Об определении мест выездной торговли на территории Шахтинского региона Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шахтинск аймағы аумағында көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шахтинск аймағы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру орындары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Л. Д. Буравкоға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Шахтинск аймағы аумағында көшпелі сауда орындарының тізбесі
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 қаңтадағы № 1/02 қаулысына қосымша Шахтинск аймағы аумағында көшпелі сауда орындарының тізбесі
Тармақ 1
1. Қазақстан көшесі (№ 101/3 тұрғын емес ғимарат алдындағы алаң).
Тармақ 2
2. 40 лет Победы көшесі (№ 58 үй артындағы алаң).
Тармақ 3
3. Карл Маркс көшесі (№ 46 үй алдында).
Тармақ 4
4. Садовая көшесі (№ 58 үй аумағында).
Тармақ 5
5. Дзержинский көшесі (№ 4 тұрғын емес ғимарат аумағында).
Тармақ 6
6. Абай Құнанбаев даңғылы (№ 50 тұрғын емес ғимарат алдында).
Тармақ 7
7. Добровольский көшесі (Шахан кентінің Кеншілер мәдениет үйі ғимаратының алдындағы алаң).
Тармақ 8
8. Торговая көшесі (№ 13 үй аумағында).