Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Қаулы · № 05 · қабылданған 18.01.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-118584/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған Қаулы ·№ 05 ·18.01.2018
30.07.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов

Күшін жойған Қаулы ·№ 05 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
05
Қабылданған күні
18.01.2018
Көрсетілген редакция
30.07.2019 118584_415748.kaz
Соңғы өзгеріс
30.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18SG004563
ЭКБ идентификаторы
118584
Редакция идентификаторы
118584_415748
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:04

0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысы филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы әкімдігінің
2018 жылдың 18 қаңтарындағы
№ 05 қаулысына
қосымша
Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленген ұйымдардың тізімі

Ұйымдардың атаулары
Жұмыс орындарының саны
Квотаның пайызы
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны (адам)
1
«Атамекен Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
140
3%
4
2
«Шатило и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
50
2%
1
3
«Евротрейд Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
50
2%
1
4
«Солтүстік жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
50
2%
1
5
Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Пресновка әлеуметтік қызмет орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
130
3%
3

Қолданыстағы