Об утверждении положения об Апелляционной комиссии по рассмотрению жалоб на уведомление о результатах проверки Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 480-бабы 1-тармағына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 182-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 19 мамырдағы № 322 бұйрығының (Нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік тізбесінде № 15220 болып тіркелген Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 27 маусымда жарияланған) күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Апелляция департаменті (Қ.И. Миятов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде, қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығымен бекітілген Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кедендік реттеу туралы кодекс) 480-бабы 1-тармағына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 182-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленген және Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2009 жылғы 27 қарашадағы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты, Кедендік реттеу туралы кодексті, Салық кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін және өзге де құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Осы Ереженің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) жұмыс органы – Комиссия жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 2
2) өтініш беруші – шағым берген салық төлеуші (салық агенті) және (немесе) декларант не кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын адам;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган –салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
Тармақша 4
4) уәкілетті органның ведомствосы – салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуінқамтамасыз ететін уәкілетті органың ведомствосы;
Тармақша 5
5) шағым – уәкілетті органға өтініш берушімен берген тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым, сондай-ақ оған қосымша (қосымшалар).
Тармақ 4
4. Комиссия құрамына Комиссия Төрағасы, сондай-ақ сегіз адамнан тұратын Комиссия мүшелері кіреді.
Тарау 2. 2-тарау. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
2-тарау. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Уәкілетті органға келіп түскен шағым жұмыс органына жіберіледі.
Тармақ 6
6. Жұмыс органы шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелеріне: шағымның; салықтық тексеру актісінің және (немесе) көшпелі кедендік тексеру актісінің және (немесе) камералдық кедендік тексеру актісінің; тексеру нәтижелері туралы хабарламаның көшірмелерін жібереді. Құжаттардың көрсетілген көшірмелері Комиссия мүшелерінің: мемлекеттік органдар қызметкерлері болып табылатындарға – мемлекеттік органдардың Интранет-порталындағы бірыңғай электронды пошта жүйесінде; мемлекеттік органдар қызметкерлері болып табылмайтындарға - олармен жұмыс органдарына ұсынылған электронды пошта мекен-жайларына жіберіледі. Өтініш беруші шағымға қосымша материалдарды қоса берген жағдайда Комиссия мүшелері қажет болған кезде мұндай құжаттармен жұмыс органында таныса алады.
Тармақ 6-1
6-1. Жұмыс органы өтініш берушінің жазбаша қарсылығының және (немесе) алдын ала шешімге тыңдау хаттамасының көшірмесін өтініш берушіні тыңдау рәсімі аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия мүшелеріне жібереді.
Тармақ 7
7. Комиссия мүшелері оларға жіберілген материалдарды қарайды және жұмыс органына шағымдалып отырған мәселелер бойынша негіздемелерді қоса өз ұсынымдарын, оның ішінде тақырыптық тексеру жүргізу бойынша ұсыныстарын: мониторингке жататын ірі салық төлеушілер болып табылатын өтініш берушілер шағымдары бойынша, – жұмыс органы материалдарды жіберген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей; салық төлеушілердің басқа санаттарына жататын өтініш берушілер шағымдары бойынша,– жұмыс органы материалдарды жіберген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады; шағымға толықтыру (толықтырулар) бойынша, – жұмыс органы материалдарды жіберген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады. Комиссия мүшелерінің сұранымдары бойынша жұмыс органы осындай Комиссия мүшелеріне шағым қарау, шағым ұсынған тұлғаға қатысты, оның ішінде заңмен қорғалатын құпияға жататын, мәліметтер және (немесе) ақпарат ұсынылады.
Тармақ 7-1
7-1. Өтініш берушінің жазбаша қарсылығында және (немесе) алдын ала шешімге тыңдау хаттамасында бұдан бұрын шағымда көрсетілмеген негізді дәлелдер болған кезде, Комиссия мүшелері жұмыс органына өз ұстанымдарын жұмыс органы материалдарды жіберген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 8
8. Жұмыс органы шағымдалатын мәселелерді зерделейді, сондай-ақ Комиссия мүшелері ұсынған ұстанымдарды талдайды. Қажет болғанда жұмыс органы уәкілетті органның ведомствосына туындаған мәселелер бойынша жазбаша нысанда түсініктеме және (немесе) ұстаным беру туралы сұрау салу жібереді. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген сұрау салуға жауапты уәкілетті органның ведомствосы жұмыс органына осындай сұрау салуды алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде береді.
Тармақ 9
9. Жұмыс органы шағымдалып отырған мәселелерді, Комиссия мүшелерінің ұстанымдарын және уәкілетті орган ведомствосының жауаптарын зерделеу негізінде Комиссия отырысына шығару үшін материалдар дайындайды.
Тармақ 10
10. Осы ереженің 9-тармағында көрсетілген материалдар Комиссия отырысы өткізілгенге дейін Комиссия Төрағасына 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей танысу үшін ұсынылады.
Тармақ 11
11. Комиссия Төрағасының келісімі бойынша жұмыс органы кезекті Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады.
Тармақ 12
12. Комиссия отырыстары апта сайын әр бейсенбіде өткізіледі. Егер отырысты өткізу күні мереке күніне келетін болса, онда отырыс одан кейінгі жұмыс күніне ауыстырылады. Комиссия Төрағасы қажет болған жағдайда бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн режимінде отырыс тағайындайды, сондай-ақ отырысты өткізу күнін ауыстырады. Бұл ретте жұмыс органы Комиссия мүшелерін отырыс күнінің ауыстырылғаны туралы хабарландырады.
Тармақ 13
13. Қосымша түсіндірмелер қажет ететін сұрақтар туындаған кезде, отырысқа уәкілетті орган ведомствосының, сондай-ақ нәтижелері шағымдалып жатқан тексеруді жүзеге асырған мемлекеттік кірістер органының бейінді құрылымдық бөлімшелердің өкілдері шақырылады.
Тармақ 14
14. Отырысқа жұмыс органының өкілдері қатысады.
Тармақ 15
15. Егер отырысқа Комиссия мүшелерінің барлығы қатыспаған жағдайда, мұндай отырыс кворум болған кезде және уәкілетті орган ведомствосы өкілінің міндетті қатысуы шартында заңды деп есептеледі. Комиссия отырысын өткізу мақсатында кворум Комиссия Төрағасын қоса алғанда, дауыс беру құқығы бар Комиссия мүшелері санының жартысынан кем болмау қажет.
Тармақ 16
16. Комиссия салықтық, сол сияқты кедендік тексерулер бойынша шағымдарды қараған кезде, мүшенің - уәкілетті орган ведомствосы өкілінің қатысуы міндетті шарт болып табылады. Аталған Комиссия мүшесінің болмауы шағымдарды келесі Комиссия отырысына қарау үшін шығаруға негіз болып табылады. Комиссия салықтық, сол сияқты кедендік тексерулер бойынша шағымдарды қараған кезде «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан тиісті бағытқа тәлімгерлік ететін өкілдер қатысады.
Тармақ 17
17. Шағым мәселелері бойынша Комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың қарапайым көпшілік дауысымен ашық дауыс берумен қабылданады. «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері өзінің құзыретіне енетін мәселер бойынша (тәлімгерлік ететін бағыт бойынша) ғана дауыс береді. Дауыс санау кезінде «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан 1 (бір) дауыс есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысанда Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыс беру парағын толтыру арқылы жүргізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия Төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 17-1
17-1. Егер шағым берген салық төлеуші (салық агенті) және (немесе) сыртқы экономикалық қызметке қатысушы Комиссияның осындай мүшесіне жақын туысы (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, бірге туған және бірге тумаған аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), атасы, әжесі, немерелері), жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты (ерлі-зайыптылардың аға-інілері, апа-сіңлілері, ата-аналары мен балалары) болып табылса, сондай-ақ егер тікелей немесе жанама мүдделілік (мүдделер қақтығысы) бар болса, онда Комиссия мүшесі шағымды қарамайды және өз ұстанымын білдірмейді, сондай-ақ дауыс беруге қатыспайды. Комиссия мүшесі туындаған мүдделер немесе оның туындау мүмкіндігі туралы өзіне белгілі болғаннан дереу Комиссия төрағасын еркін жазбаша нысанда хабардар етеді.
Тармақ 18
18. Шағымдалған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешім түрлерін қабылдайды: шағым жасалып отырған тексеру нәтижелері туралы хабарлама өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын; шағым жасалып отырған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның толық немесе бір бөлігінің күші жойылсын.
Тармақ 19
19. Шағымды қарау нәтижелері бойынша Комиссия қабылдаған шешімдер осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Апелляциялық комиссия отырысының хаттамасында (бұдан әрі – Хаттама) көрсетіледі.
Тармақ 20
20. Комиссияның басқа да жұмысын ұйымдастыру мәселелері Комиссия Төрағасы бекітілген ережелерімен анықталады.
Тарау 3. 3-тарау. Комиссия отырысының нәтижелерін ресімдеу тәртібі
3-тарау. Комиссия отырысының нәтижелерін ресімдеу тәртібі
Тармақ 21
21. Хаттаманы жұмыс органы өкілдерінің санынан Комиссия хатшысы жүргізеді. Хаттамаға Комиссия Төрағасы, Комиссия хатшысы қол қояды.
Тармақ 22
22. Хаттамада: отырыс орны мен күні; қатысқан Комиссия мүшелерінің, шақырылған адамдардың (болған жағдайда), жұмыс органы өкілдерінің тізімі; шағым берген өтініш берушінің атауы немесе тегі, аты және әкесінің аты (егер ол тұлғаны куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес–сәйкестендіру нөмірі) (бұдан әрі – ЖСН (БСН)); шағымдалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның нөмірі мен күні; шағымдалған хабарламаны шығарған мемлекеттік кірістер органының атауы; қабылданған шешім қамтылуы тиіс.
Тармақ 23
23. Комиссия отырысында екі және одан да көп шағым бойынша мәселелер қаралған жағдайда әрбір шағым бойынша бөлек Хаттама ресімделеді.
Тармақ 24
24. Хаттама мен дауыс беру парақтары тиісті шағым материалдарына қосылады.
Тармақ 25
25. Егер Комиссия отырысы нәтижелері бойынша күн тәртібіне енгізілген шағымды қарау келесі Комиссия отырысына ауыстыру шешімі қаблданған жағдайда аталған шағым бойынша дауыс беру парақтары және Хаттама толтырылмайды.
Тарау 4. 4-тарау. Қорытынды ережелер
4-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 26
26. Кедендік реттеу туралы кодекстің 478-бабында және Салық кодексінің 180-бабында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган көрсетілген нормаларда көзделген мерзімдерде шағымдарды қараудан бас тартады. Бұл ретте, егер Кедендік реттеу туралы кодекс пен Салық кодексінің жоғарыда көрсетілген баптарында көзделген жағдайлар Комиссия мүшелеріне шағым бойынша материалдар берілгеннен кейін болған кезде, жұмыс органы Комиссия мүшелерін жүргізілген бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.
Тармақ 27
27. Бұрын шағымдалған және шешім шығарылған тексеру нәтижелері туралы хабарламаға қайта шағым түскен кезде уәкілетті орган мұндай шағымды қараусыз, сондай-ақ Комиссия отырысына шығармай қалдырады.
Тармақ 28
28. Егер өтініш беруші Кедендік реттеу туралы кодекстің 476-бабы 5-тармағына және Салық кодексінің 178-бабы 5-тармағына сәйкесшағымын Комиссия мүшелерінің қарауы барысында кері қайтарған жағдайда уәкілетті орган мұндай шағымды Комиссия мүшелерін жазбаша хабарландыра отырып, қараусыз қалдырады.
Тармақ 29
29. Комиссия мүшелері өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алған коммерциялық құпияны, қызметтік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпарат жариялауға жатпайды.
Тармақ 30
30. Комиссияның шағымдарды қарау бойынша өз уәкілеттігін жүзеге асыруы кезінде оның қызметіне араласуға және Комиссия мүшелеріне қандай да бір ықпал жасауға тыйым салынады.
Басқа 1
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережеге 1–қосымша нысан ___________________ шағымы бойынша жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) ___________________ Күні____________ Мә­се­ле № Мә­се­ле маз­мұ­ны Апел­ля­ци­я­лық ко­мис­сия мү­ше­сі­нің ше­ші­мі Қол­дай­мын Қол­да­май­мын __________________ Қолы Ескертпе: тікелей Апелляциялық комиссия отырысында толтырылады және дауыс беру нәтижелерін есепке алу үшін жұмыс органының қызметкерлеріне беріледі. «Қолдаймын», «Қолдамаймын» деген бағандарда қабылдаған шешімін негізге ала отырып, қол қойылады.
Басқа 2. Апелляциялық комиссия отырысының № ___ ХАТТАМАСЫ
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережеге 2–қосымша нысан Апелляциялық комиссия отырысының № ___ ХАТТАМАСЫ ________________ _______________ (орын) (күн) Апелляциялық комиссия төрағасы: (көрсетіледі) Апелляциялық комиссия мүшелері: (көрсетіледі) Апелляциялық комиссия хатшысы: (көрсетіледі) ҚАТЫСҚАНДАР: шақырылған адамдар (болған кезде): (көрсетіледі) жұмыс органының өкілдері: (көрсетіледі) _______________________________________________________________________шағымы (шағым берген тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес–сәйкестендіру нөмірі), шағымдалып отырған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның нөмірі мен күні, шағымдалып отырған хабарламаны шығарған мемлекеттік кірістер органының атауы көрсетіледі) ШЕШІМ:_______________________________________________________________________________ (қабылданған шешім көрсетіледі) Апелляциялық комиссия төрағасы: _________________ _____________________________________________________________________________________________ (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Апелляциялық комиссия хатшысы: _________________ _____________________________________________________________________________________________ (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)