О мерах по реализации Закона Республики Казахстан "Об охранной деятельности" Күшін жойған
Басқа 0
"Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.11.2024 № 971 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.03.2022 № 101 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 751 (2012.01.22 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Тармақ 3
3. Жеке күзет ұйымының қызметкерлері санының мынадай нормативтері:
Тармақша 1
1) стационарлық объектілерді күзету кезінде:
бір тәуліктік күзет постына 4,5 күзетшісі аспайтын штат бірліктен;
он екі сағаттық бір күзет постына 2,25-тен аспайтын штат күзет бірлігі;
сегіз сағаттық бір күзет постына 1,5-тен аспайтын штат күзет бірлігі;
күзетілетін объектілерден түсетін шақыруларға қызмет көрсететін жеке күзет ұйымының бір тәуліктік ұтқыр тобына (жедел ден қою тобына) 13,5-тен аспайтын штат күзет бірлігі;
Тармақша 2
2) магистральдық құбырларды күзету кезінде:
айланып өтетін жолдарды, жер бедерінің күрделілігін, трасса жолының бойын, елді мекендерден алыстықты, желілік бөлігін техникалық құралдармен қорғауды, ауданға төнетін қауіп пен криминалдық қауіп-қатерді талдауды ескере отырып, магистральдық мұнай құбырының желілік бөлігінің 40 - 80 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ;
күзетілетін магистральді газ құбырының желілік бөлігі трассасының 100 - 160 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ бекітілсін;
Тармақша 3
3) темір жол және автомобиль көлігімен тасымалданатын жүктерді күзету кезінде күзетшілердің саны стационарлық объектілерді күзету үшін орнатылған нормативтер шегінде шарт талаптарымен белгіленеді.
📌 Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.10.13 N 1589 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен, өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 751 (2012.01.22 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Тармақ 4
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Күзет қызметі субъектілері жұмыскерлерінің пайдалануына арналған арнаулы құралдардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 5 сәуірдегі
№ 407 қаулысымен
бекітілген
Күзет қызметі субъектілері жұмыскерлерінің пайдалануына арналған арнаулы құралдардың тізбесі
📌 Ескерту. Тізбенің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.03.2022 № 101 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Басқа 1. Күзетші құжатының нысаны мен үлгісі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 5 сәуiрдегi
N 407 қаулысымен
бекiтiлген
Күзетші құжатының нысаны мен үлгісі
📌 Ескерту. Нысан мен үлгі алып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Басқа 2. Жеке күзет ұйымдарының басшыларын және күзетшілерін мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлау мазмұны, бағдарламасы және біліктілік талаптары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 5 сәуірдегі
N 407 қаулысымен
бекітілген
Жеке күзет ұйымдарының басшыларын және күзетшілерін мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлау мазмұны, бағдарламасы және біліктілік талаптары
📌 Ескерту. Біліктілік талаптары алып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.06.2015 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгертулер және толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 5 сәуiрдегi
N 407 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгертулер және толықтырулар
Тармақ 1
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.08.10. N 686 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Тармақ 2
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 960 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.20 N 367 Қаулысымен.