Об утверждении тарифов на сбор, вывоз, утилизацию, переработку и захоронение твердых бытовых отходов по городу Темиртау Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Теміртау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Теміртау қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Теміртау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Теміртау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері
Теміртау қалалық мәслихатының 22 сессиясының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №22/5 шешіміне қосымша Теміртау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері Атауы Бір жылда жиналу нормасы м3 Тариф, теңге 1 м3 үшін (қосылған құнға салығымен) Бір айға құны (теңге) Заңды тұлғалар 2036,34 Жеке тұлғалар Жабдықталған тұрғын үй (1 тұрғынға) 1,65 2036,34 280,00 Жеке тұлғалар Жабдықталмаған тұрғын үй (1 тұрғынға) 2,15 2036,34 364,84