Об установлении ограничительных мероприятии на территории хлева производственного кооператива «Жаңабай» в селе Ушбулак сельского округа Карабау Күшін жойған
Басқа 0
Қарабау ауылы округі, Үшбұлақ
ауылындағы «Жаңабай» өндірістік
кооперативінің қорасының аумағына
шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясының 2017жылғы 31 қазандағы №1-09-/329 ұсынысы негізінде Қарабау ауылы округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты Қарабау ауылы округі, Үшбұлақ ауылындағы «Жаңабай» өндірістік кооперативініңқорасының аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуынөзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.