О Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Астаны Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабының 2-3-тармағына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабы 3) тармақшасына, «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10, 11, 12, 13-баптарына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2-қосымшаға сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет орғандарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ»
Басқа 1. Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары
Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне 1-қосымша Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары Осы Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидалары (бұдан әрi – Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабының 2-3-тармағына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабы 3) тармақшасына, «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10, 11, 12, 13-баптарына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзiрлендi.
Бөлім 1. 1-бөлім.
1-бөлім. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Астана қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 3
3) ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған бала (балалар) – ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, хабарсыз кеткен деп танылуына, қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, бала тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның ішінде баланы тәрбиелеу немесе медициналық ұйымнан алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқоршылығы болмаған және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өз құқықтары мен мүдделерінің қажетті қорғалуын қамтамасыз етуге мұқтаж болған өзге де жағдайларда жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынан айрылған бала (балалар);
Тармақша 4
4) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
Тармақша 5
5) әлеуметтік көмек – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ осы Қағидада белгіленген тәртіпте атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
Тармақша 6
6) Әлеуметтік төлемдер орталығы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамның әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталық филиалы;
Тармақша 7
7) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері – «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында аталған адамдар;
Тармақша 8
8) ең төмен күнкөріс деңгейі – Астана қаласының статистика органы есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
Тармақша 9
9) еңбек ардагерлері – «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында аталған адамдар;
Тармақша 10
10) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер – «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында аталған адамдар;
Тармақша 11
11) жетім бала (жетім балалар) – ата-анасының екеуі де немесе жалғыз анасы (әкесі) қайтыс болған бала (балалар);
Тармақша 12
12) көп балалы аналар – «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар;
Тармақша 13
13) көп балалы отбасылар – құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасылар;
Тармақша 14
14) мерекелік күндер – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері, сондай-ақ БҰҰ және өзге де халықаралық ұйымдармен құрылтайшылық етілген халықаралық мерекелер және күндер;
Тармақша 15
15) мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балалар) – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегiз жасқа дейінгі адам;
Тармақша 16
16) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
Тармақша 17
17) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
Тармақша 18
18) табысы аз адамдар (отбасылар) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы Астана қаласында белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар);
Тармақша 19
19) учаскелік комиссия – белгіленген шегінен аспайтын орташа жан басына шаққандағы табысының болуы негізі бойынша әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Астана қаласы аудандары әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 20
20) Ұлы Отан соғысының ардагерлері – «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабында аталған адамдар.
Тармақ 2
2. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi, мөлшерi және түрлерi, сондай-ақ алушылар санаттарының тізбесі осы Қағидамен белгiленедi.
Тармақ 3
3. Әлеуметтiк көмек Астана қаласында тiркелген және тұрақты тұратын азаматтарға ұсынылады.
Тармақ 4
4. Астана қаласының бюджетi әлеуметтiк көмектi қаржыландыру көзi болып табылады. Әлеуметтiк көмек «Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша әкімшісі «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – әкімші) болып табылатын тиiстi қаржы жылына Астана қаласының бюджетiнде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде ұсынылады.
Тармақ 5
5. Ақшалай нысандағы әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы алушылардың шоттарына ақшалай қаражат аудару жолымен көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Заттай нысандағы әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жеткізушілерді (бұдан әрі – жеткізушілер) әкімші анықтайтын қызмет көрсету арқылы ұсынылады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек алушылардың санаттары туралы мәліметтерді әкімшімен Әлеуметтік төлемдер орталығында, сондай-ақ осындай мәліметтерге ие қаланың басқа да ұйымдарында сұралады.
Тармақ 8
8. Өтініш беруші толық емес және (немесе) дәйексіз мәліметтерді ұсынған, сондай-ақ өтініш беруші арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік ұйымдарда тұратын жағдайда әлеуметтік көмек тағайындалмайды.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмек:
Тармақша 1
1) алушы қайтыс болған;
Тармақша 2
2) алушы Астана қаласының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
Тармақша 3
3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
Тармақша 4
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады. Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
Тармақ 10
10. Азаматтардың дәйексіз мәлiмет беру салдарынан артық және (немесе) заңсыз төленген сомасын өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды әкімші «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерек қорын пайдалана отырып жүргізеді.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмекті көрсету үшін қажетті құжаттарды ұсыну әкімшіде қолжетімділік бар ақпараттық жүйелерден ақпаратты алу мүмкіндігі болғанда талап етілмейді.
Бөлім 2. 2-бөлiм.
2-бөлiм. Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар алушылардың санаттары
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар алушылардың санаттарына:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
Тармақша 2
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
Тармақша 3
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
Тармақша 4
4) еңбек ардагерлері;
Тармақша 5
5) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 1), 2), 3) тармақшаларында аталған адамдар (бұдан әрі – басқа да адамдар);
Тармақша 6
6) зейнеткерлік жастағы адамдар, оның ішінде жасы бойынша зейнеткерлер, зейнеткерлік жасқа жеткен жасына байланысты және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
Тармақша 7
7) мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
Тармақша 8
8) мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған отбасылар;
Тармақша 9
9) саяси қуғын-сүргiн құрбандары, саяси қуғын-сүргiннен зардап шеккен адамдар;
Тармақша 10
10) көп балалы отбасылар, көп балалы аналар;
Тармақша 11
11) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйлерiнiң түлектерi;
Тармақша 12
12) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын табысы аз адамдар (бұдан әрі – табысы аз азаматтар);
Тармақша 13
13) әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын адамдар;
Тармақша 14
14) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;
Тармақша 15
15) пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар;
Тармақша 16
16) табиғи зiлзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтар жатады;
Тармақша 17
17) зейнеткерлер және аймақтар бойынша ядролық сынақтардан келтірілген залал үшін біржолғы өтемақы алушылар ішінен Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер азаматтар.
Бөлім 3. 3-бөлім.
3-бөлім. Мерекелiк және айтулы күндерге әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тармақ 14
14. Мерекелiк және айтулы күндерге әлеуметтік көмек 2,5 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) көлеміндегі ақшалай төлемдер түрінде азаматтардың мына санаттарына берiледi: 4 ақпанда (Бүкіләлемдік қатерлі ісікке қарсы күн) – қатерлі ісіктері бар балалар ішінен әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын адамдарға; 8 наурызда (Халықаралық әйелдер күнi) – оның ішінде табысы аз азаматтар болып табылатын, көп балалы отбасыларға, көп балалы аналарға; 21-23 наурызда (Наурыз мейрамы) – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 7 мамырда (Отан қорғаушылар күні) – Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбегі үшін зейнетақы алушылар ішінен зейнеткерлік жастағы адамдарға; 31 мамырда (Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi) – мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргiн құрбандарына, саяси қуғын-сүргiннен зардап шеккен адамдарға; 1 маусымда (Балаларды қорғау күні) – жетім балаларға; 30 тамыз (Қазақстан Республикасының Конституциясы күнi) – зейнеткерлер және аймақтар бойынша ядролық сынақтардан келтірілген залал үшін біржолғы өтемақы алушылар ішінен Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер азаматтарға; 1 қазанда (Қарттар күнi) –жасы бойынша зейнеткерлерге және ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылар ішінен зейнеткерлік жастағы адамдарға; қазан айының екінші жексенбісінде «(Мүгедектігі бар адамдар күні) – мүгедектігі бар адамдарға және он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға; 1 желтоқсан (Бүкіләлемдік ЖҚТБ-мен күрес күні) – адамның иммун тапшылығы вирусы туғызатын ауруынан зардап шеккен адамдар, оның ішінде адамның иммун тапшылығы вирусын тасымалдаушылар ішінен әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын азаматтарға; 16 желтоқсан (Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні) – Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына.
Тармақ 15
15. 45 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек: 15 ақпанда (Ауғанстаннан Кеңестің шектеулі әскери контингентін шығару күні) – Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар қатарындағы жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;»; 26 сәуірде (Чернобыль атом электр станциясы апатының құрбандарын еске алу күні) – Чернобыль атом электр станциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғалар ішінен жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, сондай-ақ басқа да адамдарға беріледі.
Тармақ 16
16. 9 мамырға (Жеңіс күні) әлеуметтік көмек мына санаттағы азаматтарға көрсетіледі: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 67 АЕК; жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге (осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда) – 35 АЕК; басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне (осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда) – 35 АЕК; басқа адамдарға, еңбек ардагерлеріне – 11 АЕК.
Тармақ 17
17. 25 қазан (Республика күні) күніне табысы аз азаматтарға 4,5 АЕК мөлшерінде ұсынылады.
Тармақ 18
18. Әкімші әлеуметтік көмек алушылардан өтініштерді талап етпей, көрсетілген санаттарға жататын адамдардың тізімін қалыптастырады: тиісті негіздер азаматтардың Әлеуметтік төлемдер орталығының зейнетақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алуы туралы мәліметтері, «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтері, «Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы) әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын адамдар туралы мәліметтері, сондай-ақ табысы аз азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өздерінің мәліметтері негізінде осы Қағиданың 14, 15, 16-тармақтарында; Астана қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК), Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері негізінде осы Қағиданың 50, 50-1 –тармақтарында.
Тармақ 19
19. Осы Қағиданың 14, 15, 16, 17-тармақтарында көрсетілген санаттарға жататын азаматтар үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі.
Бөлім 4. 4-бөлім. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
4-бөлім. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек тағайындау бойынша жалпы ережелер
1-тарау. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек тағайындау бойынша жалпы ережелер
Тармақ 20
20. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санаттарына жатқызу үшін мыналар:
Тармақша 1
1) осы Қағиданың 33-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
Тармақша 2
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіруі;
Тармақша 3
3) әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
Тармақша 4
4) белгіленген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
Тармақ 21
21. Әлеуметтік көмек осы Қағиданың 20-тармағында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің барлық кезеңіне бір рет тағайындалады.
Тармақ 22
22. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынылған мәліметтердің дәйектілігіне жауапты болады.
Тармақ 23
23. Өтініші берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, әкімші тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 24
24. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек тек осыған ұқсас ақшалай төлемдерді ұсыну, қызметтерді немесе өзге де өтеулерді көрсету үшін негіздер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіпте болмаған жағдайда ұсынылады.
Тармақ 25
25. Осы Қағиданың 20-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті көрсету кезінде әкімші өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жолдайды.
Тармақ 26
26. Учаскелік комиссия өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және әкімшіге жолдайды.
Тармақ 27
27. Әкімші адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және қарауға құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
Тармақ 28
28. Арнайы комиссия көлемін көрсете отырып, әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі жөнінде қорытынды шығарады.
Тармақ 29
29. Осы Қағиданың 20-тармағында көзделген барлық негіздер бойынша әлеуметтік көмекті көрсету кезінде әкімші өтініш берушінің құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Осы Қағиданың 23-тармағында көрсетілген жағдайда әкімші өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 30
30. Әкімші шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 31
31. Осы Қағиданың 20-тармағында көрсетілген өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі.
Тармақ 32
32. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту өтініш беруші ұсынған мәліметтердің толық емес, дәйексіздігі анықталған жағдайда жүзеге асырылады, ал Қағиданың 20-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті көрсету кезінде: өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған; адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін белгіленген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау.
2-тарау. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көмек
Тармақ 33
33. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар деп «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес: жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы бар (осы Қағиданың 13-тармағы 6) тармақшасында көрсетілген үнемі бөгде адамның күтіміне мұқтаж азаматтар); дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар (осы Қағиданың 13-тармағы 7) тармақшасында көрсетілген азаматтар); әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі бар (осы Қағиданың 13-тармағы 13) тармақшасында көрсетілген азаматтар); бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған (осы Қағиданың 13-тармағы 14) тармақшасында көрсетілген азаматтар); пробация қызметінің есебінде тұрған (осы Қағиданың 13-тармағы 15) тармақшасында көрсетілген азаматтар) азаматтар танылады.
Тармақ 34
34. Осы тараудың шеңберінде әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде ұсынылады және медициналық көрсеткіштерге сәйкес медициналық қызметтерді алу, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, дәрілік заттарды жедел сатып алу үшін қаржылық қаражаттың аса қажеттілігін жоюға арналған.
Тармақ 35
35. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасы атынан әкімшіге мына құжаттарды қоса отырып өтініш береді:
Тармақша 1
1) жеке басты куәландыратын құжат;
Тармақша 2
2) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға байланысты адамның болған шығындарын растайтын құжаттар (бақылау-касса машинасының чектердің көшірмелері, рецептер, медициналық қызметтерді көрсетуге арналған шарт және тағы басқа);
Тармақша 3
3) екінші деңгейдегі банктегі не «Қазпошта» акционерлік қоғамындағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.
Тармақ 36
36. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 37
37. Әлеуметтік көмектің көлемі 20 АЕК аспайтын өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады.
Тармақ 38
38. Әлеуметтік көмекті тағайындауға хабарласқан азаматтардың өтініштерін әкімші көрсетілген өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап үш айдан кешіктірмей қарастырады.
Тарау 3. 3-тарау.
3-тарау. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру негіздері бойынша әлеуметтік көмек
Тармақ 39
39. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде мына мөлшерде: жалғыз болып табылатын тұрғын үйге елеулі зиян келтірілген, бүлінген, жойылған жағдайда отбасына 400 АЕК; отбасы мүшелері қайтыс болғанда – қаза болған адамға 150 АЕК мөлшерінде ұсынылады.
Тармақ 40
40. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасы атынан әкімшіге мына құжаттарды қоса отырып өтініш береді:
Тармақша 1
1) жеке басты куәландыратын құжат;
Тармақша 2
2) табиғи зілзала немесе өрт фактісі мен келтірілген зиянның дәрежесін растайтын құжаттар;
Тармақша 3
3) өтініш берушіге жоғалған, бүлінген тұрғын үйдің тиесілігін растайтын құжаттар: жеке меншiк құқығында тиесiлiге - жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтарының болмауы (болуы) жөніндегі анықтама және құқық беретін құжаттың көшірмесі; өзге де заңды негіздерде тұрып жатқандар үшін - тұрғын үйді ұстау бойынша меншік иесі белгіленген міндеттемемен тұру құқығына құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) қаза болған жағдайда – отбасы мүшесінің қайтыс болу фактісін және оған қатысты туыстығын растайтын құжаттар;
Тармақша 5
5) екінші деңгейдегі банктегі не «Қазпошта» акционерлік қоғамындағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.
Тармақ 41
41. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 42
42. Әкімші табиғи зілзала немесе өрт жағдайы пайда болған күннен бастап үш айдан кешіктірмей әлеуметтік көмек алуға келіп түскен өтініштерді қарайды.
Тарау 4. 4-тарау.
4-тарау. Әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы негізінде және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік көмек
Тармақ 43
43. Әлеуметтік мәні бар ауру – туберкулез бойынша әлеуметтік көмек белсендi туберкулезбен ауыратын азаматтарға Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласының Туберкулезге қарсы диспансерi» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсіпорнында (бұдан әрi – Туберкулезге қарсы диспансер) диспансерлiк есепте тұрған және амбулаторлық емделудегi азаматтарға 10 АЕК ай сайынғы ақша төлемдері түрінде ұсынылады.
Тармақ 44
44. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн негіздеме төмендегi құжаттарды қоса отыра ай сайын Туберкулезге қарсы диспансері ұсынатын, осы Қағиданың 43-тармағында көрсетілген азаматтардың тiзiмi (бұдан әрi – тiзiм) болып табылады:
Тармақша 1
1) осы Қағиданың 43-тармағында көрсетілген азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) екінші деңгейдегі банктегі не «Қазпошта» акционерлік қоғамындағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.
Тармақ 45
Тармақ 46
Тармақ 47
Тармақ 48
Тармақ 49
Тармақ 50
50. 25 АЕК мөлшеріндегі ай сайынғы ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша: адамның иммунтапшылығы вирусы туғызатын ауру, оның ішінде адамның иммунтапшылығы вирусын тасымалдаушы – «ЖҚТБ-ны алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК диспансерлік есепте тұрған он сегіз жасқа дейінгі балаларға; қатерлі ісіктер – қаланың медициналық ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған он сегіз жасқа дейінгі балаларға тиісті ауруы бойынша ұсынылады.
Тармақ 50-1
50-1. 5 АЕК мөлшеріндегі тоқсан сайынғы ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша адамның иммунтапшылығы вирусы туғызатын ауру, оның ішінде адамның иммунтапшылығы вирусын тасымалдаушы – «ЖҚТБ-ны алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК диспансерлік есепте тұрған он сегіз жасқа толған адамдарға.
Тармақ 50-2
50-2. Әлеуметтік көмек бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға босатылғаны туралы анықтаманы ұсына отырып, өтініш бойынша босатылғаннан кейін алты айдан кешіктірмей, бір рет 15 АЕК мөлшерінде көрсетіледі және қайта ұсынылмайды.
Тармақ 51
51. Осы Қағиданың 43, 50, 50-1-тармақтарына сәйкес ұсынылатын әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтар және 50-2-тармағында көрсетілген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар туралы мәліметтер әкімшінің қызметкерлерінің жариялауына жатпайды.
Тарау 5. 5-тарау.
5-тарау. Белгіленген шегінен аспайтын жан басына шаққандағы табысының болуы негізі бойынша әлеуметтік көмек
Тармақ 1. §1. Табысты есепке алусыз әлеуметтік көмек
§1. Табысты есепке алусыз әлеуметтік көмек
Тармақ 52
52. Әлеуметтік көмек мына тегін қызметтер және ақшалай төлемдер түрінде табысын есепке алусыз азаматтардың мына жекелеген санаттарына:
Тармақша 1
1) тісті протездеу: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге; мүгедектігі бар адамдарға; жасы бойынша зейнеткерлерге; табысы аз азаматтардың ішінен көп балалы аналар, көп балалы отбасыларға (аналарға); мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған отбасыларға (ата-аналардың біреуіне);
Тармақша 2
2) шипажайлық-курорттық емделу: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте ақталған қатысушылар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына; жолдама құнының 25%-ын төлеумен жасы бойынша зейнеткерлерге; жолдама құнының 18%-ын төлеумен еңбек ардагерлеріне, ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылар ішінен жасы бойынша зейнеткерлерге;
Тармақша 2-1
2-1) санаторлық-курорттық емдеу шығындарының орнын толтыру: абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасында жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтері көзделген бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды (жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда) алып жүруші адамдарға;
Тармақша 3
3) дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
Тармақша 4
4) коммуналдық қызметтердi, тұрғын үйдi күтіп ұстауға, телефонға абоненттiк төлемдердi төлеуге: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумақтарындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, теңестірілген ардагерлерге, басқа да адамдарға, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына;
Тармақша 5
5) астананың ресми мерзiмдi баспасөз басылымдарына жазылуға, моншаларға, шаштараздарға, мәдени ойын-сауық, спорттық іс-шараларға баруға арналған ақшалай төлемдер: Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ұсынылады.
Тармақ 53
53. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші әкімшіге өтінішке қоса мына құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) жеке басты куәландыратын құжат;
Тармақша 2
2) тісті протездеу түрінде әлеуметтік көмек көрсету үшін уәкілетті медициналық ұйым берген тісті протездеу, ауыз қуысын тазалау қажеттілігі жөнінде медициналық қорытынды;
Тармақша 3
3) шипажайлық-курорттық емделу түрінде әлеуметтік көмек көрсету үшін шипажайлық-курорттық карта;
Тармақша 4
4) дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету түрінде әлеуметтік көмек көрсету үшін уәкілетті медициналық ұйым берген дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға, гигиена және күтім көрсету заттарына рецепт;
Тармақша 5
5) коммуналдық қызметтердi, тұрғын үйдi күтіп ұстауға, телефонға абоненттiк төлемдердi төлеуге ақшалай төлемдер түрінде әлеуметтік көмек үшін тұрып жатқан тұрғын үйдің шаршы метрін растайтын (техникалық паспортпен құқық белгілейтін құжат) құжаттың көшірмесі (Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін);
Тармақша 6
6) екінші деңгейдегі банктегі не «Қазпошта» акционерлік қоғамындағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.
Тармақ 53-1
53-1. Осы Қағидалардың 52-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші санаторлық-курорттық емдеуден кейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей келесі құжаттарды қоса бере отырып, әкімшіге өтініш ұсынады:
Тармақша 1
1) жеке басты куәландыратын құжат;
Тармақша 2
2) шот-фактура немесе фискалды чек;
Тармақша 3
3) атқарылған жұмыстар актісі;
Тармақша 4
4) екінші деңгейдегі банктегі немесе «Қазпочта» акционерлік қоғамындағы банктік шоттың нөмірі туралы ақпарат.
Тармақ 54
54. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 55
55. Тiсті протездеуге (бағалы металдардан жасалған протездерден басқа) әлеуметтiк көмек екi жылда бiр рет осы Қағиданың 52-тармағы
Тармақша 1
1) тармақшасында көрсетілген санаттары қатарынан азаматтарға ұсынылады.
Тармақ 56
56. Тіс протездеуге әлеуметтік көмек шеңберінде медициналық көрсеткіштер болған жағдайда тіс шектерін, пародонт ауруларын емдеуді, медициналық манипуляция жүргізумен (инъекция, рентгенге түсіру және т.б.) тісті жұлуды қамтитын ауыз қуысын протез алды тазалау жүзеге асырылады.
Тармақ 57
57. Әкiмшi тіс протездеу бойынша қызмет жеткізушілерімен шарт жасасқан кезден бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тiстерiн протездеуге тiркеу жүргiзетiн орындар мен мерзiмдерi туралы хабардар етедi.
Тармақ 58
58. Шипажайлық-курорттық емделуге әлеуметтiк көмек осы Қағиданың 52-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген санаттары ішінен азаматтарға жеткізушілер базасында шипажайлық-курорттық емделуден өту үшін бағыттама-жолдамаларды ұсыну арқылы берiледi. Әкімші осы Қағиданың 52-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген санаттары ішінен сексен жасқа толған азаматтарды шипажайлық емделуден өту кезінде ерітіп жүретін адамның тұруына және тамақтануына төлем жүргізеді.
Тармақ 58-1
58-1. Санаторлық-курорттық емделуге арналған шығындарды өтеу түріндегі әлеуметтік көмек осы Қағиданың 52-тармағының 2-1) тармақшасында көрсетілген азаматтардың қатарынан бір адамға, олар санаторлық-курорттық емдеуді ұсынатын ұйымда болған кезеңге нақты шығындар мөлшерінде, бірақ 35 АЕК-тен аспайтын мөлшерде беріледі. Әкімші өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде өтініш қабылданған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде санаторлық-курорттық емделу үшін әлеуметтік көмекті ақшалай түрде екінші деңгейдегі банктер арқылы өтініш берушінің жеке шоттарына есептеуді жүргізеді.
Тармақ 59
59. Шипажайлық-курорттық емделу Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мамандандырылған мекемелерде жүзеге асырылады. Санаторий-курорттық емдеуден өту мерзімі күнтізбелік он төрт күнді құрайды. Шипажайлық-курорттық емделу құқығы күнтiзбелiк жылға бір реттен артық емес ұсынылады.
Тармақ 60
60. Шипажайлық-курорттық емделу орнына дейiнгi және керi қайту жолақысының құны шипажайлық-курорттық емделушінің жеке қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
Тармақ 61
61. Әкiмшi келiп түскен өтiнiштерге сәйкес жеткiзушi ұсынған келу кестесiне сәйкес өтініштердің келіп түсуі кезегі тәртiбiмен әлеуметтік көмекті алуға азаматтардың тiзiмiн жасайды. Шипажайлық-курорттық емделуден өтiнiш берушi өз талабы бойынша бас тартқан жағдайда, жолдама әкiмшiге қайтарылуы және кезекке сәйкес басқа өтiнiш берушiге берiлуi тиiс.
Тармақ 62
62. Жолдама дәлелдi себептер бойынша пайдаланылмаған жағдайда, шипажайлық-курорттық емделуге құқығы мүмкіндігінше келу кестесіне сәйкес басқа кезеңнің жолдамасына, бірақ ауыстырылуға тиіс жолдамада көрсетілген келу басталғанға дейін үш күннен кешіктірілмей ұсынылуы мүмкін.
Тармақ 63
63. Жолдаманы алуға келу қажеттiлiгi жөнiнде өтiнiш берушiге әкiмшiнiң екi рет поштамен жолданған жазбаша хабарламалары бойынша хабарласпаған жағдайда, берiлген өтiнiш бойынша шипажайлық-курорттық емделу ұсынылмайды.
Тармақ 64
64. Әкiмшiнiң бiрiншi басшысы (немесе оның орынбасары) қол қойған және мөрмен бекiтiлiп берiлген жолдамада шипажайлық-курорттық емделуге құқылы тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты көрсетiледi.
Тармақ 65
65. Амбулаторлық емделуде дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге әлеуметтiк көмек дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, гигиена және күтім көрсету заттарын (бұдан әрі – дәрілік заттар) тегін беруден тұрады және осы Қағиданың 52-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген санаттар қатарынан азаматтарға көрсетіледі.
Тармақ 66
66. Әкiмшi осы Қағида шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз етуге құқығы бар азаматтардың тiзiмдерiн уәкілетті медициналық ұйымға жыл сайын 3 қаңтарға дейiн ұсынады және қажет болған жағдайда оны жаңартады.
Тармақ 67
67. Осы Қағиданың 52-тармағы 3) тармақшасында көрсетiлген санаттарға жататын дәрiлік заттарға мұқтаж азаматтар уәкілетті медициналық ұйымға дәрiлік заттарға белгiленген үлгiдегi рецептi алуға хабарласады.
Тармақ 68
Тармақ 69
69. Уәкілетті медициналық ұйым берген дәрiлік заттардың рецептері негізінде дәрiлік заттарды беру жеткізушілердің дәрiханалық мекемелерiнде жеке куәлігінің түпнұсқасын ұсынған жағдайда жiберiледi.
Тармақ 70
70. Коммуналдық қызметтердi, тұрғын үйдi ұстауға, телефонға абоненттiк төлемдердi төлеуге ақшайлай төлемдер осы Қағиданың 52-тармағы
Тармақша 4
4) тармақшасында көрсетілген санаттары қатарындағы азаматтарға тағайындалады.
Тармақ 71
71. Тұрғылықты орны немесе пайдаланатын тұрғын үйдің алаңы өзгерген жағдайда, әлеуметтік көмек алушы ол жөнінде әкімшіні өзгерген кезден бастап он күн ішінде хабардар етуі тиіс. Ақшалай төлемдерді қайта есептеу хабардар етілген айдан бастап жүргізіледі.
Тармақ 72
72. Ақшалай төлемдер ай сайын мына мөлшерлерде беріледі:
Тармақша 1
1) абаттандырылған пәтерлерде тiркелген және тұратын, пайдаланатын тұрғын үйдің алаңына байланысты Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне: 35 ш.м-ге дейiн – 1 АЕК; 35 ш.м-ден 50 ш.м-ге дейiн – 6 АЕК; 50 ш.м-ден 80 ш.м-ге дейiн – 7 АЕК; 80 ш.м-ден бастап және одан жоғары – 8 АЕК;
Тармақша 2
2) жеке тұрғын үйлерде тiркелген және тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 5 АЕК;
Тармақша 3
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына – 4,5 АЕК;
Тармақша 4
4) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi қатарынан басқа да адамдарға – 4,4 АЕК.
Тармақ 73
73. Көрсетілген ақшалай төлемге құқығы бар бiрнеше адам бiр тұрғылықты мекенжай бойынша тiркелген жағдайда, төлем тек қана бiреуiне жүргiзiледi.
Тармақ 74
74. Осы Қағиданың 52-тармағы 5) тармақшасында көрсетілген санаттары қатарынан Астана қаласының ресми мерзiмдi баспасөз басылымдарына жазылуға, моншаларға, шаштараздарға, мәдени ойын-сауық, спорттық іс-шараларға баруға жылына бір рет 6,5 АЕК көлемінде ақшалай төлем жүзеге асырылады.
Тармақ 2. §2. Астана қаласының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуге азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек
§2. Астана қаласының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеуге азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек
Тармақ 75
75. Төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған жағдайда қаланың жоғары оқу орындарында күндізгі нысанында оқу ақысын төлеу үшiн әлеуметтік көмек қаланың жалпы бiлiм беретiн мектептер түлектерi қатарынан: жетiм балаларға; балалар үйлерiнiң түлектерiне; бала жасынан мүгедектігі бар адамдарға; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; көп балалы отбасының балаларына беріледі (оның ішінде, білім ұйымдарына күндізгі оқу нысанына түскенге дейін ағымдағы жылы үлкен баланың кәмелетке толуына байланысты).
Тармақ 76
76. Әлеуметтік көмек қаланың тиiстi жоғары оқу орнында оқудың нақты құны мөлшерiнде және тиiстi қаржы жылына қала бюджетiнде осы мақсаттарға қарастырылған қаражат шегiнде көрсетіледі.
Тармақ 77
77. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші әкімшіге төмендегі құжаттарды қоса отырып өтініш ұсынады:
Тармақша 1
1) жеке басты куәландыратын құжат;
Тармақша 2
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлiктің көшірмесі (жетiм балалар үшін);
Тармақша 4
4) көп балалы отбасы мәртебесiн растайтын құжаттың көшірмесі (көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшiн);
Тармақша 5
5) туу туралы куәліктің көшірмесі (жетiм балалар үшін);
Тармақша 6
6) Астана қаласының орта мектебін бітіргені туралы аттестат;
Тармақша 7
7) Ұлттық бiрыңғай тестiлеу немесе Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм беру мен тестiлеудiң мемлекеттiк стандарттарының ұлттық орталығы әзiрлеген технология бойынша өткiзiлетiн кешендi тестiлеу (бұдан әрi – тестiлеу) нәтижелерi бойынша берiлген мемлекеттiк сертификат;
Тармақша 8
8) екінші деңгейдегі банктегі немесе «Қазпочта» акционерлік қоғамындағы банктік шоттың нөмірі туралы ақпарат.
Тармақ 78
78. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 79
79. Әкімші әлеуметтік көмек алуға үміткерлерден құжаттарды қабылдауы жыл сайын 1 шілдеден 21 тамызға дейін (қоса алғанда) өтеді.
Тармақ 80
80. Бiлiм басқармасы 1 мамырға осы Қағиданың 75-тармағында көрсетiлген тұлғалар қатарынан ағымдағы жылы жалпы бiлiм беретiн мектептер түлектерiнiң тiзiмдерiн әкімшіге ұсынады.
Тармақ 81
81. Әлеуметтік көмек алуға үмiткерлердi iрiктеу Астана қаласының жоғары оқу орындарында күндізгі нысанда оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмекті тағайындау жөнінде Астана қаласы әкімдігінің жанында арнайы құрылған комиссиямен тестiлеу кезiнде ең жоғары алған ұпай саны бойынша осы Қағиданың 75-тармағында көрсетілген санаттардан жүргiзiледi.
Тармақ 82
82. Iрiктеу осы Қағиданың 75-тармағында келтiрiлген ретімен көрсетілген санаттардың әрқайсысының шегiнде жүргiзiледi.
Тармақ 83
83. Тестiлеу кезiнде қажеттi ең төменгi баллды жинай алмаған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне әлеуметтік көмек тағайындалмайды.
Тармақ 83-1
83-1. Астана қаласы әкімдігінің жанынан арнайы құрылған Астана қаласының жоғары оқу орындарында күндізгі оқу түріне ақы төлеуге азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі Комиссия алдағы әрбір оқу жылына арналған мамандықтар тізбесін бекітеді.
Тармақ 84
84. Әкiмші әлеуметтік көмекті тағайындалғаннан кейін қаланың жоғарғы оқу орындарымен және әлеуметтік көмек алушылармен бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге шарттар (бұдан әрi – шарт) жасасады.
Тармақ 85
85. Әкiмші шартқа қол қойылғаннан кейiн он банктік күн ішінде оқуға әлеуметтік көмек алушының дербес есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен алғашқы оқу жылына төлемақы жүргiзедi. Оқуға әлеуметтік көмек алушы ақшалай қаражаттар түскеннен кейін үш банктік күн ішінде оқуға төлемақы жүргізеді және әкімшіге төлеу туралы түбіртекті ұсынады.
Тармақ 86
86. Келесi оқу жылдарына әлеуметтік көмек жыл сайын оқу жылының басында жүргiзiледi.
Тармақ 87
87. Әкiмші жоғарғы оқу орнымен бiрiгiп, әлеуметтік көмек алушының оқуға қабылданған кезiнен бастап оның оқуын бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 88
88. Жоғарғы оқу орнының әкiмшiлiгi үлгерiмi төмен болғаны, себепсiз үнемi оқуға қатыспағаны немесе әлеуметтік көмек төлем есептеу және/немесе тоқтату үшiн негiз болып табылатын оқу орнының Жарғысына сәйкес басқа да оқу тәртiбiн бұзғаны жөнінде әкiмшіні уақтылы хабардар етуге тиіс.
Тармақ 89
89. Егер әлеуметтік көмек алушы оқудан шығарылса, жоғарғы оқу орны бес күн iшiнде бұйрықтың көшiрмесiн ұсынып, әкiмшіні хабардар етедi.
Тармақ 90
90. Әлеуметтік көмек алушы жоғарғы оқу орнынан шығарылған жағдайда әкімші әлеуметтік көмек тағайындау үшін көзделген тәртіпте жоғарғы оқу орны әкiмшiлiгiнiң ұсынысы бойынша оқудан шығарылған студенттің орнына осы Қағиданың 75-тармағында көрсетiлген тұлғалар қатарынан бейiндi мамандық бойынша осындай жоғарғы оқу орнының басқа студентiмен ауыстырады. Бейiндi мамандық шегiнде ауыстыру үшiн үмiткер болмаған жағдайда, жоғарғы оқу орнының әкiмшiлiгi басқа мамандық бойынша студенттi ұсынады, осындай үмiткерлер болмаған жағдайда, басқа жоғарғы оқу орнының осы Қағиданың 75-тармағында көрсетiлген тұлғалар қатарынан студентіне ауысады.
Тармақ 91
91. Оқудан шығарылған студенттiң орнын ауыстыру туралы ұсыныс болмаған жағдайда, жоғарғы оқу орны оқу шығындарын шегеру есебiмен Астана қаласының бюджетiне төленген қаражатты қайтаруды жүргiзедi.
Тармақ 92
92. Жоғарғы оқу орнынан шығарылған жағдайда оқуға төленген сомалар әлеуметтік көмек алушыдан өндiрiлмейдi.
Тармақ 93
93. Денсаулығына байланысты академиялық демалысқа шыққан әлеуметтік көмек алушы қайтадан оралғаннан кейiн одан әрi әлеуметтік көмек алуына болады.
Тармақ 94
94. Жоғарғы оқу орнын бiтiрген соң және тиiстi үлгiдегi дипломды алғаннан кейiн оқуға әлеуметтік көмек алушы он күн мерзiм iшiнде ол туралы әкiмшіні хабардар етедi.
Тармақ 3. § 3. Азаматтардың жекелеген санаттарына қатты отынды сатып алуға және тұрғын үйді газдандыруға әлеуметтік көмек
§ 3. Азаматтардың жекелеген санаттарына қатты отынды сатып алуға және тұрғын үйді газдандыруға әлеуметтік көмек
Тармақ 95
95. Қатты отынды сатып алуға әлеуметтік көмек төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған және оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жергілікті (пештік) жылытатын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі (жалға алушысы) немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері (жалға алушысы) болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, әлеуметтік мәні бар аурулары бар адамдарға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйлерінің түлектеріне жүргізіледі.
Тармақ 96
96. Өтемақы жылыту маусымына 16 АЕК көлемінде жүргiзiледi.
Тармақ 97
97. Қатты отынды сатып алуға өтемақы алуға құқығы бар бiрнеше адам бiр жеке меншiк тұрғын үйде тұрған жағдайда, өтемақы тек бiреуiне ғана берiледi.
Тармақ 98
98. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші жылыту маусымы кезеңінде әкiмшiге мына құжаттарды қосып өтініш ұсынады:
Тармақша 1
1) жеке басты куәландыратын құжат;
Тармақша 2
2) газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарын растайтын акт және/немесе құжат (чектердің, түбіртектердің көшірмелері, қызметтерді көрсетуге арналған шарт және т.б.);
Тармақша 3
3) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (зейнетақы куәлігі, мүгедектігі туралы анықтама, балалардың туу туралы куәліктері, жергілікті атқарушы органның қаулысы не бұйрығы);
Тармақша 5
5) жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқығының болмауы (болуы) туралы анықтама.
Тармақша 6
6) тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжат – жалға алушылар үшін;
Тармақша 7
7) екінші деңгейдегі банктегі не «Қазпошта» акционерлік қоғамындағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.
Тармақ 99
99. Құжаттардың түпнұсқалары және көшiрмелерi салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 99-1
99-1. Тұрғын үйді газдандыруға біржолғы әлеуметтік көмек төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы табысы болған және оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, Астана қаласы газдандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес газдандыруға жататын жергілікті жеке тұрғын үйде тұратын, оның жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйлерінің түлектеріне жүргізіледі.
Тармақ 99-2
99-2. Әлеуметтік көмектің көлемі 130 АЕК аспайтын газ құбырын орнатуға және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады.
Тармақ 99-3
99-3. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші әкiмшiге Қағиданың 98-тармағында көзделген құжаттарды қосып өтініш ұсынады.
Басқа 0. Өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ
Астана қаласының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларына 1-қосымша Өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ 1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) __________________ ____________________________________________________________________ 2. Тұратын мекенжайы ____________________________________________ ____________________________________________________________________ 3. Орын алуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген өмірдегі қиын жағдай _________________________________________________ ____________________________________________________________________. 4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде: Р/с № Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Туған күні Өтініш берушіге туыстық қатынасы Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) Жұмыспен қамтылмау себебі Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер Өмірдегі қиын жағдай 1 2 3 4 5 6 7 8 Еңбекке жарамды барлығы _________ адам. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам. Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге. Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдардың, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет) ___________________________________________________________________________ ________________________________________. 5. Тұрмыс жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет): ____________________________________________________________________. Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________. Отбасының табысы: Р/с № Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Табыс түрі Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер тоқсанға орта есеппен айына 1 2 3 4 5 6 6. Мыналардың: автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________. қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйінің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________. 7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі): ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________. 8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі): ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________. 9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі: ____________________________________________________________________ 10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы: ____________________________________________________________________ Комиссия төрағасы: __________________________ ____________________________________ Комиссия мүшелері: __________________________ ____________________________________ __________________________ ____________________________________ __________________________ _____________________________________ (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты) Жасалған актімен таныстым: _______________________________ Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы ___________________________________________________________________ Тексеру жүргізілуден бас тартқан ______________________ Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы ____________________________________________________________________ (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады) Күні _______ ________________________________
Басқа 1.2. Учаскелiк комиссияның № ____ қорытындысы
Астана қаласының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларына 2-қосымша Учаскелiк комиссияның № ____ қорытындысы 20____ жылғы «__» _________ Учаскелiк комиссия Астана қаласының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларына сәйкес өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш берген адамның (отбасының) ____________________________________________________________________ (өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты) өтiнiшiн және оған қоса берiлген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтiнiш берушiнiң (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерiнiң негiзiнде _________________________________________________________________ (қажеттiлiгi, қажеттiлiктiң жоқтығы) адамға (отбасыға) өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады. Комиссия төрағасы: __________________ _______________________ Комиссия мүшелерi: __________________ _______________________ __________________ _______________________ __________________ _______________________ __________________ _______________________ (қолдары) (Т.А.Ә.) Қорытынды қоса берiлген құжаттармен ___ данада 20__ жылғы «___» ___________ қабылданды ____________________________________________________________________ Құжаттарды қабылдаған уәкілетті органның Т.А.Ә., лауазымы, қолы ____________________________
Басқа 1.3
Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларына 3-қосымша
Басқа 1.4. Амбулаторлық емделу кезінде Нұр-Сұлтан қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, гигиена және күтім көрсету заттарының тізбесі
Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларына 4-қосымша Амбулаторлық емделу кезінде Нұр-Сұлтан қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, гигиена және күтім көрсету заттарының тізбесі
Басқа 2. Астана қаласы мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі
Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №221/25-VI шешіміне 2-қосымша Астана қаласы мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 822 болып тіркелді, 2014 жылғы 23 шілдеде «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды).
Тармақ 2
2. Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі №290/41-V «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 845 болып тіркелді, 2014 жылғы 25 қазанда «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды).
Тармақ 3
3. Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 399/55-V «Астана қаласында әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 933-1 болып тіркелді, 2015 жылғы 29 тамызда «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды).
Тармақ 4
4. Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 24 маусымдағы № 34/7-VI «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1039 болып тіркелді, 2016 жылғы 23 шілдеде «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды).
Тармақ 5
5. Астана қаласы маслихатының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 85/13-VI «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1086 болып тіркелді, 2016 жылғы 29 желтоқсанда «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды).