О ситуации по ВИЧ/СПИД в Западно-Казахстанской области и мерах по противодействию его распространения Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысына ЖҚТБ-ның жағдайы және оның таралуына қарсы әрекет шаралары туралы
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 04.12.2006 № 383 қаулысымен.
Облыста ЖҚТБ індеті жөніндегі эпидемиялық жағдай күрделене түсуде. 2001 жылдың 1 қарашасында алғашқы рет бұл аурудың жұқтырушысы 1996 жылы анықталғаннан бергі кезеңде облыста мұндай жұқпалы ауруы бар 111 адам тіркелген, 100 мың тұрғынға шаққанда республикалық көрсеткіш 35 болса, бұл 18,4-ті құрап отыр. Ауруды жұқтырғандардың ішінде 18 әйел бала табу жасындағылар.
ЖҚТБ-ның таралуы нашақорлықтың өсуімен байланысты болып отырғандығы мәселені шиеленістіре түсуде. Негізінен олар 15-тен 30 жасқа дейінгі әлеуметтік жағынан белсенді, еңбекке қабілетті жастағы адамдар.
Бірақ облыстың аудандарындағы және Орал қаласындағы ЖҚТБ індетімен күресу жөніндегі ведосмтсвоаралық үйлестіру Кеңесінің қызметі көбінесе құрғақ сөз болып отыр. Білім беру органдары АҚТҚ инфекциясының алдын алуға, сақтандыруға тиісті дәрежеде көңіл бөлмейдң.
Облыстық ақпарта және қоғамдық келісім басқармасы бұқаралық аппарат құралдары арқылы салауатты өмір салтын насихаттауға, Орал қаласында және аудандарда әлеуметтік тематика бойынша жарнамалық роликтерді және көрнекі үгітті пайдалануға тиісті көңіл бөлмейді.
Денсаулық сақтау органдары қаржы жеткіліксіздігінен бұрын жабылып қалған облыстың аудандарындағы ЖҚТБ ауруларын зерттеуге арналған лабораторияларды қалпына келтіру жөнінде 2001 жыл ішінде тиісті жұмыстар жүргізбеген.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Б.Т.Мырзахметовтың Батыс Қазақстан облысында ЖҚТБ-ның жағдайы және оның таралуына қарсы әрекет шаралары туралы баяндамасын тыңдап, талқылай отырып, облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандардың және Орал қаласының әкімдері, облыстық денсаулық сақтау, білім беру, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет,туризм және спорт басқармалары облыста АҚТҚ инфекциясы таралуынан сақтандыру жөнінде ақпараттық-насихаттық жұмыстарды кұшейтсін.
Тармақ 2
2. Облыс әкімінің орынбасары А.Қ.Нұрғалиев ЖҚТБ-мен күресу жөніндегі алдын алу және эпидемиямен күресу шараларын қосымша қаржыландырудың мүмкіндіктерін қарастырсын.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Мырзахметов) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы әрекет жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарлама» туралы 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1207 қаулысын орындау үшін облыстық шаралар әзірлесін және аудандар мен Орал қаласы әкімдеріне осы жұмыстарды орындау бойынша практикалық ұсынбалар берсін.
Тармақ 4
4. Облыстық коммуналдық меншіктер басқармасы (Кенжеғалиев), Бөрлі ауданының әкімі (Еркебаев) Ақсай қаласында ЖҚТБ-ның алдын алу және күресу орталығын және тексеру лабораториясын ашу үшін ғимарат бөлсін.
Тармақ 5
5. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов), облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесен отырып, мыналарға қаржы бөлу туралы 2002 жылға арналған облыстық бюджет жобасы бойынша жоспар бюджет комиссиясының қарауына енгізсін:
Тармақша 1
1) облыстық ЖҚТБ орталығына қажетті медициналық жабдықтар сатып алуға;
Тармақша 2
2) есірткіге тәуелді аурулар үшін арнаулы емдеу-профилактикалық мекемесінің 50 төсектік емдеу корпусының құрылысын салуға;
Тармақша 3
3) Орал қаласында есірткіге тәуелді адамдарды дәрігерлік-әлеуметтік оңалту орталығын ашуға;
Тармақша 4
4) Бөкейордасы және Жәнібек аудандарында ЖҚТБ лабораторияларын ашуға.
Тармақ 6
6. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Мырзахметов) Бөкейордасы және Жәнібек аудандарында ЖҚТБ лабораторияларын ашу мәселесін шешсін.
Тармақ 7
7. Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы салауатты өмір салтын насихаттау бағдарламасын, ЖҚТБ-мен күресудің жаңа нысандарын енгізу жөнінде жарнамалық өнімдер тақырыптарын тапсырсын.
Тармақ 8
8. Облыс әкімінің орынбасары Ш.Ә.Өтемісов Қазақстан Республикасы Үкіметіне жыныс жолдарымен берілетін аурулар, 2002-2005 жылдары Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ге қарсы әрекет, нашақорлықпен күресу жөніндегі республикалық бағдарламаға Батыс Қазақстан облысы бойынша шараларды қосу туралы ұсыныстар әзірлесін.
Тармақ 9
9. Облыс әкімінің орынбасары Ш.Ә.Өтемісов 2002 жылдың І тоқсанда Денсаулық сақтау министрлігінің, республикалық нашақорлықпен және ЖҚТБ-мен күресу жөніндегі ғылыми-зерттеу институты өкілдерінің қатысуымен облыстық алқа мәжілісін өткізуді ұйымдастырсын. ЖҚТБ-мен күресу проблемасын шешуге халықаралық ұйымдар – ЮСАИД, СОРОС, ЮНИСЕФ, ВОЗ, мемлекеттік емес ұйымдар тартылсын, Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының тиімді тәжірибесі жергілікті жағдайға ыңғайластырылсын.
Тармақ 10
10. Облыста ЖҚТБ-ның таралуына қарсы әрекет жөнінде бұдан арғы стратегияны белгілеу үшін Ақсай қаласында осы мәселе жөнінде облыстық ішкі істер органдары, білім беру, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт және туризм басқармаларының, жастар бірлестіктерінің және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерін қатыстыра отырып, облыстық денсаулық сақтау басқармасының көшпелі алқа мәжілісін өткізу Б.Т.Мырзахметовке тапсырылсын.
Тармақ 11
11. Б.Т.Мырзахметовке 2002 жылдың ақпанында облыстық денсаулық ақтау басқармасының алқа мәжілісінде салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі жөнінде облыстық ортылық жүргізіп отырған жұмыстар туралы есепті тыңдау тапсырылсын.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалу барысы туралы облыс әкіміне 2002 жылдың қаңтарында ақпарат тапсырылсын.
Тармақ 13
13. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Ә.Өтемісовке жүктелсін.