Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, вывоз, утилизацию, переработку и захоронение твердых бытовых отходов по Казыгуртскому району Күшін жойған
Басқа 0
Қазығұрт ауданы бойынша коммуналдық
қалдықтардың түзілу мен жинақталу
нормаларын, тұрмыстық қатты
қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге
жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге
арналған тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормаларын есептеудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №10030 тiркелген) және «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi №404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14285 тіркелген) сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазығұрт ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары осы шешiмнің 1-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазығұрт ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешiмнің 2-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. «Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгілінген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ
және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
Тармақша 3
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазығұрт ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 4
4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қазығұрт аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 9
Қазығұрт аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 27
желтоқсандағы
25/153-VI шешіміне
№1 қосымша
Қазығұрт ауданы бойынша тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері
№
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектiлер
Есептiк бiрлiк
Жылдық жинақталу нормасы, м3
1
Жайлы және
жайлы емес үйлер
1 тұрғын
0,95
1,061
2
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлерi, қарттар үйлерi және сол сияқтылар
1 орын
1
3
Қонақүйлер, санаторийлер, демалыс үйлерi
1 орын
1
4
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
0,3992
5
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақбанктерi, байланыс бөлiмшелерi
1 қызметкер
0,275
6
Емханалар
1 келіп кету
0,275
7
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелерi
1 төсек-орын
1,0
8
Мектептержәнеөзге де оқуорындары
1 оқушы
0,12
9
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелерi
1 отыратын орын
0,0001
10
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгiклубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы
1 отыратын орын
0,2
11
Мұражайлар, көрмелер
жалпы алаңы 1 м2
-
12
Стадиондар, спорт алаңдары
жоба бойынша 1 орын
0,2
13
Спорт, бижәнеойынзалдары
жалпы алаңы1 м2
0,2
14
Азық-түлiк, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер
сауда алаңы1 м2
1,23
15
Машиналардан сату
сауда орнының 1 м2
-
16
Базарлар, сауда павильондары, дүңгiршектер, сөрелер
сауда алаңы1 м2
0,974
17
Азық-түлiк тауарларының көтерме базалары, қоймалары
жалпы алаңы 1 м2
-
18
Өнеркәсiптiк тауарлардың көтерме базалары, қоймалары
жалпыалаңы 1 м2
-
19
Тұрмыстыққызмет көрсету үйi: халыққа қызмет көрсету
жалпыалаңы 1 м2
0,2
20
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
жалпыалаңы 1 м2
0,5
21
Жағажайлар
жалпы алаңы1 м2
-
22
Дәрiханалар
сауда алаңы1 м2
0,91
23
Автотұрақтар, автомобильдi жуу орындары, АЖС, гараждар
1 машина-орын
0,107
24
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
0,2
25
Гараж кооперативтерi
1 гаражға
-
26
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмысорны
0,2
27
Кiржуатын орындар, химиялықтазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тiгiн ательесi
жалпыалаңы1 м2
0,27
28
Зергерлiк, аяқкиiмдi, сағаттарды жөндеу шеберханалары
жалпыалаңы1 м2
0,06
29
Ұсақ жөндеу және қызмет көрсету орындары (кiлттержасаужәнесолсияқтылар.)
1 жұмысорны
0,06
30
Моншалар, сауналар
жалпыалаңы1 м2
0,23
31
Ауданның аумағында жаппай iс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар
1000 қатысушы
-
32
Бау-бақша кооперативтерi
1 учаске
0,0019
Басқа 10
Қазығұрт аудандық
мәслихатының 2017
жылғы 27 желтоқсандағы
№25/153-VI шешіміне
қосымша
Қазығұрт ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерi
№
Р/с
Атаулары
Есептік бірлік
Баға,
теңгемен
1
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері
1.1
Жайлы үйлер
1 адам
105
1.2
Жайсыз үйлер
1 адам
94
1.3
Заңды тұлғалар
1 текше метр
1189
2
Тұрмыстық қаты қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифтері
2.1
Жеке тұлғалар
1 текше метр
105
2.2
Заңды тұлғалар
1 текше метр
260