Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Мугалжарском районе Күшін жойған
Басқа 0
Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына, сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Мұғалжар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Мұғалжар аудандық мәслихаттың
2017 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 133 шешіміне қосымша
Мұғалжар ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі
Тарау 1. 1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді орган белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
Тармақ 5
5. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
Тармақ 7
7. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 16 қазандағы №539 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №21500 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
Тармақша 2
2) аз қамтылған отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбi Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 "Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20498 тіркелген) бұйрығымен айқындалады;
Тармақша 3
3) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда)
Тармақша 4
4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
Тармақша 5
5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
Тармақша 6
6) банктік шоты;
Тармақша 7
7) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;
Тармақша 8
8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
Тармақша 9
9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
Тармақша 10
10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шоттар.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.
Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Мұғалжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінің 10 тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде «жеке кабинетке» жіберіледі.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi
2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi
Тармақ 12
12. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі нормаларына сәйкес жүргізіледі:
Тармақша 1
1) жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір адамға он сегіз шаршы метрлік пайдалы алаңды құрайды, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме;
Тармақша 2
2) электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:
1 адамға – 40 киловатт;
2 адамға – 60 киловатт;
3 адамға – 80 киловатт;
4 және одан да көп адамға – 100 киловатт;
Тармақша 3
3) тұрғын үйді күтіп ұстау ай сайын:
1 адамға – 18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме;
Тармақша 4
4) кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға:
1 адамға – 18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме;
Тармақша 5
5) жылумен жабдықтау ай сайын:
1 адамға – 18 шаршы метрлік пайдалы алаңы, жалғыз тұратын азаматтар үшін, кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме;
Тармақша 6
6) тұрмыстық қалдықтарды шығару – ай сайын әр адамға тариф бойынша;
Тармақша 7
7) кәріз қызметтері- ай сайын әр адамға тариф бойынша;
Тармақша 8
8) сумен жабдықтау қызметтері - ай сайын әр адамға тариф бойынша;
Тармақша 9
9) газ пайдалану нормалары- ай сайын әр адамға тариф бойынша;
коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады;
Тармақша 10
10) әлеуметтік тұрғыдан
қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік
төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға
телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің
өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ (Нормативтік құқұқтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге
асырылады.
Басқа 42
Мұғалжар аудандық мәслихатының
2017 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 133 шешіміне
2 қосымша
Мұғалжар аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 182 «Мұғалжар ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-119 тіркелген, 2010 жылдың 21 сәуірінде аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешімі.
Тармақ 2
2. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 57 «Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 31 наурыздағы № 182 «Аудандық бюджеттен тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметті, байланыс қызметін тұтыну төлемақысы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне жұмсалатын шығындар өтемақысы бойынша аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын» бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3498 тіркелген, 2013 жылдың 31 қаңтарында аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешімі.
Тармақ 3
3. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 130 «Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 31 наурыздағы № 182 «Мұғалжар ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3733 тіркелген, 2014 жылдың 16 қаңтарында аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешімі.
Тармақ 4
4. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 187 «Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 31 наурыздағы № 182 «Мұғалжар ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4174 тіркелген, 2015 жылдың 29 қаңтарында аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешімі.
Тармақ 5
5. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 08 мамырдағы № 225 «Мұғалжар ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» 2010 жылғы 31 наурыздағы № 182 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4342 тіркелген, 2015 жылдың 18 маусымында аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешімі.