О Правилах общего водопользования города Нур-Султана Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нұр-Сұлтан қаласының ортақ су пайдалану қағидалары туралы 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, Заңына, «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №19-1/252 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімiнде № 11434 болып тіркелген) сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының ортақ су пайдалану қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет орғандарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Астана қаласының«Алматы» ауданының әкімі Ә. Сәрсембаев Астана қаласының«Есіл» ауданының әкімі Е. Бөлекпаев Астана қаласының«Сарыарқа» ауданының әкімі А. Тұрлыбек «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (ТРжТПБ) басшысы М. Танабаев Қазақстан Республикасы Энергетика Министрилігі экологиялық реттеу «Астана қаласы бойынша Экология департаменті» РММ «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (СРПРжҚЕБИ) басшысы М. Аяшев «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (АШБ) басшысы А. Досанов
Басқа 1
Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 220/25-VI шешіміне 1-қосымша Нұр-Сұлтан қаласының ортақ су пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұр-Сұлтан қаласының ортақ су пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағида) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексіне және «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік-аумақтық шекараларында орналасқан су объектілерінде ортақ су пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) су объектісінің бассейні – гидравликалық жағынан байланысты су айдындары мен ағын сулардың су жинау алаңдарын қамтитын аумақ;
Тармақша 2
2) жер үсті су объектілері – шекарасы, көлемі мен су режимі бар, құрлық бетінде оның бедері нысанында сулардың тұрақты немесе уақытша жинақталуы;
Тармақша 3
3) өзендерге теңестірілген арналар – суды бір бассейннен екіншісіне, сондай-ақ бір өзен жүйесінен екіншісіне ауыстыруға арналған жасанды құрылыстар;
Тармақша 4
4) санитарлық қорғау аймағы – су сапасы нашарлауының алдын алу үшін сумен жабдықтау көзін (ашық және жер асты), су құбыры құрылыстарын және оларды қоршаған аумақты қорғау мақсатында белгіленген режим сақталуға тиіс сумен жабдықтау көзі мен су құбыры құрылыстарының төңірегінде арнайы бөлінетін аумақ;
Тармақша 5
5) су бұру – сарқынды суларды жинауды, тасымалдауды, тазартуды және су бұру жүйелері арқылы су объектілеріне және (немесе) жер бедеріне бұруды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жиынтығы;
Тармақша 6
6) су қорғау аймағы – судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшін шаруашылық қызметтің арнайы режимі белгіленетін су объектілеріне және су шаруашылығы құрылыстарына іргелес аумақ;
Тармақша 7
7) су объектілерін қорғау – су объектілерін сақтауға, қалпына келтіруге және үнемі молайтуға, сондай-ақ судың зиянды әсеріне жол бермеуге бағытталған қызмет;
Тармақша 8
8) су объектілерін пайдалану – жеке және заңды тұлғалардың материалдық немесе өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін су объектілерінің пайдалы табиғи қасиеттерін алу;
Тармақша 9
9) су пайдалану – жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану;
Тармақша 10
10) су пайдаланушы – өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 11
11) су режимі – су объектілері мен топырақ қабатындағы су деңгейінің, шығыстары мен көлемінің уақытқа қарай өзгеруі;
Тармақша 12
12) су тұтынушы – су объектілерінен су тұтынушы немесе су шаруашылығы ұйымдарының қызметтерін пайдаланушы және сумен жабдықтау жүйелерінен су алушы жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 13
13) сулар – су объектілерінде жинақталған барлық сулардың жиынтығы;
Тармақша 14
14) сумен жабдықтау – суды жинауды, сақтауды, дайындауды, беруді және сумен жабдықтау жүйесі арқылы су тұтынушыларға таратуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы.
Тарау 2. 2. Ортақ су пайдалану
2. Ортақ су пайдалану
Тармақ 3
3. Нұр-Сұлтан қаласының ортақ су пайдалануы халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшін су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берілмей және судың жай-күйіне әсер ететін құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Ортақ су пайдалануға:
Тармақша 1
1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;
Тармақша 2
2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда;
Тармақша 3
3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;
Тармақша 4
4) мал суару үшін.
Тармақ 5
5. Ортақ су пайдалану ортақ су пайдалану объектілерімен қатар ортақ су пайдалануға жатпайтын су объектілерінде жүзеге асырылуы мүмкін және арнайы рұқсаттың болуын қажет етпейді.
Тармақ 6
6. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.
Тармақ 7
7. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:
Тармақша 1
1) су объектілерін ұқыпты пайдалануы;
Тармақша 2
2) су объектілерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы;
Тармақша 3
3) су объектілерінде мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы;
Тармақша 4
4) су объектілерін және іргелес аумақтарын тиісті санитариялық нормаларға сай ұстауға, тұрмыстық, құрылыс және басқа да қалдықтармен қоқыстауға, іргелес аумақтарды ластаудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы жүзеге асыруы тиіс.
Тармақ 8
8. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:
Тармақша 1
1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;
Тармақша 2
2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;
Тармақша 3
3) ескерту немесе тыйым салу жазулары бар арнайы ақпараттық белгілер қойылмаған орындарда шомылуға;
Тармақша 4
4) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;
Тармақша 5
5) аумақта жанар-жағар май материалдарын сақтауға;
Тармақша 6
6) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға жол берілмейді.
Тармақ 9
9. Экологиялық, техникалық және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуі немесе оған тыйым салынуы мүмкін.
Тармақ 9-1
9-1. Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты (бұдан әрі – мәслихат) азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, Қағидаға сәйкес тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді айқындайды.
Тармақ 9-2
9-2. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан су нысандарының ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, мынадай орындарда шомылуға жол берілмейді: «Алматы» ауданы бойынша:
Тармақша 1
1) Есіл өзені, «Күйгенжар» тұрғын алабы, координаттары 51.0988722, 71.711643 бастап 51.099481, 71.713921 дейін;
Тармақша 2
2) Есіл өзені, «Күйгенжар» тұрғын алабы, координаттары 51.100890, 71.684022 бастап 51.101614, 71.681885 дейін;
Тармақша 3
3) Есіл өзені, «Интернациональный» тұрғын алабы, координаттары 51.118704, 71.604843 бастап 51.117608, 71.606590 дейін;
Тармақша 4
4) Есіл өзені, «Интернациональный» тұрғын алабы, координаттары 51.120570, 71.589686 бастап 51.120892, 71.589228 дейін;
Тармақша 5
5) Есіл өзені, «Достық» шағын ауданы, координаттары 51.124050, 71.581803 бастап 51.123206, 71.581357 дейін;
Тармақша 6
6) Есіл өзені, координаттары 51.147220, 71.441485 бастап 51.142843, 71.442893 дейін;
Тармақша 7
7) контрреттегіштің су арнасы, координаттары 51.095924, 71.593302 бастап 51.098834, 71.579842 дейін;
Тармақша 8
8) Есіл өзені, координаттары 51.10384, 71.499080 бастап 51.101847, 71.493910 дейін; «Байқоңыр» ауданы бойынша:
Тармақша 1
1) Есіл өзені, «Ататүрік» саябағының ауданы, координаттары 51.152099, 71.428750 бастап 51.148417, 71.439624 дейін;
Тармақша 2
2) Ақбұлақ өзені, координаттары 51.148274, 71.439928 бастап 51.169660, 71.486060 дейін;
Тармақша 3
3) «Көгілдір лагуна» қазаншұңқыры, координаттары 51.231347, 71.422926 бастап 51.230401, 71.426112 дейін, 51.230584, 71.422234 бастап 51.229822, 71.424063 дейін, 51.231347, 71.422926 бастап 51.230584, 71.422234 дейін, 51.230401, 71.426112 бастап 51.229822, 71.424063 дейін;
Тармақша 4
4) қазаншұңқыр, координаттары 51.230850, 71.373871 бастап 51.229590, 71.374799 дейін, 51.230497, 71.372825 бастап 51.229459, 71.374435 дейін, 51.230850, 71.373871 бастап 51.230497, 71.372825 дейін, 51.229590, 71.374799 бастап 51.229459, 71.374435 дейін; «Есіл ауданы» бойынша:
Тармақша 1
1) Есіл өзені,координаттары 51.157026, 71.411196 бастап 51.163497, 71.375755 дейін;
Тармақша 2
2) Есіл өзені, «Шұбар» тұрғын алабы, координаттары 51.151318, 71.427601 бастап 51.137501, 71.442592 дейін;
Тармақша 3
3) Есіл өзені, «Тельман» тұрғын алабы, координаттары 51.103065, 71.499413 бастап 51.101167, 71.494597 дейін;
Тармақша 4
4) Есіл өзені, «Западный» саяжай алабы,координаттары 51.167060, 71.374018 бастап 51.173214, 71.342196 дейін;
Тармақша 5
5) «Нұра-Есіл» арнасы, «Пригородный» тұрғын алабы, координаттары 51.045525, 71.405860 бастап 51.067906, 71.421698 дейін;
Тармақша 6
6) Қарасу өзені, координаттары 51.064090, 71.566279 бастап 51.069140, 71.566888 дейін; «Сарыарқа» ауданы бойынша:
Тармақша 1
1) Есіл өзені, координаттары 51.152244, 71.428404 бастап 51.164834, 71.374936 дейін;
Тармақша 2
2) Есіл өзені, «Көктал-1» тұрғын алабы, координаттары 51.164879, 71.374359 бастап 51.173156, 71.343614 дейін;
Тармақша 3
3) Есіл өзені, «Көктал-1» тұрғын алабы, координаттары 51.173559, 71.342732 бастап 51.173394, 71.332762 дейін.
Тармақ 9-3
9-3. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыс жайларындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша жергілікті атқарушы органы белгілейді.
Тармақ 10
10. Су айдынындағы демалу орындарын жабдықтау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10335 болып тіркелген) бекітілген Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларына сәйкес жүргізілуі тиіс.
Тармақ 11
11. Су объектiлерiн мал суару үшін пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерлерде және су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда рұқсат етіледі.
Тармақ 12
12. Су пайдаланушылар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға және су объектілерін ластанудан және суалудан қорғау бойынша іс-шараларды жүргізуге міндетті.
Тармақ 13
13. Су шаруашылығы құрылыстарының меншiк иелері су шаруашылығы құрылыстары жұмыстарының ұйымдастыруын, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың сақталуына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 13-1
13-1. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Су пайдаланушылар су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында жеке тұлғалардың қауіпсiздiгiн қамтамасыз етуге міндетті.
Тарау 3. 3. Ерекше жағдайдағы ортақ су пайдалану
3. Ерекше жағдайдағы ортақ су пайдалану
Тармақ 15
15. Су объектілерін ауыл шаруашылығы мұқтажына пайдалану жалпы және арнайы су пайдалану тәртібімен Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Оқшаулау немесе бірлесе пайдалануға берілген су айдындарында осы Қағидамен белгіленген ортақ су пайдаланудың талаптары ескеріледі.
Тармақ 17
17. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.
Тармақ 17-1
17-1. Су пайдаланушы мәслихаттың оң шешімін алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға жол берілмейтіндігі және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 18
18. Су пайдалану құқығын шектеу халықтың ауыз су және тұрмыстық мұқтаждары үшін су ресурстарын пайдалану жағдайын нашарлатпауға тиіс.
Тармақ 19
19. Ортақ су пайдалануға тыйым салу немесе оны шектеу жөніндегі ақпараттық белгілерді орнатуды су объектілері жеке немесе бірлесіп пайдалануға берілген жеке және заңды тұлғалар қамтамасыз етеді.
Тармақ 20
20. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Нұр-Сұлтан қаласының жер үсті су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берілген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.
Тармақ 21
21. Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбi, кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi және оларды пайдалану қағидалары Кодекстің 105-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. Қауіпсіздік және кеме қатынасы, адам өмірі мен денсаулығын қорғау, жүктерді сақтау мақсатында жүзеге асырылатын кеме қозғалыстарын шектеу немесе тыйым салу «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Тармақ 23
23. Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік-аумақтық шекараларындағы су объектілерінде арнайы бөлінген жерлерден тыс орындарда кемелердің тоқтауына тыйым салынады.
Тармақ 24
24. Су объектілеріне, жағалауға және жағалауға жақын су айдыны аумақтарына сұйық (оның ішінде мұнай өнімдері) мен қатты қалдықтарды тастауға, сондай-ақ кемелерден ағынды ағызуға жол берілмейді.
Тармақ 25
25. Кемелерді пайдалану кезінде пайда болған суларды ағызу, қатты қалдықтарды, сумен келген қоқыстарды, мұнай өнімдерін бейтараптандыру және жинау Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына және санитарлық ережелері мен нормаларының талаптарына сай тұрақ орындарында жүргізіледі.
Тармақ 26
26. Жергілікті атқарушы орган Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады.
Тармақ 27
27. Оқшалау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, мәслихаттың шешімінде өзгеше белгіленбесе, Кодекстің  67-бабының 3-тармағына және 68-бабының 4-тармағына сәйкес ортақ су пайдалану шарттары немесе оған тыйым салу туралы жариялайды.
Тармақ 27-1
27-1. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатындығын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы мәслихатқа ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатындығын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.
Тармақ 27-2
27-2. Мәслихат ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатындығын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.
Тарау 4. 4. Нұр-Сұлтан қаласының су объектілерінде ортақ су пайдалануды бақылау
4. Нұр-Сұлтан қаласының су объектілерінде ортақ су пайдалануды бақылау
Тармақ 28
28. Осы Қағиданың сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. Нұр-Сұлтан қаласы аумағында жалпы су пайдалану саласындағы бұзушылықтарға су пайдаланушылар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапты болады.
Басқа 2
Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсадағы № 220/25-VI шешіміне 2-қосымша Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 538/77-IV «Астана қаласының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидасы туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 19 қаңтарда № 711 болып тіркелді, 2012 жылғы 24 қаңтардағы «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
Тармақ 2
2. «Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 91/11-V «Астана қаласы маслихатының 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 538/77-ІV «Астана қаласының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 766 болып тіркелді, 2013 жылғы 19 қаңтардағы «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
Тармақ 3
3. Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 24 маусымдағы № 384/54-V «Астана қаласының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 538/77-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 928 болып тіркелді, 2015 жылғы 1 тамыздағы «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).