Об определении видов и порядка поощрений, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Хромтауском районе Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Хромтау ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңының 3 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Хромтау ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Хромтау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулыны Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Шілмановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Көтермелеудің түрлері
Хромтау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 313 қаулысымен БЕКІТІЛДІ Хромтау ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі және оларға ақшалай сыйақының мөлшері Көтермелеудің түрлері
Тармақ 1
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:
Тармақша 1
1) алғыс жариялау;
Тармақша 2
2) грамотамен марапаттау;
Тармақша 3. Көтермелеудің тәртібі
3) ақшалай сыйақы беру. Көтермелеудің тәртібі
Тармақ 2
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын, қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге ықпал еткен азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Хромтау ауданының әкімдігімен құрылған Хромтау ауданы бойынша қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық Комиссия (бұдан әрi - Комиссия) қарайды.
Тармақ 3
3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның қарауына Ақтөбе облысы полиция департаментінің Хромтау ауданының полиция бөлімінің бастығы енгізеді.
Тармақ 4
4. Комиссия қабылдаған шешім - көтермелеу үшін, ал Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының полиция департаменті бастығының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 5. Ақшалай сыйақының мөлшері
5. Көтермелеу түрiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушінің қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi. Ақшалай сыйақының мөлшері
Тармақ 6
6. Ақшалай сыйақының мөлшерi Комиссиямен белгiленеді және он еселік айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.
Тармақ 7
7. Ақшалай сыйақы төлеу облыстық бюджет қаражаты есебiнен Ақтөбе облысының полиция департаменті Хромтау ауданының полиция бөлімімен жүргiзіледі.
Тармақ 8
8. Көтермелеуге ақы төлеуге арналған қаражат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының полиция департаменті шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделедi.