О системе оплаты труда Күшін жойған
Басқа 0
"Еңбекақы төлеу жүйесі туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" 2002 жылы 11 қаңтардағы N 41 қаулысын орындау мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған орман, балық, аңшылық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласының бағыныңқы ведомстволық мемлекеттiк ұйымдарының мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi үшiн мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу Ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Басқару және қаржы департаментi директорының мiндетiн атқарушы А.Р. Үмбетоваға жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен сәттен бастап күшiне енедi және 2002 жылғы 1 қаңтардан басталған қатынастарға таратылады.
Келiсiлдi
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау министрлігінің
2002 жылғы 19 наурызда
Басқа 4. Орман, балық, аңшылық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласының мемлекеттiк ұйымдарының мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi үшiн мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу Ережесi
Қазақстан Республикасы
Табиғи ресурстар және
қоршаған ортаны қорғау
министрiнiң
2002 жылғы 19 наурыздағы
N 76-п бұйрығымен
бекiтiлдi
Орман, балық, аңшылық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласының мемлекеттiк ұйымдарының мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi үшiн мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу Ережесi
Тармақ 1
1. Осы Ережелер орман, балық, аңшылық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласының мемлекеттiк ұйымдарының мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi үшiн мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу тәртiбi мен шартын реттейдi.
Тармақ 2
2. Мамандығы бойынша жұмыс стажына орман, балық, аңшылық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласының мемлекеттiк ұйымдарында және тәуелсiз басқа да ұйымдарда ұйымдық-құқық нысанына байланыссыз iстеген барлық жұмыс уақыты кiредi, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) сол мамандығы бойынша мемлекеттiк қызметте болған;
Тармақша 2
2) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың, Қарулы күштердегi мерзiмсiз қызметтегi әскери қызметшiлердiң, iшкi, шекара әскерлерiнде, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс басқармалары органдарында және бөлiмшелерiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзету қызметiнде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында мiндеттi әскери қызметiн өткерген, сондай-ақ интернационалдық борышын орындаған, оның iшiнде тиiстi құжаты барында әскери қызметкерлердiң тұтқында болған;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы ҚСР Одағының прокуратура органдарында, iшкi iстер органдарында, соттарында, ҚСРО-ның мемлекеттiк қауіпсiздiк комитетi органдарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсiздiк органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнде еңбек сiңiрген жылдарына үстемақы алу құқығын беретiн лауазымдарда жұмыс iстеген уақыты кiредi;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Мәслихат депутаты өкiлеттiгiн жүзеге асырған уақыты;
Тармақша 5
5) екi қабат және бала туғанға байланысты демалыс, сондай-ақ заңдарға сәйкес баланы күту жөнiндегi жалақыны сақтамай қосымша демалыс уақыты;
Тармақша 6
6) жұмыстан дұрыс шығармаған кезде лажсыз жұмыссыз жүру немесе басқа жұмысқа ауысу және кейiнiрек Министрлiктiң мекемелерiнде жұмысқа тұру;
Тармақша 7
7) оның мемлекеттiк ұйымдардың жолдамасымен кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру курстарында жұмыстан қол үзіп оқыған;
Тармақша 8
8) егер шетелге жiберер алдында қызметкер мамандығы бойынша мемлекеттiк ұйымдарда жұмыс iстеген болса және көшу уақытын қоспағанда, шетелден қайтып келген күнiнен бастап екi айдың iшiнде мемлекеттiк органға қызметке тұрса, шетелде жұмыс iстеген;
Тармақша 9
9) оның еңбек қызметi өткен ұйымдардағы мамандықтармен бiрдей қызмет саласына байланысты емес лауазымдарда жұмыс iстеген уақыты кiредi.
Тармақ 3
3. Осы Ережеге сәйкес есептелетiн мамандық бойынша жұмыс стажы күнтiзбелiк есептеуде ескерiледi.
Тармақ 4
4. Қызметшiлердiң күнтiзбелiк ай уақытында лауазымдық жалақысын көтеру құқығы болғанда лауазымдық жалақы стажды есепке алумен бiрге осы құқықтың берiлген күнiнен бастап жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Қызметкерлердiң мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу үшiн еңбек қызметiн растайтын негiзгi құжаттар болып еңбек кiтапшасы (ол бар болса) немесе еңбек шарты немесе жұмысқа қабылдау мен жұмыстан босату туралы бұйрықтардан көшiрме болып табылады.
Тармақ 6
6. Мамандығы бойынша жұмыс стажын және мамандықтардың еңбек стажын тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiтетiн еңбек стажын белгiлеу жөнiндегi комиссия анықтайды.
Тармақ 7
7. Мамандығы бойынша еңбек стажын белгілеу туралы комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Шешiмнiң көшiрмесi екi данада жасалынады және бiр данасы - кадр қызметiне, екiншiсi - бухгалтерияға беріледi.