жол полициясы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды тексерудi бақылау
Тармақ 14
14. Жол полициясы бөлiмшелерiнің заңды тұлғаларды тексерумен байланысты қызметiн iшкi iстер органдары жол полициясының жоғары тұрған органдары бақылайды.
Тармақ 15
15. Бақылау жол полициясы бөлiмшелерiн тексеру арқылы жүзеге асырылады. Бақылау барысында заңды тұлғаларды тексеру кезiнде заңдылықты сақтау, тексерудi осы Нұсқаулықтың талаптарына сай ұйымдастыру, заңды тұлғаларды тексеру туралы шынайы мәлiметтер көрсетiле отырып, есептер ұсыну мәселелерi белгіленедi.
Басқа 1. Заңды тұлғалардың жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауын тексерудің N _________АКТIСI
Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң 2002 жылғы 26 ақпандағы N 130 бұйрығымен бекiтiлген Нұсқаулыққа 1-қосымша __________________ тiркеу N (күнi, айы, жылы) _________________________прокуратурасының ҚСАО (ауданның, қаланың атауы) Заңды тұлғалардың жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауын тексерудің N _________АКТIСI "Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  және "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң  Заң  күші бар Жарлығының талаптарын басшылыққа ала отырып,_________ бастап____________ дейiн ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы, оның ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, заңды _____________________________тексеру жүргiзудi белгiлеймiн. мекен-жайы) ____________________________________________________________________ (жол полициясы бөлімшесi басшысының лауазымы, атағы, Т.А.Ә., қолы) Мен,________________________________________________________________ (тексеру уәкiлеттiгi берілген жол полициясы қызметкерiнiң лауазымы, ____________________________________________________________________ атағы, Т.А.Ә.,) заңды тұлғаны тексеру барысында мыналарды анықтадым:
Тармақша 1
1) жол қозғалысы процесiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн талаптарға сәйкес жүргiзушiлердің жұмысын ұйымдастыру_______________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Тармақша 2
2) жүргiзушiлердiң белгiленген еңбек және демалыс режимін сақтау______________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Тармақша 3
3) жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн автомобиль және жерде жүретiн қалалық электр көлігі жүргiзушiлерi мен басқа да қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру үшiн жағдайлар жасау___________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Тармақша 4
4) жол-көлiк оқиғаларының себептерiне және Жол қозғалысы ережелерiн бұзушылыққа талдау жасау мен оларды жою__________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Тармақша 5
5) көлiк құралдарының техникалық жағдайына және олардың жарамды күйде пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз ету_________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Тармақша 6
6) жүргiзушiлердi рейс алдында және кезеңдi медициналық тексерiп отыруды қамтамасыз  ету____________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Тармақша 7
7) жүргiзушiлердiң ЖКО-дан зардап шеккендерге дәрiгерге дейiнгi көмек көрсету дағдыларын жетілдіру жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыру_________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Тармақша 8
8) заңды тұлғаның балансында тұрған көлiк құралдарының_________ бiрлiгiнiң техникалық жағдайы тексерілді, оның ішінде: ____________________________________________________________________ N КҚ типi Моделi  Мемлекеттiк  Шығарылған  Техникалық жағдайының ЖҚҚ нөмiрлiк     жылы        саласындағы заңнама белгiсi                  талаптарына сәйкестiгi немесе сәйкес еместігі көрсетіле отырып, техникалық жағдайын тексерудің нәтижелерi туралы қорытынды, себептері ____________________________________________________________________ 1     2     3        4            5                   6 ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Тексеру нәтижелерi бойынша_______ көлiк құралы ақаусыз деп танылды, (саны) ал______көлiк құралы ақауы бар деп танылды. (саны) "Таныстым"__________________________________________________________ (тексерiлген ұйым басшысының лауазымы, Т.А.Ә., қолы) М.О. Тексеру нәтижелерi бойынша қорытынды:_______________________________ (заңды тұлғаға Жазбаша өкiмнiң берiлгендiгi туралы, Жазбаша өкiмнiң орындалуын тексеру туралы, көлiк құралдарының техникалық жағдайына және оларды пайдалануға жауапты лауазымды адамдарды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы және т.б.) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (тексеру уәкiлеттiгi берiлген жол полициясы ____________________________________________________________________ қызметкерiнiң лауазымы, атағы, Т.А.Ә.,)
Басқа 2. Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі заңнама талаптарын бұзушылықты жою туралы ЖАЗБАША ӨКІМ
Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң 2002 жылғы 26 ақпандағы N 130 бұйрығымен бекiтiлген Нұсқаулыққа 2-қосымша Жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі заңнама талаптарын бұзушылықты жою туралы ЖАЗБАША ӨКІМ _____________________________________ тексеру барысында мынадай жол (заңды тұлғаның атауы) қозғалысын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзушылықтар анықталды __________________________________________________________ (заңнама талаптарын орындамау фактілері жазылады) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________  ____________________________________________________________________ "Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасы  Заңы мен "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің  Заң  күші бар Жарлығы талаптарының негізінде______________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Осы Жазбаша өкім міндетті түрде орындалуы керек. Қабылданған шаралар туралы 200__ ж. "___" ____________дейін. хабарлауыңызды сұраймын. ____________________________________________________________________ (жол полициясының уәкілетті қызметкерінің лауазымы, атағы, Т.А.Ә.қолы) М.О.                              200__ ж. "___" ____________ Жазбаша өкімді алдым: ____________________________________________________________________ (ұйым басшысының лауазымы, Т.А.Ә., қолы) 200__ ж. "___" ____________