Об утверждении Положения об участковых комиссиях по оказанию государственной адресной социальной помощи Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссия туралы Ережені бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыс әкімінің 2006 жылғы 23 қаңтардағы № 1 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын орындау үшін, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссия туралы Ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссия туралы Ереже келісімге облыстық мәслихатқа енгізілсін.
Тармақ 3
3. Петропавл, Булаев, Мамлют, Тайынша қалаларының, селолық округтер әкімдері бір айлық мерзімде учаскелік комиссияларды мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қолданылып жүрген заңдарға сәйкестендірсін.
Аудандар әкімдері аталмыш комиссияның құрылуын және олардың тиімді жұмыс істеуін бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ф.Ф.Сутуловқа жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімінің
2002 жылғы 4 ақпандағы
№ 1 шешімімен бекітілді
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі
учаскелік комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссия (бұдан әрі учаскелік комиссия) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік (селолық округтің, қаланың) аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалық орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Учаскелік комиссия өз қызметінде "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246-11 Заңын, ҚР Үкіметінің 24.12.2001 жылғы №1685 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу Ережесін" (бұдан әрі Ереже), осы Ережені басшылыққа алады және өз жұмысын ашықтық, жариялылық және алқалық негізінде құрады.
Тармақ 3
3. Құрамында төраға, хатшысы және комиссия мүшелері бар учаскелік комиссия тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі шешімімен құрылады. Петропавл қаласында комиссия қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы жанындағы қала әкімі шешімімен құрылады.
Учаскелік комиссия жұмысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі басқарады, ал Петропавл қаласында - уәкілетті орган. Комиссия құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, арыз берушілердің немесе олардың от басының материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеріс жүргізеді, атаулы әлеуметтік көмек беру қажеттілігі туралы қорытынды дайындайды, және селолық округ әкімімен келісуден кейін құжаттар пакетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін уәкілетті орган - еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау аудандық бөліміне жібереді.
Тармақ 4
4. Учаскелік комиссия құрамына жергілікті өкілдік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоамдық бірлестіктердің, меншік иелері үй-жайларының (пәтерінің) кооперативтерінің, халықтың, ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өкілдері енгізіледі. Сонымен қатар комиссия құрамына селолық округ құрамына кіретін әрбір халықтық пункттер өкілдері кіру тиіс. Селолыө округ әкімдері комиссия мүшелерін олардың міндеттері, құқықтары және жауапкершіліктерімен таныстырады.
Учаскелік комиссия хатшысының міндеттері селолық округ әкімінің бұйрығымен 2002 жылғы 2 қаңтардан уәкілетті орган келісімі бойынша шарттық негізде қабылданған селолық округтер әкімдерінің аппараты жанындағы жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелерімен айналысатын қызметкерге жүктеледі. <*>
📌 Ескерту.
4-тармаққа
өзгерістер енгізілді - СҚО әкімінің 2003 жылғы 25 наурыздағы № 13 шешімімен.
Тармақ 5
5. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі отбасының материалдық- тұрмыстық тексеру актілерінде ұсынылған дерексіз фактілер белгіленген жағдайда немесе басқа да өз өкілеттілігін асырған комиссия мүшелерінің өз өкілеттігін асырған жағдайда, ондай актіні бұзуға құқылы және осы бұзушылыққа кінәлілерді комиссия құрамынан шығаруға құқылы.
Тармақ 6
6. Учаскелік комиссия қызметін бақылауды тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Учаскелік комиссияның құқықтық мәртебесі, мақсаты және міндеттері
2. Учаскелік комиссияның құқықтық мәртебесі, мақсаты және міндеттері
Тармақ 7
7. Учаскелік комиссиялар уәкілетті органдар мен тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдеріне қаржының атаулығын және қаржыны барынша мұқтаж отбасыларға мақсатты бағыттау үшін тіршілік деңгейі мемлекетпен белгіленген кедейлік шегінен төмен азаматтарды анықтау жолымен атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызметтерге жәрдемдеседі.
Тармақ 8
8. Учаскелік комиссиялар өз қызметін түскен арызға сәйкес жеке куәлігі және әлеуметтік жеке код (ӘЖК) берілгені туралы куәлігі ұсынылған жағдайда атаулы әлеуметтік көмек алуға және тексеру актісін өткізуге келісім берген талапкерлердің нақтылы материалдық жағдайын тексеру жолымен жүзеге асырады. Комиссиямен 1 қосымшаға сәйкес қорытынды шығарылады. <*>
📌 Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 40 шешімімен.
Тармақ 9
9. Даулы жағдайда (отбасы құрамы, материалдық жағдайы өзгергенде, жасырын кіріс болғанда, әлеуметтік көмекті мақсатсыз пайдаланған жағдайда және басқа жағдайда) учаскелік комиссиялар уәкілетті орган немесе әкімшілік-аумақтық бірлік әкімі тапсырмасы бойынша бес күн мерзімінде (құжат-пакеті толық болған кезде) көмекке арыз берген тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына қосымша тексеру жүргізеді, қорытындылар әзірлейді, оларды уәкілетті органға (кент, ауыл (село) әкіміне) табыс етеді.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган, селолық округ әкімі, меншікті пәтер, тұрмыстық- эксплуатациялық мекемелер кооперативі, аймаєтық үй басқармасы, "Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы" РМК, облыстық жер комитетінің аудан (қала) филиалдары, АХАЖ органдары және меншіктің барлық түрлеріндегі шаруашылық субъектілерінің басшылары ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 24 қаңтардағы №1685 қаулысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін тиісті анықтамаларды ақысыз бекітуді және беруді заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етеді. <*>
📌 Ескерту.
10-тармаққа
өзгеріс енгізілді - СҚО Әкімінің 2003 жылғы 25 наурыздағы № 13 шешімімен.
Тармақ 11
11. Учаскелік комиссиялар ұсынылған құжаттарды растау үшін тиісті органдардан қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы.
Тармақ 12
12. Учаскелік комиссия тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әлеуметтік әлсіз жіктері қатарынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға талапкер азаматтардың мәліметтер банкін қалыптастыруға қатысуды қамтамасыз етеді. <*>
📌 Ескерту.
12-тармаққа
өзгеріс енгізілді - СҚО әкімінің 2003 жылғы 25 наурыздағы № 13 шешімімен.
Тармақ 13
13. Учаскелік комиссия мүшелері атаулы әлеуметтік көмек сұраған адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайын тексеру актісінде мазмұндалған мәліметтердің дұрыстығы үшін жауап береді.
Тармақ 14
14. Учаскелік комиссия қорытындысына арызданушы уәкілетті органда не болмаса сотта шағымдана алады.
Тарау 3. 3. Учаскелік комиссиялар жұмысын ұйымдастыру және қызметін қамтамасыз ету
3. Учаскелік комиссиялар жұмысын ұйымдастыру және қызметін қамтамасыз ету
Тармақ 15
15. Учаскелік комиссиялар қызметінің негізгі нысаны мәжіліс, онда көпшілік дауыспен сәйкес қорытынды шығарылады.
Учаскелік комиссия мәжілісі хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 16
16. Егер онда учаскелік комиссия мүшелерінің 2/3 қатысса, учаскелік комиссия мәжілісі заңды болады.
"Қарсы" және "қарсы еместер" саны тең болған жағдайда, учаскелік комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Оның шешімімен келіспеген учаскелік комиссия мүшесі ерекше пікір айтуға хақылы және ол мәжіліс хаттамасында жазбаша түрде мазмұндалады.
Тармақ 17
17. Учаскелік комиссиялар өзінің мәжілісін жұма сайын өткізеді, ол туралы арызданушыларды алдын-ала хабарлайды.
Тармақ 18
18. Арызданушы мен оның отбасының материалдық жағдайын тексеру отбасы мүшелерінің үлкен біреуі қатысқан жағдайда, қолданылып жүрген заңдылықтар белгілеген мерзімде жүргізілуі тиіс.
Арызданушы тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда учаскелік комиссия акт жасайды, ол акті бойынша қолданып жүрген заңдылықтарға сәйкес ол акті бойынша азамат атаулы көмек тағайындау құқығын жояды.
Тармақ 19
19. Арызданушының және оның отбасының материалдық жағдайын тексеру азаматтардың жеке өміріне сыйлауды қадағалауда, олардың адамдық қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекет болмайтын жағдайда жүргізілуі тиіс.
Комиссия мүшелері арызданушы мен оның отбасы мүшелері туралы, оларға мәлімет болған құпия мағлұматтарды таратқаны үшін Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгілеген тәртіпте жауапты болады.
Тармақ 20
20. Тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру нәтижесі бойынша учаскелік комиссия материалдық-тұрмыстық жағдай актісін құрайды және ол сол отбасының барлық мүшелерімен және арызданушымен қол қойылады.
Учаскелік комиссияның арызданушының атаулы әлеуметтік көмекте мұқтаждығы туралы оның мәжілісінде қабылданған қорытындысы барлық қоса берілген құжаттармен селолық әкім келісімінен кейін уәкілетті органға жіберіледі.
Тармақ 21
21. Уәкілетті орган құжаттарды арызданушыдан немесе кент, ауыл (село) әкімінен қабылдаған күннен бастап он күн ішінде оны қарастырады және атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады, бас тартқан жағдайда - оның себебін көрсете отырып, ол туралы арызданушыны жазбаша түрде хабарландырады. <*>
📌 Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - СҚО әкімінің 2003 жылғы 25 наурыздағы № 13 шешімімен.