Об утверждении Правил легализации документов Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 62-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Құжаттарды заңдастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы Бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың заңнамада көрсетілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқықтық сараптама басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Құжаттарды заңдастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығына 1-қосымша Құжаттарды заңдастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Құжаттарды заңдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 62-тармағына сәйкес әзірленді және құжаттарды заңдастыру тәртібін белгілейді.
Тармақ 1-1
1-1. Осы Қағидалар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 – бабына сәйкес «Құжаттарды заңдастыру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Құжаттарды заңдастыру құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатында лауазымды адамның қойған қолы мен құжаттардағы мөрдің төлнұсқалығын белгілеу және куәландыру болып табылады.
Тармақ 3
3. Құжаттарды заңдастыруды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті (бұдан әрі – Консулдық қызмет департаменті);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде – Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – шетелдегі мекемелері)жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Заңдастыру бойынша функциялар:
Тармақша 1
1) Консулдық қызмет департаментiнде дипломатиялық қызметтің уәкілетті қызметкерлеріне (бұдан әрi – уәкілетті қызметкер);
Тармақша 2
2) шетелдегі мекемелерде - консулдық лауазымды адамдарға (бұдан әрі – консул) жүктеледі.
Тармақ 5
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының заңдарынан басымдығы болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады. 6-1 Заңдастыруға жатпайтын құжаттар:
Тармақша 1
1) уәкілетті тұлғаның қолы мен мөрі жоқ құжаттар;
Тармақша 2
2) уәкілетті тұлғаның қолы мен мөрі бастапқы құжатында қойылмаған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері мен аудармалары;
Тармақша 3
3) электрондық құжаттар;
Тармақша 4
4) туу туралы куәліктен басқа, жеке басты куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары.
Тарау 2. 2-тарау. Құжаттарды заңдастыру тәртібі
2-тарау. Құжаттарды заңдастыру тәртібі
Тармақ 7
7. Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) құжаттарды заңдастыру үшін Консулдық қызмет департаментіне немесе шет елдегі мекемеге еркін нысанда жасалған өтінішке қоса осы Қағидалардың 1-қосымшасында көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды береді: Cондай-ақ, еркін нысанда жасалған өтініште көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректеріне қол жеткізуге келісімі де беріледі. Заңдастыруға құжаттардың тұпнұсқалары, сондай-ақ олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері қабылданады. Шетелдік ұйымдар мен мекемелер берген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуы және оларды аудармашы немесе аударма қызметтерін көрсететін ұйым куәландыруы тиіс. Қазақстан Республикасының нотариустары куәландырған және Қазақстан Республикасының тысқары жерлерде әрекет жасауға арналған құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 тіркелді) бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереженің 10-тарауында бекітілген талаптарға сәйкес болуы тиіс. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасында қамтылған.
Тармақ 8
8. Өтініш беруші Консулдық қызмет департаментіне немесе шетелдегі мекемеге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.
Тармақ 9
9. Құжаттарды заңдастыру өтініш берілген күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады, ал қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, мерзім күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге дейін ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 10
10. Консулдық қызмет департаменті:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ұсынылатын құжаттарды куәландыру бойынша әрекеттерді жасауға Қазақстан Республикасының уәкілеттіұйымдары мен мекемелерiнің, нотариустардың және тұлғалардың шығыс құжаттарын;
Тармақша 2
2) егер олар құжат шыққан шет мемлекеттің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесiнде олар алдын ала заңдастырылған болса,шетелдiк ұйымдар мен мекемелердің шығыс құжаттарын;
Тармақша 3
3) егер олар құжат шыққан шет мемлекеттің Қазақстан Республикасында аккредиттелген және қоса атқаруы бойынша өкілдікті Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесiнде алдын ала заңдастырылған болса, шетелдiк ұйымдар мен мекемелердің шығыс құжаттарын заңдастырады.
Тармақ 11
11. Консулдық қызмет департаменті құжаттарды заңдастыруды жүзеге асыру үшін:
Тармақша 1
1) құжаттарды куәландыру бойынша әрекеттерді жасауға Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғалары мен нотариустардың;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелерде құжаттарды заңдастыруға уәкілетті лауазымды тұлғалардың қолтаңбалары мен мөрлердiң үлгiлерiн пайдаланады. Тиісті қолтаңба және мөр үлгілері болмаған жағдайда Консулдық қызмет департаменті құзыретті органға сұраныс жолдайды.
Тармақ 12
12. Заңдастыруға ұсынылған құжаттың осы Қағидаларға сәйкестігіне көз жеткiзген уәкілетті қызметкер осы Қағидалардың 2 қосымшасына сәйкес құжаттың өзіне Консулдық қызмет департаментінің заңдастыру жазбасын қою арқылы құжатты заңдастырады.
Тармақ 13
13. Консул заңдастыруға:
Тармақша 1
1) егер олар алдын ала болатын елінің заңнамасына сәйкес заңдастырылған болса,болатын мемлекеттің билеушілерінің;
Тармақша 2
2) егер олар болатын елінде аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде немесе консулдық мекемесінде заңдастырылған болса, шетелдік ұйымдар мен мекемелердің;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының ұйымдары мен мекемелерiнің және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ұсынылуға арналған шығыс құжаттарын қабылдайды.
Тармақ 14
14. Құжаттарды заңдастыруды жүзеге асыру үшін консул:
Тармақша 1
1) болатын мемлекетінің ұйымдары мен мекемелерінің шығыс құжаттарын заңдастыруға болатын мемлекетінің биліктегі уәкілетті лауазымды тұлғаларының;
Тармақша 2
2) болатын мемлекетінде аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің және консулдық мекемелерінің заңдастыруға уәкілетті лауазымды тұлғаларының қолтаңбалары мен мөр үлгілерін пайдаланады. Тиісті қолтаңба және мөр үлгілері болмаған жағдайда шет елдегі мекеме құзыретті органға сұраныс жолдайды.
Тармақ 15
15. Жекелеген азаматтардан, ұйымдардан және мекемелерден Қазақстан Республикасының аумағында әзiрленген, бiрақ Консулдық қызмет департаментiнде заңдастырылмаған құжаттар келiп түскен кезде консул құжаттардағы қолтаңба мен мөрдің төлнұсқалығын анықтау мақсатында мұндай құжаттарды Консулдық қызмет департаментіне жiбереді. Оң жауап алынған жағдайда, консул аталған құжаттарды осы Қағидалармен көзделген тәртiпте заңдастырады.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республикасынан құжат сұрату тәртiбi бойынша Қазақстан Республикасында әзiрленген, бiрақ Консулдық қызмет департаментiнде заңдастырылмаған құжаттар консулға келiп түскен жағдайларда және егер болатын мемлекеттiң заңнамасы бойынша мұндай құжаттарды заңдастыру талап етілсе, консул оларды заңдастырады.
Тармақ 17
17. Заңдастыруға ұсынылған құжаттың осы Қағидаларға сәйкестігіне көз жеткiзген консул осы Қағидалардың 3 қосымшасына сәйкес құжаттың өзіне шетелдегі мекеменің заңдастыру жазбасын қою арқылы құжатты заңдастырады.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 18-1
18-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негізі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға екі күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша позициясын білдіруіне мүмкіндік беру үшін өткізілетін тыңдаудың уақыты, күні мен орны туралы хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжатты заңдастырады немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Тармақ 19
19. Заңдастыру жазбасы құжатқа, ал құжатта орын болмаған жағдайларда, ол жазба қоса тiркелетiн, заңдастыруды жасаған адамның мөрi мен қолы қойылған жеке парақта жасалады. Заңдастыру жазбасын мастикалы мөртабанмен жасауға рұқсат етіледі.
Тармақ 20
20. Консулдық қызмет департаменті және шетелдегі мекемелер осы Қағидалардың 4 қосымшасына сәйкес заңдастырудан өткен құжаттарды есепке алу бойынша тізілімді жүргiзедi.
Тармақ 21
21. Уәкілетті қызметкер және консул мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 21-1
21-1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы Қағидаларға өзгерістер енгізілген және (немесе) толықтырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жаңартып, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне және Бірыңғай байланыс-орталығына жолдайды.
Тармақ 22
22. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымның қаралуын жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды шағым қарайтын органға жібермеуге құқылы. Көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағым «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті алушыдан шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жүгінуге жол беріледі.
Басқа 1. «Құжаттарды заңдастыру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Құжаттарды заңдастыру қағидаларына қосымша 1 «Құжаттарды заңдастыру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). 2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. 3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 1) жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – үш жұмыс күн ішінде, ал қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, мерзім күнтізбелік отыз күнге ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мерзімнін ұзартылғаны туралы жазбаша түрде хабарлайды; 4 Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Қағаз түрінде. 5 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Тапсырылған құжаттарды заңдастыру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ба­ры­сын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі, және оны Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Са­лық ко­дек­сіне және «Шет мем­ле­кет­тің ау­ма­ғын­да кон­сул­дық іс-әре­кет­тер жа­са­ға­ны үшін кон­сул­дық алым мөл­шер­ле­ме­ле­рін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Сырт­қы іс­тер ми­ни­стрі­нің 2019 жы­л­ғы 20 ма­мыр­да­ғы № 11-1-4/227 бұй­ры­ғы­на сәй­кес кон­сул­дық алым мөл­шер­ле­ме­ле­рі бой­ын­ша ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 18702 бо­лып тір­кел­ген). Кон­сул­дық алым­ды тө­леу қол­ма-қол ақ­ша­лай неме­се қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер неме­се банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Кон­сул­дық алым­ды тө­ле­уден боса­ту шар­ты Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Са­лық ко­дек­сіне сәй­кес рет­те­ле­ді. 7 Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 09:00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде мемлекеттік қызметті берушінің құжаттарды қабылдау сағаты 09:30-дан 12:30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағаты 16:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн. Климаты ыстық және ылғалды шет мемлекеттерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің жұмыс кестесі жергілікті жағдайларға қатысты белгіленеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы арқылы кезекті брондауға болады. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі Жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) құжаттарды заңдастыру үшін Консулдық қызмет департаментіне немесе шет елдегі мекемеге еркін нысанда жасалған өтінішке қоса келесі құжаттарды (мәліметтерді) береді: 1. Жеке тұлға үшін: 1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 2) заңдастыруға жататын құжат; 3) консулдық алым төленгенін растайтын құжат; 4) өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) (құжаттарды заңды өкіл немесе құжат иесінің атынан сенімхат бойынша уәкілетті адам берген кезде). 2. Заңды тұлға үшін: 1) өкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 2) заңдастыруға жататын құжат; 3) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы; 4) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйесінен мәліметтер не заңды тұлғаның құқық қабілеттілігін растайтын өзге де құжат (шетелдіктер үшін); 5) өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы) (құжаттарды заңды өкіл немесе құжат иесінің атынан сенімхат бойынша уәкілетті адам берген кезде). Сондай-ақ, еркін нысанда жасалған өтініште көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректеріне қол жеткізуге келісімі де беріледі. Заңдастыруға құжаттардың тұпнұсқалары, сондай-ақ олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері қабылданады. Шетелдік ұйымдар мен мекемелер берген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуы және аудармашымен немесе аударма қызметтерін көрсететін ұйыммен куәландырылуы тиіс. Қазақстан Республикасының нотариустары куәландырған және Қазақстан Республикасының тысқары жерлерде әрекет жасауға арналған құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 тіркелді) бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереженің 10-тарауында бекітілген талаптарға сәйкес болуы тиіс. 9 Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауы. 10 Мемлекеттік қызмет, оның ішінде электрондық нұсқада және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекетік қызметі көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.mfa.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі – 1414, 8 800 080 7777.
Басқа 1.1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Консулдық қызмет департаментiнің заңдастыру жазуы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығымен бекітілген «Құжаттарды заңдастыру қағидаларына № 2 қосымша Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Консулдық қызмет департаментiнің заңдастыру жазуы Осы құжат Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінде заңдастырылды. This document is legalized in the Department of Consular Service of the Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan. 20___ жылғы «___» ___________, № _____________ Лауазымды қызметкер/Official ______________________ Лауазымды қызметкер құжатта баяндалған фактілерді растамайды. Official does not confirm the facts stated in the document.
Басқа 1.2. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің заңдастыру жазуы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығымен бекітілген «Құжаттарды заңдастыру қағидаларына № 3 қосымша Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің заңдастыру жазуы Осы құжат ________________________ заңдастырылды. (Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесінің атауы) This document is legalized in _______________________. (name of the embassy/ consulate general/consulate of the Republic of Kazakhstan) 20___ жылғы «___» ______________, № _____________ Консулдық лауазымды тұлға/consular officer ____________________ Консулдық лауазымды тұлға құжатта баяндалған фактілерді растамайды. Consular officer does not confirm the facts stated in the document.
Басқа 1.3. Заңдастырудан өткен құжаттарды есепке алу жөніндегі тізілім
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығымен бекітілген «Құжаттарды заңдастыру қағидаларына № 4 қосымша Заңдастырудан өткен құжаттарды есепке алу жөніндегі тізілім р/с № Заң­да­сты­ру кү­ні Құ­жат­тар­дың ата­уы, кім­нің аты­на, кім және қа­шан бер­ді, бе­рі­л­ген кү­ні және нө­мі­рі Өті­ніш бе­ру­ші­нің аты-жө­ні, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да) Өті­ніш бе­ру­ші­нің төл­құ­жа­ты, кім және қа­шан бер­ді Кон­сул­дық алым­ның со­ма­сы Тү­бір­тек­тің № Өті­ніш бе­ру­ші­нің қо­лы Уәкі­лет­ті қыз­мет­кер/кон­сул
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Консулдық заңдастыру Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1350 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2001 жылы, № 2.).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің «Консулдық заңдастыру Ережелерін бекіту туралы» 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі № 08-1/262 бұйрығы (ҚР Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4418 болып тіркелген, 2006 жылғы 11 қарашадағы № 46 (307) «Заң газет» газетінде жарияланған).
Тармақ 3
3. «Консулдық заңдастыру Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 08-1-1-1/613 бұйрығы (ҚР Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9068 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 ақпандағы № 35 (28259) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің «Консулдық заңдастыру Ережелерін бекіту туралы» 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 17 қазандағы № 08-1-1-1/463 бұйрығы (ҚР Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9875 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Тармақ 5
5. «Консулдық заңдастыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 11-1-2/348 бұйрығы (ҚР Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12087 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 қазаңда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Тармақ 6
6. «Консулдық заңдастыру Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 11-1-2/567 бұйрығы (ҚР Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімде № 12836 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).