Об утверждении схемы пастбищеоборотов по городу Сарани и поселку Актас Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Саран қаласы мен Ақтас кенті бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Саран қаласы мен Ақтас кенті жайылымдарын геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Маргарита Евгеньевна Блокқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Қаулы ресми түрде жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Саран қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 28 желтоқсан №50/02 қаулысына қосымша