Об утверждении Правил конкурсного отбора и назначения руководителей государственных коммунальных предприятий Костанайской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысының мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары басшыларын конкурстық іріктеу және тағайындау Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 880 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасын, Қостанай облыстық мәслихатының 2001 жылғы 2 ақпандағы № 95 шешімімен бекітілген Қостанай облысының мемлекеттік коммуналдық мүлігін басқарудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасын орындау мақсатында, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысының мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары басшыларын конкурстық іріктеу және тағайындау Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Қостанай облысының мемлекеттік коммуналдық қәсіпорындары басшыларын конкурстық іріктеу және тағайындау Ережесі
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2002 жылғы 14 наурыздағы № 31 шешімімен бекітілген Қостанай облысының мемлекеттік коммуналдық қәсіпорындары басшыларын конкурстық іріктеу және тағайындау Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер Осы Ереже Қостанай облысы мемлекеттік коммуналдық қәсіпорындар басшыларының жауапкершілігі мен өкілеттіктерін, тағайындаудың, конкурстық іріктеудің тәртібі мен шартын белгілейді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 880 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған салалық бағдарламасына, Костанай облыстық мәслихатының 2001 жылғы 2 ақпандағы № 95 шешімімен бекітілген Қостанай облысының мемлекеттік коммуналдық мүлігін басқарудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес әзірленген.
Тарау 2. 2. Ережеде пайдаланатын ұғымдар
2. Ережеде пайдаланатын ұғымдар
Тармақ 1
1. Осы Ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады: мемлекеттік кәсіпорын - белгілі функцияларды орындау үшін заңнамамен бекітілген тәртіпте Қостанай облысының әкімияты немесе әкімімен құрылған шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы кәсіпорын; кәсіпорынның басшысы — осы Ереже белгілеген тәртіпте, уәкілетті органмен лауазымға тағайындалатын тұлға; уәкілетті орган — меншік иесімен уәкілетті, мемлекеттік кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асыратын, мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы.
Тарау 3. 3. Конкурс
3. Конкурс
Тармақ 2
2. Мемлекеттік кәсіпорын басшысының бос қызмет орнына орналасуға конкурсты Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік кәсіпорын басшысының бос қызмет орнына тең мүмкіндігінің конституциялық құқығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Конкурс бос қызмет орны пайда болған уақытынан басталып үш ай артық емес мерзімінде уәкілетті органмен (бұдан әрі — конкурсты ұйымдастырушы) өткізіледі.
Тармақ 4
4. Конкурсты өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Заңының және басқа да заңнамалық кесімдерінің талаптары сақталуы қажет.
Тармақ 5
5. Конкурстық комиссияның шешімі мемлекеттік кәсіпорын басшысының бос қызмет орнына орналасуы немесе осындай лауазымға орналасудан бас тартуы үшін негіздеме болып табылады.
Тарау 4. 4. Конкурсты өткізу шарты мен тәртібі
4. Конкурсты өткізу шарты мен тәртібі
Тармақ 6
6. Конкурс өзіне бірқатар дәйекті кезеңдерді енгізеді:
Тармақша 1
1) конкурстық комиссияның құрылуын;
Тармақша 2
2) конкурс ұйымдастырушысымен конкурс өткізу туралы хабарландырудың жариялануын;
Тармақша 3
3) конкурсқа қатысу үшін ықылас білдірген азаматтардан құжаттарды қабылдауды;
Тармақша 4
4) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын мемлекеттік кәсіпорын басшысының лауазымына белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетініне алдын ала қарастырылуын;
Тармақша 5
5) үміткерлердің сынақтан өтуін;
Тармақша 6
6) конкурсқа қатысушылармен тапсырылатын құжаттарды, олардың сынақтан өту қорытындысын қарастыратын, үміткерлермен әңгімелесуді өткізетін және мемлекеттік кәсіпорын басшысының лауазымына үміткерлерді соңғы іріктеуді жүзеге асыратын конкурстық комиссиясымен өткізілетін үміткерлермен әңгімелесуді;
Тармақша 7
7) конкурстық комиссияның қорытынды отырысын.
Тармақ 7
7. Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары қатысуға құқылы:
Тармақша 1
1) он сегіз жасқа толғандар;
Тармақша 2
2) белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес келетіндер. Біліктілік талаптары конкурс ұйымдастырушысымен белгіленеді;
Тармақ 8
8. Конкурсқа қатысуға мынадай азаматтар жіберілмейді:
Тармақша 1
1) осы ереженің 7 тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіндер;
Тармақша 2
2) заңдық күшіне енген сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке шектеулі қабілетті деп танылғандар;
Тармақша 3
3) сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылыққа байланысты мемлекеттік қызметтен босатылғандар;
Тармақша 4
4) заңнамамен қарастырылған басқа жағдайларда.
Тармақ 9
9. Конкурс ашық түрде өткізіледі.
Тармақ 10
10. Конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін уәкілетті органға қажетті құжаттарды ұсынған азаматтар, конкурсқа қатысушылар болып табылады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік кәсіпорын басшысының лауазымына орналасуға үміткерлер (бұдан әрі - үміткер) конкурстық комиссия шешімі негізінде сынақтауға жіберілген, конкурс қатысушылары болып табылады.
Тармақ 12
12. Конкурсқа қатысу жөніндегі шығындарды (сынақтау немесе әңгімелесу өткізілетін жерге бару және қайтадан кету, тұрғын үй—жайды жалдау, тұру, байланыстың бүкіл түрінің қызметтерін пайдалану) азаматтар өз қаражаттары есебінен өтейді.
Тарау 5. 5. Конкурс туралы хабарландыру
5. Конкурс туралы хабарландыру
Тармақ 13
13. Конкурс ұйымдастырушысы, ресми жарияланымдар үшін заңнамамен белгіленген тәртіпте, конкурс өткізу туралы хабарландыруды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарында жариялауға міндетті.
Тармақ 14
14. Конкурс өткізу туралы хабарландыруда келесі мәліметтер болуы қажет:
Тармақша 1
1) қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес еңбек ақысының шарттары мен мөлшері, негізгі қызметтік міндеттері белгіленген, басшының бос қызмет орны бар мемлекеттік кәсіпорынның атауы;
Тармақша 2
2) орналасқан жері, пошталық мекен-жайы, факс пен телефондардың нөмірі көрсетілген уәкілетті органның атауы;
Тармақша 3
3) конкурс қатысушысына қойылатын біліктілік талаптар;
Тармақша 4
4) құжаттарды қабылдау мерзімі (конкурс өткізу туралы хабарландырудың жарияланған сәтінен бастап 20 күнтізбелік күнінен кешіктірілмеген уақыт);
Тармақша 5
5) сынақ өткізілетін орын және мерзімі;
Тармақша 6
6) әңгімелесу өткізілетін орын және мерзімі. Хабарландыруда, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына қайшы келмейтін қосымша ақпарат болуы мүмкін.
Тарау 6. 6. Конкурстық комиссияның құрылуы
6. Конкурстық комиссияның құрылуы
Тармақ 15
15. Конкурс ұйымдастырушысы, мемлекеттік кәсіпорын басшысының бос қызмет орнына орналасуына үміткерлердің іріктелуін жүзеге асыратын уәкілетті конкурстық комиссия құрады.
Тармақ 16
16. Конкурстық комиссияның құрамы, осы Ережемен белгіленген тәртіпте лауазымына сәйкес тағайындау құқығына ие болатын уәкілетті орган басшысымен құрылады және бекітіледі.
Тармақ 17
17. Конкурстық комиссия алқалы орган болып табылады және төрағадан, хатшыдан (уәкілетті органның кадр қызметінің өкілі) және комиссия мүшелелерінен тұрады. Конкурстық комиссия мүшелелерінің саны, конкурстық комиссиямен шешім қабылдау кезінде дауыс беру құқығы жоқ хатшыдан басқа, үштен жетіге дейінгі жұп емес адам санынан тұрады.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік кәсіпорындарының басшыларына конкурстық іріктеуді жүзеге асыратын конкурстық комиссияның құрамына, келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің өкілі кіреді.
Тарау 7. 7. Құжаттарды қабылдау
7. Құжаттарды қабылдау
Тармақ 19
19. Конкурсқа қатысу үшін ықылас білдірген азаматтар, конкурс өткізіп жатқан мемлекеттік органға келесі құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) белгіленген нысан бойынша арызды (қосымша);
Тармақша 2
2) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке парақты (шынайы тұратын жерінің мекен-жайы мен телефоны оның ішінде байланыс телефоны да);
Тармақша 3
3) белгіленген нысан бойынша толтырылған сауалнамасы (қосымша);
Тармақша 4
4) нотариалдық немесе заңнамамен белгіленген тәртіппен басқа да куәландырылған білім туралы құжаттың көшірмесін;
Тармақша 5
5) еңбек өтілі туралы анықтаманы;
Тармақша 6
6) өмірбаянды;
Тармақша 7
7) белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы жөніндегі анықтаманы;
Тармақша 8
8) 3x4 өлшемімен 1 фотосуретті.
Тармақ 20
20. Азаматтар өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты қосымша мәліметтерді бере алады (біліктілікті жоғарлату, ғылыми дәреже мен атақ беру туралы құжаттардың, мінездеменің, кепілдеменің, ғылыми жарияланымның т.б. көшірмелері).
Тармақ 21
21. Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың беріп жіберген немесе олармен пошта арқылы жіберген құжаттары қабылданады.
Тармақ 22
22. Конкурсқа қатысушылардың құжаты және конкурстық комиссияның материалдары конкурстық комиссияның хатшысында (уәкілетті органның кадр қызметінде) сақталады.
Тарау 8. 8. Конкурс қатысушыларының құжаттарын қарастыру
8. Конкурс қатысушыларының құжаттарын қарастыру
Тармақ 23
23. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарастыруды, құжаттардың қабылдануы аяқталғаннан кейін, конкурстық комиссия жүзеге асырады.
Тармақ 24
24. Конкурстық комиссия 19 тармаққа сәйкес ұсынылған біліктілік талаптарына құжаттардың сәйкестігін талдайды.
Тармақ 25
25. Ұсынылған құжаттарды талдау негізінде конкурстық комиссия олардың сәйкестік қызметке белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы және комиссия төрағасының, мүшелері мен хатшысының қолы қойылған хаттама түрінде рәсімделген конкурсқа қатысушыларды сынақтауға жіберу туралы шешімді қабылдайды. Конкурсқа жіберілмеген катысушыларға шешім қабылданғаннан кейін ол туралы конкурстық комиссиясымен ескертіледі.
Тармақ 26
26. Сынақтауға жіберу туралы шешім әр өткізілген конкурс бойынша конкурстық комиссия бекіткен үміткерлер тізімі түрінде ресімделеді.
Тармақ 27
27. Конкурстық комиссия хабарландыруды жариялау сатысында сынақтау өткізудің кестесін құрастырады. Кестеге сәйкес конкурстық комиссия сынақтаудың өткізілетін орны мен уақыты туралы үміткерлерді ескертеді.
Тарау 9. 9. Үміткерлерді сынақтау
9. Үміткерлерді сынақтау
Тармақ 28
28. Сынақтаудың мақсаты болып үміткерлердің қабілеттіліктері мен білімдерін объективті бағалау табылады.
Тармақ 29
29. Сынақтаудың тәртібі мен бағдарламасы конкурс ұйымдастырушысымен белгіленеді, оның ішінде сынақтаудың бағдарламасына міндетті түрде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша сұрақтар енгізіледі.
Тармақ 30
30. Үміткердің сынақтау қорытындысы, сынақтаудың бағдарламасы өзгеріссіз қалу шартымен, сынақтау өткізілген сәттен бастап бір жылға тұрақты өзгеріссіз қалады.
Тармақ 31
31. Алдағы өткен сынақ сәтінен үш ай кейін бір бағдарлама бойынша үміткер сынақтан қайта өтуіне құқылы.
Тармақ 32
32. Конкурстық комиссиямен белгіленген ең төменгі көрсеткіштен төмен емес баға алған үміткерлер әңгімелесуге жіберіледі. Сынақтау нәтижелері ең төменгі көрсеткіштен төмен үміткерлер әңгімелесуге жіберілмейді. Сынақтаудан өткен үміткерлер конкурстық комиссиямен сынақтаудың нәтижелері туралы ескертіледі. Сонымен қатар, әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурстық комиссиямен өткізілетін әңгімелесуден өту үшін шақырылады.
Тарау 10. 10. Үміткерлермен әңгімелесу
10. Үміткерлермен әңгімелесу
Тармақ 33
33. Әңгімелесудің мақсаты болып үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау табылады.
Тармақ 34
34. Үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау кезінде конкурстық комиссия мемлекеттік кәсіпорын басшысының тиісті лауазымының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығына сәйкестігінен туындайды.
Тармақ 35
35. Әр үміткермен әңгімелесу барысы, оны өткізгеннен кейін төрағамен, конкурстық комиссияның мүшелелерімен, үміткермен, сондай-ақ хаттаманы жүргізген хатшымен қол қойылған, жеке хаттама ретінде ресімделеді.
Тармақ 36
36. Әңгімелесуді өткен үміткердің құжаттары, конкурстық комиссиямен оның қорытынды отырысында қаралады.
Тарау 11. 11. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы
11. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы
Тармақ 37
37. Қорытынды отырыста конкурстық комиссия үміткерлерді ұсынылған құжаттардың, сынақтаудың қорытындысы және өткізілген әңгімелесудің негізінде бағалайды және олардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшін іріктеуді жүзеге асырады.
Тармақ 38
38. Конкурстық комиссияның шешімі үміткердің қатысуынсыз ашық дауыс беру жолымен қабылданады.
Тармақ 39
39. Конкурстық комиссияның шешімі құқылылық деп есептеледі, егер отырыста оның құрамынан кем дегенде 2/3 қатысса.
Тармақ 40
40. Үміткер, егер ол үшін комиссия құрамынан қатысушыларының көбісі дауыс берген жағдайда, жағымды қорытынды алады. Дауыс беру кезінде дауыстар тең болса, конкурстық комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 41
41. Талқылау барысы және конкурстық комиссиямен қабылданған шешім, конкурстық комиссия төрағасының және комиссия мүшелерінің, сондай-ақ хаттама жазуды жүзеге асырған хатшының қолы қойылған хаттама түрінде ресімделеді.
Тармақ 42
42. Егер конкурстық комиссиясымен конкурс барысында ұсынылған бос қызмет орнына үміткерлер айқындалмаса, конкурс ұйымдастырушысымен конкурс қайта хабарландырылады.
Тармақ 43
43. Конкурстық комиссия әңгімелесуден өткен үміткерлерді конкурс қорытындысы туралы оның аяқталған күнінен бастап 5 күн ішінде хабарлайды.
Тарау 12. 12. Үміткердің лауазымға орналасуы
12. Үміткердің лауазымға орналасуы
Тармақ 44
44. Уәкілетті органның басшысы конкурстық комиссияның жағымды қорытындысын алған үміткерді жарияланған қызметке қабылдауға міндетті. Уәкілетті орган мен мемлекеттік кәсіпорын басшысының арасындағы еңбек қатынастары мемлекеттік кәсіпорын басшысының құқығы, міндеті және жауапкершілігі, оның еңбегінің, демалысының және материалдық қамсыздандыруының шарттары, жеке еңбек келісім—шартының мерзімі, аттестация өткізудің мерзімі мен заңнамамен қарастырылған кепілдер есебімен қызметінен босату негіздемесі белгіленген жеке еңбек келісім-жарты арқылы ресімделеді.
Тармақ 45
45. Мемлекеттік кәсіпорын басшысының жауапкершілігі мен өкілеттік шеңбері мемлекеттік кәсіпорын туралы қолданылып жүрген заңнамамен, сондай-ақ уәкілетті органымен жасалған жеке еңбек келісім-шартымен белгіленеді.
Тармақ 46
46. Конкурстық комиссияның жағымды қорытындысын алған азаматпен, жұмысқа қабылдау кезінде әдейі жасалған жалған мәліметтерді ұсыну, сәйкестік бос лауазымына қабылдануынан бас тарту немесе кейін жұмыстан босатылуы үшін негіздеме болып табылады.
Тарау 13. 13. Шағым беру тәртібі
13. Шағым беру тәртібі
Тармақ 47
47. Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлердің конкурстық комиссиясының шешімін сот тәртібінде шағымдануларына құқылары бар.
Тармақ 48
48. Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер тек оларға қатысты конкурстық құжаттамалармен, сынақтау және әңгімелесудің қорытындыларымен танысуға құқылы.
Тарау 14. 14. Қорытынды ережелер
14. Қорытынды ережелер
Тармақ 49
49. Осы Ереже әділет органында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
Басқа 94. АРЫЗ
2002 жылғы 14 наурыздағы № 31 шешімімен бекітілген Қостанай облысының мемлекеттік коммуналдық қәсіпорындары басшыларын конкурстық іріктеу және тағайындау Ережесіне 1-қосымша _______________________________ _______________________________ _______________________________ _______________________________ (конкурс ұйымдастырушының атауы) АРЫЗ 200___ж. «____» ____________ «__________________» газетінде хабарланған мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ___________________________________________________________________ бос қызмет (басшы лауазымының атауы) орнына орналасу конкурсқа қатысуына мені жіберуіңізге өтінемін. Қазақстан Республикасының мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары басшыларын тағайындау және конкурстық іріктеу Ережесінің негізгі талаптарымен таныстым, оларды орындауға міндеттенемін және келісемін. Осымен өзім ұсынған құжаттардың тұпнұсқалығы үшін өзімнің толық жауапкершілігімді растаймын. ________________________ ___________________________ (қолы) (Т.А.Ә.) 200____ж. «_______»_____________
Басқа 95. САУЛНАМА
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 14 наурыздағы № 31 шешімімен бекітілген Қостанай облысының мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары басшыларын конкурстық іріктеу және тағайындау Ережесіне 2-қосымша Фотосурет үшін орын САУЛНАМА (өз қолымен толтырылады)
Тармақ 1
1. Тегі__________________________________________________________________________ Аты____________________________________________________________________________ Әкесінің аты____________________________________________________________________
Тармақ 2
2. Азаматтық___________________________________________________________________ Егер өзгертсеңіз, қашан, көрсетіңіз_________________________________________________
Тармақ 3
3. Сотталдыңыз ба, қашан және не үшін____________________________________________
Тармақ 4
4. Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке шектеулі қабілеті бар деп танылдыңыз ба, қашан және не үшін ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________
Тармақ 5
5. Теріс қылықтар бойынша мемлекеттік қызметтен босатылдыңыз ба, қашан және не үшін _____________________________________________________________________________ 200___ж. «_____»______________ _____________________ (қолы)