Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғын үй көмегiн көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабының 2-тармағына және «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегiн көрсетудің тәртібі мен мөлшері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 шілдедегі №325 шешiмiнің (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 5092 нөмiрiмен тiркелген, 2015 жылғы 12 тамызда «Тіршілік тынысы» газетiнде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 4
Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №163 шешімімен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері (бұдан әрі-Тәртіп) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына және «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 қаулысына сәйкес әзірленді.
Тарау 1. 1-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
1-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Сырдария ауданында тұратын, жалғыз тұрғынжайы ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға): кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға; коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға; мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 10 пайыздан асырмай белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі «Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) тағайындалады.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегіне өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Сырдария аудандық бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) және «электронды үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 4-1
4-1. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Бөлімге немесе порталға тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
Тармақ 4-2
4-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Бөлімнен немесе порталдан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 5
5. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Бөлімге және/немесе портал арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
Тармақша 2
2) аз қамтылған отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;
Тармақша 3
3) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
Тармақша 4
4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
Тармақша 5
5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
Тармақша 6
6) банктік шоты;
Тармақша 7
7) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;
Тармақша 8
8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
Тармақша 9
9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
Тармақша 10
10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.
Тармақ 5-1
5-1. Бөлім арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Тармақ 5-2
5-2. Осы Тәртіптің 5-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Бөлімнің қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Тармақ 5-3
5-3. Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.
Тармақ 5-4
5-4. Бөлім өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 5-5
5-5. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.
Тармақ 5-6
5-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Бөлімге немесе электрондық құжат ретінде «жеке кабинетке» жіберіледі.
Тармақ 6
6. Уәкілетті органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі және тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
Тарау 2. 2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
Тармақ 7
7. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 7 (жеті) пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 8
8. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді. Егер шығыстарға нормативтер мен тарифтер заңнамамен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығындарды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:
Тармақша 1
1) электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға: 1 адамға – 70 киловатт; 2 адамға – 140 киловатт; 3 және одан да көп адамға –210 киловатт;
Тармақша 2
2) газ пайдалану нормалары 1 айға: 4 адамға дейін – 10 килограмм; 4 және одан да көп адамға –20 килограмм;
Тармақша 3
3) отын пайдалану (көмір) от жағу маусымына: 3 адамға дейін айына - 0,5 тонна; 3 және одан көп адамға айына - 1 тонна;
Тармақша 4
4) тұрғын үйді күтіп ұстау ай сайын: 1 адамға – 18 шаршы метр; Жалғыз тұратын адамдар үшін – 31 шаршы метр;
Тармақша 5
5) жылу мен жабдықтау ай сайын: 1 адамға – 18 шаршы метр; жалғызтұратын адамдар үшін – 31 шаршы метр;
Тармақша 6
6) тұрмыстық қалдықтарды шығару – ай сайын әр адамға тариф бойынша;
Тармақша 7
7) кәріз қызметтері - ай сайын әр адамға тариф бойынша;
Тармақша 8
8) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде;
Тармақша 9
9) коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.
Тарау 3. 3-тарау. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі
3-тарау. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі
Тармақ 10
10. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушылардың есепшоттарына екінші деңгейдегі банктер, сонымен қатар банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.