О льготах на проезд ветеранам и инвалидам Великой Отечественной войны, лицам, приравненным к ним, ветеранам и инвалидам труда онкологическим больным Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне және оған теңестірілген тұлғаларға, еңбек ардагерлері мен мүгедектеріне, онкологиялық науқастарға жол шығындарын төлеу жеңілдіктері туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы әкімдігінің 04.05.2007 № 153 қаулысымен. «2002 жылды Денсаулық жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 30 желтоқсандағы Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 каңтардағы № 59 қаулысын іске асыру және Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектерін және оған теңестірілген тұлғаларды, еңбек ардагерлері мен мүгедектерін, онкологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік камтамасыз ету мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Республикалық ғылыми зерттеу институттарына, ғылыми орталықтарға жоне Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне арналған клиникалық госпиталға емделуге жіберілетін Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне және оған теңестірілген түлғаларға, еңбек ардагерлері мен мүгедектеріне, онкологиялық науқастарға теміржолмен тегін барып-келу жеңілдіктері енгізілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы (Б. Жантеміров) 1055200159 «Жергілікті басқару органының резерві» бағдарламасының қаржысын азайту есебінен 2544000311 «Ұлы Отан соғысы ардагерлері және мүгедектеріне арналған ауруханалар мен емханалар» бағдарламасына 2000,0 мың теңге көлемінде қаржы бөлсін және қаржыны қайта бөлу мәселелсін облыстық мәслихат кезекті сессиясының қарауына ұсынсын.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қ. Әлжаңова) аталған санаттағы азаматтарға жол шығындарын «Ардагер» емханасы» мемлекеттік кәсіпорыны арқылы жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. «Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне және оған теңестірілген тұлғаларға, еңбек ардагерлері мен мүгедектеріне, онкологиялык науқастар мен оларға еріп баратын тұлғаларға жол шығындарын толеу жеңілдіктері туралы» Облыс Әкімінің 2001 жылғы 5 ақпандағы № 17 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Есіркеповке жүктелсін.