Вопросы отдельных государственных учреждений, подведомственных Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы жекелеген мемлекеттік мекемелердің мәселелері Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Республикалық малдәрігерлік зертхана" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Жануарлар мен құстардың айрықша қатерлі аурулары жөніндегі Оңтүстік-Шығыс аймақтық мамандандырылған малдәрігерлік зертхана" мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта құрылсын.
Тармақ 2
2. Мекемені қаржыландыру 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Республикалық ветеринариялық зертхананы ұстауға әрі материалдық-техникалық жарақтандыруға көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдасын.
Тармақ 4
4. 📌 Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604 қаулысымен .
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.