О мерах по обеспечению выполнения Закона Республики Казахстан «Об амнистии в связи с десятилетием независимости Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен.
"Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 19 ақпандағы N 294-II Заңын орындау үшiн және рақымшылық жасалған адамдарды әлеуметтiк ортаға бейiмдеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1. Комиссия мүшелерi:
1. Төмендегiдей құрамда комиссия құрылсын:
Шавхат Әнесұлы Өтемiсов - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы
Комиссия мүшелерi:
Светлана Николевна Анищенко - облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк
қорғау басқармасының бастығы
Татьяна Александровна Даньшина - облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық жұмыстар
бөлiмiнiң меңгерушiсi
Бүркiт Елемесұлы Жауымбаев - Батыс Қазақстан облыстық iшкi iстер басқармасы бастығының
орынбасары
Ермек Қасымбекұлы Қасымбеков - облыстық бiлiм басқармасының бастығы
Бекет Тельманұлы Мырзахметов - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Елена Ивановна Тарасенко - Орал қаласы әкiмiнiң орынбасары
Асқар Шәңгерейұлы Хамитов - облыстық қаржы басқармасының бастығы
Гүлсара Қапанқызы Шоқалова - облыс әкiмi аппаратының әлеуметтiк-мәдени даму
бөлiмiнiң бас маманы
Тармақ 2
2. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Мырзахметов), Батыс Қазақстан облыстық iшкi iстер басқармасы (Тыныбеков) рақымшылық жасалған адамдарды дәрiгерлiк тексеруден өткiзу және туберкулезбен, маскүнемдiкпен және нашақорлықпен ауыратындарын анықтау жөнiндегi келiсiлген жұмыстарды орындауды қамтамасыз етсiн. Арнаулы емдеу мекемелерiнде емдеудi ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы (Анищенко) жақындары мен туысқандары жоқ жасы ұлғайған адамдарды қариялар мен мүгедектерге арналған арнаулы үй-интернаттарға орналастыруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық бiлiм басқармасы (Қасымбеков) рақымшылық бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан оралған кәмелетке толмағандарды оқуын жалғастыру үшiн оқу орындарына жiберудi қамтамасыз ететiн болсын.
Тармақ 5
5. Аудандардың және Орал қаласының әкiмдерi:
рақымшылық жасалған адамдарды қоғамдық жұмыстарды орындауға тартуды ұйымдастырсын;
кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөнiндегi комиссияға кәмелетке толмағандарды еңбекке орналастыруға, тұрмыстық жағдайлар жасауға, оларды оқуға жiберуге көмектер көрсету тапсырылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ш.Ә. Өтемiсовке жүктелсiн.