Об утверждении Инструкции о формах и сроке представления страховыми (перестраховочными) организациями отчетов по страховой и перестраховочной деятельности Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру және қайта сақтандыру қызметі жөніндегі есептерінің нысандары мен ұсыну мерзімі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126-ІІ Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру және қайта сақтандыру қызметі жөніндегі есептерінің нысандары мен ұсыну мерзімі туралы нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсін.
Басқа 7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру және қайта сақтандыру қызметі жөніндегі есептерінің нысандары мен ұсыну мерзімі туралы нұсқаулық
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 16 ақпандағы N 46 "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру және қайта сақтандыру қызметі жөніндегі есептерінің нысандары мен ұсыну мерзімі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру және қайта сақтандыру қызметі жөніндегі есептерінің нысандары мен ұсыну мерзімі туралы нұсқаулық
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі - уәкілетті мемлекеттік орган) бақылау және қадағалау қызметін қамтамасыз ету мақсатында жасалды және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрі - сақтандыру ұйымдары) сақтандыру және қайта сақтандыру қызметі жөніндегі есептерін жасау бойынша негізгі талаптарды анықтайды.
Тармақ 2
2. Сақтандыру және қайта сақтандыру қызметі жөніндегі есептерді (бұдан әрі - есептер) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сондай-ақ лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе оны қайтарып алу жағдайында қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелері бар барлық сақтандыру ұйымдары ұсынады.
Тарау 2. 2-тарау. Есептерді жасау жөнінде жалпы нұсқау
2-тарау. Есептерді жасау жөнінде жалпы нұсқау
Тармақ 3
3. Есептер сақтандыру ұйымдарының бухгалтерлік есеп деректері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің "Бухгалтерлік есепке алу туралы" Заң күші бар Жарлығына және осы Нұсқаулықтың NN 1-3 қосымшаларына сай нысандар бойынша Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес жасалады.
Тармақ 4
4. Есептерге сақтандыру ұйымының бірінші басшысы, бас бухгалтер және оны жасауға жауапты адам қол қояды. Есепке қол қоюшы адам оның шынайылығына және толықтығына Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауап береді.
Тармақ 5
5. Есептер уәкілетті мемлекеттік органға қағазбен, сол сияқты электрондық байланыс құралдарымен немесе дискетпен беріледі. Түзетулері мен тазартулары бар ұсынылған есептер тексерілместен қайтарылады және уәкілетті мемлекеттік орган қабылдамады деп саналады. Қағазда көрініс тапқан деректер электрондық тасымалдаушыдағы немесе дискеттегі осыған ұқсас деректермен сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 6
6. Есепке өзгерістер немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда сақтандыру ұйымы есептерді ұсынған сәттен бастап үш күн ішінде уәкілетті мемлекеттік органға өзгерістер немесе толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш ұсынады. Есептердің түпкілікті нұсқасын ұсынған күн есептер ұсынылған күн болып саналады.
Тармақ 7
7. Есептердегі барлық деректер ондық белгілерсіз мың теңгемен көрсетіледі. 500 теңгеден кем сома есепте нольге дейін дөңгелектенеді, ал 500 теңге және одан жоғары сома - мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Тармақ 8
8. Есептер уәкілетті мемлекеттік органның сақтандыруды қадағалау бөлімшесіне есеп беріп отырған айдан кейінгі айдың 5-інен кешіктірілмей ұсынылады.
Тармақ 9
9. Егер ұсыну мерзімі жұмыс емес күнмен (демалыс, мереке күндері) тұспа-тұс келсе, есептерді ұсыну күні келесі жұмыс күні болып саналады.
Тарау 3. 3-тарау. Сақтандыру қызметі бойынша есепті жасау жөніндегі нұсқау
3-тарау. Сақтандыру қызметі бойынша есепті жасау жөніндегі нұсқау
Тармақ 10
10. N 1 бағанда қайта сақтандыруға берілген және қабылданғандарды қосқанда жасалған сақтандыру шарттарының саны көрсетіледі.
Тармақ 11
11. N 2 бағанда сақтандырылған объектілер мен тұлғалардың саны көрсетіледі.
Тармақ 12
12. N 3 бағанда қайта сақтандыруға берілген және қабылданғандарды қосқанда сақтандыру сыйлықақыларының сомасы көрсетіледі.
Тармақ 13
13. N 4 бағанда сақтандыру оқиғалары орын алған шарттардың саны көрсетіледі.
Тармақ 14
14. N 5 бағанда N 4 бағанда көрсетілген шарттар бойынша сақтандырылған объектілердің немесе тұлғалардың саны көрсетіледі.
Тармақ 15
15. N 6 бағанда N 4 бағанда көрсетілген сақтандыру төлемдерінің сомасы көрсетіледі.
Тармақ 16
16. N 1-6 бағандардағы мәліметтер ағымдағы жылдан бастап есепті жасау күніне шейін өспелі жиынтықпен көрсетіледі.
Тармақ 17
17. N 7 бағанда есеп беру кезеңінің аяғындағы қолданыстағы шарттар бойынша сақтандыру сомасының қалдықтары көрсетіледі.
Тармақ 18
18. 2.4., 3.15-жолдарында N 1-7 бағандардың сақтандырудың барлық түрлері бойынша көрсеткіштерінің жиынтық мәні көрсетіледі.
Тармақ 19
19. Сақтандыру түрлері бойынша мәліметтер есептің ажырамас бөлігі болып табылатын түсіндірме жазбада ашып талданып көрсетіледі. Түсіндірме жазбада есептің N 1-7 бағандарында көзделген барлық дерек болуы тиіс.
Тарау 4. 4-тарау. Қайта сақтандыру қызметі бойынша есепті жасау жөніндегі нұсқау
4-тарау. Қайта сақтандыру қызметі бойынша есепті жасау жөніндегі нұсқау
Тармақ 20
20. Есеп есепті кезеңдегі қайта сақтандыруға қабылданған немесе берілген сақтандыру шарттары бойынша мәліметтерді көрсетеді.
Тармақ 21
21. N 1 және N 2 бағандарда резиденттерден және резидент еместерден қайта сақтандыруға тәуекелдерді қабылдау шарттары көрсетіледі.
Тармақ 22
22. N 3 бағанда N 1 және N 2 бағандар мәнінің сомасы көрсетіледі.
Тармақ 23
23. N 4 бағанда сақтандырылған объектілердің немесе тәуекелдерді қайта сақтандыруға қабылдау шарттарында көрсетілген тұлғалардың саны көрсетіледі.
Тармақ 24
24. N 5 бағанда қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша жауапкершіліктердің жалпы көлемі көрсетіледі.
Тармақ 25
25. N 6 және N 7 бағандарда резиденттерге және резидент еместерге қайта сақтандыруға берілген шарттардың саны көрсетіледі.
Тармақ 26
26. N 8 бағанда N 6 және N 7 бағандар мәнінің сомасы көрсетіледі.
Тармақ 27
27. N 9 бағанда тәуекелдерді қайта сақтандыруға беру шарттарында көрсетілген сақтандырылған объектілердің немесе тұлғалардың саны көрсетіледі.
Тармақ 28
28. N 10 бағанда қайта сақтандыруға берілген шарттар бойынша жауапкершіліктердің жалпы көлемі көрсетіледі.
Тармақ 29
29. N 11 бағанда қайта сақтандыру шарттары бойынша берілген сыйлықақы сомасы көрсетіледі.
Тармақ 30
30. N 1-11 бағандардағы мәліметтер ағымдағы жылдан бастап есепті жасау күніне шейін өспелі жиынтықпен көрсетіледі.
Тармақ 31
31. 2.4 және 3.15-жолдарында N 1-11 бағандарындағы сақтандырудың барлық түрлері бойынша көрсеткіштердің жиынтық мәні көрсетіледі.
Тармақ 32
32. Сақтандыру түрлері бойынша мәліметтер есептің ажырамас бөлігі болып табылатын түсіндірме жазбада ашып талданып көрсетіледі. Түсіндірме жазбада есептің N 1-11 бағандарында көзделген барлық дерек болуы тиіс.
Тарау 5. 5-тарау. Қайта сақтандыру қызметі бойынша есепке Толықтыру жасау жөнінде нұсқау
5-тарау. Қайта сақтандыру қызметі бойынша есепке Толықтыру жасау жөнінде нұсқау
Тармақ 33
33. Қайта сақтандыру қызметі бойынша есепке Толықтыруда сақтандыру тәуекелі қайта сақтандыруға берілген қайта сақтандыру ұйымдары бойынша мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 34
34. N 1 бағанда жолдардың реттік номерлері көрсетіледі.
Тармақ 35
35. N 2 бағанда сақтандыру ұйымынан сақтандыру тәуекелдері қайта сақтандыруға қабылданған барлық қайта сақтандыру ұйымдарының атауы көрсетіледі.
Тармақ 36
36. N 3 бағанда Қазақстан Республикасының резиденті емес - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен рейтингтік агенттердің тізбесіне сай рейтингтік агенттік белгілеген қаржылық сенімділігінің рейтингі көрсетіледі.
Тармақ 37
37. N 4 бағанда шарт бойынша қайта сақтандыруға берілген сақтандыру тәуекелдерінің сомасы көрсетіледі.
Тарау 6. 6-тарау. Қорытынды ережелер
6-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 38
38. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледі.
Басқа 52. _____________ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының 200 жылғы _____________ САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША ЕСЕБІ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 16 ақпандағы N 46 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру және қайта сақтандыру қызметі жөніндегі есептерінің нысандары мен ұсыну мерзімі туралы нұсқаулыққа N 1 қосымша _____________ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының 200 жылғы _____________ САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША ЕСЕБІ Жол.|                              |Ағым­да­ғы жыл­дың|Ағым­да­ғы жыл­дың|Есеп­ті дар |                              |ба­сы­нан шар­ттар| ба­сы­нан мә­лім.|ке­зең. ко­ды|      Көр­сет­кіш­тер            |     жа­сау     | ден­ген сақ­тан.|нің |                              |               | ды­ру оқи­ға­ла­ры|ая­ғын. |                              |_______________|_______________|да­ғы |                              |Шарт.|Сақ.|сақ.|Шарт.|Сақ.|сақ.|сақ. |                              |тар. |тан.|тан.|тар. |тан.|тан.|тан. |                              |дың  |ды. |ды­ру|дың  |ды. |ды­ру|ды­ру |                              |са­ны |рыл.|сый.|са­ны |рыл.|тө. |со­ма. |                              |     |ған.|лық.|     |ған.|ле. |сы­ның |                              |     |дар.|ақы.|     |дар.|мі  |қал. |                              |     |дың |ла. |     |дың |    |ды­ғы |                              |     |са­ны|ры  |     |са­ны|    | |                              |_____|____|____|_____|____|____|_______ |                              |  1     2   3     4    5    6      7 1.     Міндетті сақтандыру - барлығы оның ішінде: 1.1    автокөлік құралдары иелерінің азаматтық құқықтық жауапкер. шілігі - барлығы оның ішінде: 1.1.1  заңды тұлғалар 1.1.2  жеке тұлғалар 1.2    тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық құқықтық жауапкершілігі - барлығы оның ішінде: 1.2.1  автомобиль тасымалы 1.2.2  темір жол тасымалы 1.2.3  әуе тасымалы 1.2.4  су тасымалы 1.3    ауыл шаруашылық өндірісі - барлығы оның ішінде: 1.3.1  ауыл шаруашылық дақылдарын жинау 1.3.2  ауыл шаруашылық малдары 1.3.3  негізгі қорлар және айналым құралдары 1.4    жеке нотариустардың азамат. тық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру - барлығы 1.5    соттарды және олардың мүлкін сақтандыру - барлығы 2.     Ерікті жеке сақтандыру - барлығы оның ішінде: 2.1    өмірді сақтандыру оның ішінде: 2.1.1  өмірді сақтандыру 2.1.2  аннуитеттік сақтандыру 2.2.   кездейсоқ оқиғалар мен аурудан 2.3    медициналық сақтандыру 2.4    сақтандыру түрлері - барлығы* 3.     Ерікті мүліктік сақтандыру - барлығы оның ішінде: 3.1    автокөлікті сақтандыру - барлығы оның ішінде: 3.1.1  заңды тұлғалар 3.1.2  жеке тұлғалар 3.2    темір жол көлігін сақтандыру - барлығы оның ішінде: 3.2.1  заңды тұлғалар 3.2.2  жеке тұлғалар 3.3    әуе көлігін сақтандыру - барлығы оның ішінде: 3.3.1  заңды тұлғалар 3.3.2  жеке тұлғалар 3.4    су көлігін сақтандыру - барлығы оның ішінде: 3.4.1  заңды тұлғалар 3.4.2  жеке тұлғалар 3.5    жүктерді сақтандыру - барлығы оның ішінде: 3.5.1  заңды тұлғалар 3.5.2  жеке тұлғалар 3.6    мүлікті сақтандыру - барлығы (3.1 - 3.5 жолдары бойынша сыныптарды қоспағанда) оның ішінде: 3.6.1  заңды тұлғалар 3.6.2  жеке тұлғалар 3.7    кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру - барлығы оның ішінде: 3.7.1  заңды тұлғалар 3.7.2  жеке тұлғалар 3.8    Автокөлік иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру - барлығы оның ішінде: 3.8.1  заңды тұлғалар 3.8.2  жеке тұлғалар 3.9    Темір жол көлігі иелерінің азаматтық құқықтық жауапкер. шілігін сақтандыру - барлығы оның ішінде: 3.9.1  заңды тұлғалар 3.9.2  жеке тұлғалар 3.10 Ғ Әуе көлігі иелерінің азаматтық құқықтық жауапкер. шілігін сақтандыру - барлығы оның ішінде: 3.10.1 заңды тұлғаларды 3.10.2 жеке тұлғаларды 3.11   Су көлігі иелерінің азаматтық құқықтық жауапкер. шілігін сақтандыру - барлығы оның ішінде: 3.11.1 заңды тұлғаларды 3.11.2 жеке тұлғаларды 3.12   Тасымалдаушының азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру оның ішінде: 3.12.1 заңды тұлғаларды 3.12.2 жеке тұлғаларды 3.13   Шарт бойынша азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтандыру оның ішінде: 3.13.1 заңды тұлғаларды 3.13.2 жеке тұлғаларды 3.14   Зиян шектіргені үшін азаматтық құқықтық жауапкер. шілікті сақтандыру (3.8 - 3.12 жолдары бойынша сынып. тарды қоспағанда) оның ішінде: 3.14.1 заңды тұлғаларды 3.14.2 жеке тұлғаларды 3.15   Жауапкершілік түрлері - барлығы* оның ішінде: 3.15.1 заңды тұлғаларды 3.15.2 жеке тұлғаларды 4.     Барлығы ___________________________________________________________________________ Сақтандыру ұйымының бірінші басшысы ______________ күні ____ Бас бухгалтер __________________ күні _____ Орындаушы ____________________ тел. ____________     МО
Басқа 53. _____________ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының 200 жылғы _____________ ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША ЕСЕБІ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 16 ақпандағы N 46 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру және қайта сақтандыру қызметі жөніндегі есептерінің нысандары мен ұсыну мерзімі туралы нұсқаулыққа N 2 қосымша ай сайын _____________ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының 200 жылғы _____________ ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША ЕСЕБІ ___________________________________________________________________________ Жол.|                          |  Қайта сақтандыруға      |Қайта сақтанды. дар |                          |      қабылданғаны        |руға берілгені коды|      Көрсеткіштер        |__________________________|________________ |                          | Шарттардың саны|Сақ.|Жау.|Шарттардың саны |                          |________________|тан.|ап. |_______________ |                          |Рези.|Рези.|Бар.|ды. |кер.|Рези.|Рези.|Бар. |                          |дент.|дент |лы. |рыл.|ші. |дент.|дент |лы. |                          |тер. |емес.|ғы  |ған.|лік.|терге|емес.|ғы |                          |ден  |тер. |    |дар.|тер.|     |терге| |                          |     |ден  |    |дың |дің |     |     | |                          |     |     |    |саны|кө. |     |     | |                          |     |     |    |    |ле. |     |     | |                          |     |     |    |    |мі  |     |     | ___________________________________________________________________________ 1     2     3   4    5     6     7     8 ___________________________________________________________________________ 1      1. Міндетті сақтандыру - барлығы 1.1    автокөлік құралдары иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігі оның ішінде: 1.1.2  - заңды тұлғалар 1.1.3  - жеке тұлғалар 1.2    тасымалдаушының жолаушы. лар алдындағы азаматтық құқықтық жауапкершілігі оның ішінде: 1.2.1  - автомобиль тасымалы 1.2.2  - темір жол тасымалы 1.2.3  - әуе тасымалы 1.2.4  - су тасымалы 1.3    ауыл шаруашылық өндірісі - барлығы: оның ішінде 1.3.1  - ауыл шаруашылық дақыл. дарын жинау 1.3.2  - ауыл шаруашылық малдары 1.3.3  - негізгі қорлар және айналым құралдары 1.4    жеке нотариустардың азаматтық құқықтық жауап. кершілігін сақтандыру - барлығы: 1.5    соттарды және олардың мүлкін сақтандыру - барлығы: 2      2. Ерікті жеке сақтандыру - барлығы: 2.1    өмірді сақтандыру 2.1.1  оның ішінде: - өмірді сақтандыру 2.1.2  - аннуитеттік сақтандыру 2.2    кездейсоқ оқиғалар мен аурудан 2.3    медициналық сақтандыру 2.4    сақтандыру түрлері - барлығы* 3      3. Ерікті мүліктік сақтандыру - барлығы 3.1    автомобиль көлігін сақтандыру - барлығы оның ішінде: 3.1.1  - заңды тұлғалар 3.1.2  - жеке тұлғалар 3.2    темір жол көлігін сақтандыру - барлығы оның ішінде: 3.2.1  - заңды тұлғалар 3.2.2  - жеке тұлғалар 3.3    әуе көлігін сақтандыру - барлығы оның ішінде: 3.3.1  - заңды тұлғалар 3.3.2  - жеке тұлғалар 3.4    су көлігін сақтандыру - барлығы оның ішінде: 3.4.1  - заңды тұлғалар 3.4.2  - жеке тұлғалар 3.5    жүктерді сақтандыру - барлығы оның ішінде: 3.5.1  - заңды тұлғалар 3.5.2  - жеке тұлғалар 3.6    3.1-ден 3.5-ке шейінгі жолдарда көрсетілген сыныптарды қоспағанда мүлікті сақтандыру - барлығы оның ішінде: 3.6.1  - заңды тұлғалар 3.6.2  - жеке тұлғалар 3.7    кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру - барлығы оның ішінде: 3.7.1  - заңды тұлғалар 3.7.2  - жеке тұлғалар 3.8    автокөлік иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, барлығы оның ішінде: 3.8.1  - заңды тұлғалар 3.8.2  - жеке тұлғалар 3.9    темір жол көлігі иелері. нің азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтан. дыру, барлығы оның ішінде: 3.9.1  - заңды тұлғалар 3.9.2  - жеке тұлғалар 3.10   әуе көлігі иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, барлығы оның ішінде: 3.10.1 - заңды тұлғалар 3.10.2 - жеке тұлғалар 3.11   су көлігі иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, барлығы оның ішінде: 3.11.1 - заңды тұлғалар 3.11.2 - жеке тұлғалар 3.12   тасымалдаушының азамат. тық құқықтық жауапкер. шілігін сақтандыру оның ішінде: 3.12.1 - заңды тұлғалар 3.12.2 - жеке тұлғалар 3.13   шарт бойынша азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтандыру, барлығы оның ішінде: 3.13.1 - заңды тұлғалар 3.13.2 - жеке тұлғалар 3.14   3.8-ден 3.12-ге дейінгі жолдар бойынша сыныптарды қоспағанда зиян шектіргені үшін азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтандыру оның ішінде: 3.14.1 - заңды тұлғалар 3.14.2 - жеке тұлғалар 3.15   жауапкершіліктердің түрі - барлығы* оның ішінде: 3.15.1 заңды тұлғалар 3.15.2 жеке тұлғалар ___________________________________________________________________________ 4      ЖИЫНТЫҒЫ/СОМАСЫ ___________________________________________________________________________ Сақтандыру ұйымының бірінші басшысы _______________ күні _____ Бас бухгалтер ___________________ күні ______ Орындаушы ________________ тел. ____________ МО таблицаның жалғасы ____________________________ Қайта сақтандыруға|        | берілгені      | Сыйлық.| __________________| ақылар | Сақтан. | Жауап.  | сомасы | дырыл.  | керші.  |        | ғандар. | ліктер. |        | дың     | дің     |        | саны    | саны    |        | |         |        | ____________________________ 9        10        11 ____________________________ ____________________________ ____________________________ ____________________________ ____________________________ ____________________________ ____________________________ ____________________________ ____________________________ ____________________________ ____________________________ ____________________________ ____________________________ ____________________________ ____________________________
Басқа 54. ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША ЕСЕПКЕ ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 16 ақпандағы N 46 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру және қайта сақтандыру қызметі жөніндегі есептерінің нысандары мен ұсыну мерзімі туралы нұсқаулыққа N 3 қосымша ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША ЕСЕПКЕ ҚОСЫМША Сақтандыру ұйымы _____________________ _______________ берілген сақтандыру тәуекелдері бойынша қайта сақтандыру ұйымдарының атауы ___________________________________________________________________________ Қаржылық        Қайта сенімділігінің  сақтандыруға N       Қайта сақтандыру ұйымдарының          рейтингі       берілген атауы                                    тәуекелдер сомасы ___________________________________________________________________________ 1                    2                            3             4 ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Сақтандыру ұйымының бірінші басшысы _______________ күні _____ Бас бухгалтер ___________________ күні ______ Орындаушы ________________ тел. ____________ МО