Об утверждении Положения о лицензировании аудиторской деятельности и квалификационных требований Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудиторлық қызметтi лицензиялау туралы ереже мен бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.06.1999 № 878 қаулысымен. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Заң күшi бар Жарлығын (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Қоса берiлiп отырған: Аудиторлық қызметтi лицензиялау туралы ереже; аудиторлық қызметтi лицензиялауға бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.
Басқа 1. Аудиторлық қызметтi лицензиялау туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 ақпандағы N 274 қаулысымен бекiтiлген Аудиторлық қызметтi лицензиялау туралы ЕРЕЖЕ 📌 ЕСКЕРТУ. Мәтiнге өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.06.27. N 1026 қаулысымен.
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже алушыға (бұдан әрi - лицензия алушы) аудиторлық қызмет жүргiзуге арналған лицензия берудiң тәртiбiн, шарттарын және бiлiктiлiк талаптарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Аудиторлық қызметтi жүргiзуге арналған лицензияны Қазақстан Республикасының жеке адамдарына Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлiк есеп және аудит методологиясы департаментi (бұдан әрi - Департамент) бередi. Шетелдiк жеке адамдар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар лицензияларды, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының жеке адамдары сияқты шарттарда және сондай тәртiпте алады.
Тармақ 3
3. Заңды тұлға аудиторлық қызметтi жүзеге асырған жағдайда оның басшысының мiндеттi түрде барлық аудиторлық қорытындыларға қол қоюға құқы бар аталмыш қызметтi жүргiзуге арналған лицензиясы болуы тиiс.
Тарау ii. II. Лицензияларды берудiң шарттары және тәртiбi
II. Лицензияларды берудiң шарттары және тәртiбi
Тармақ 4
4. Аудиторлық қызметтi жүргiзуге арналған лицензиялар үш жыл мерзiмге берiледi. Лицензияны алу үшiн лицензия алушы Департаментке мынадай құжаттар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен нысан бойынша оны алуға өтiнiш;
Тармақша 2
2) лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн;
Тармақша 3
3) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк (егер лицензия алуға талаптанушы оның басшысы болып табылатын болса);
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бiлiктiлiк комиссиясының бiлiктiлiк куәлiгiн ұсынады. Лицензия алу үшiн ұсынылған барлық құжаттар Департаментте тiркеледi. Лицензия алушыдан осы Ережеде көзделмеген құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
Тармақ 5
5. Лицензия беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешiм қабылданғанға дейiн Департамент өтiнiшпен бiрге ұсынылған материалдарды, олардың толықтығы мен растығын, қызметтiң лицензияланатын түрiн жүргiзу шарттарының нормативтiк құқықтық актiлердегi ол үшiн белгiленген талаптарға сәйкестiгiн бағалай отырып қарайды.
Тармақ 6
6. Лицензияны беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешiм барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш алынған күннен бастап 30 күннiң iшiнде қабылданады. Лицензия беруден бас тарту туралы хабарлама өтiнiш берушiге бас тарту себебi көрсетiле отырып, жазбаша түрде берiледi.
Тармақ 7
7. Лицензияда: лицензия берген органның атауы: жеке адамдар үшiн - фамилиясы, аты, әкесiнiң аты, паспорттық деректерi (сериясы, нөмiрi, қашан және кiм бергенi, тұратын жерi); лицензияның қолданылу мерзiмi; аудиторлық қызметтi жүзеге асырудың шарттары; лицензияның тiркеу нөмiрi және берiлген күнi көрсетiледi.
Тармақ 8
8. Лицензияның қолданылу мерзiмiн ұзарту оны алу үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Тармақ 9
9. Лицензияны басқа жеке адамға беруге тыйым салынады.
Тармақ 10
10. Берiлген лицензия жеке адамды кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң күшi жойылған кезде заңды күшiн жояды.
Тармақ 11
11. Лицензияға лицензиялық органның басшысы қол қояды және ол осы органның мөрiмен расталады.
Тармақ 12
12. Лицензия: лицензия алушы лицензиядағы талаптарды орындамаған: сот лицензия алушыға жүзеге асыруға лицензиясы бар қызмет түрiмен айналысуға тыйым салған; лицензия берушi лицензияның қолданылуын тоқтатқан себептер жойылмаған жағдайларда заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, сот тәртiбiмен қайтып алынуы мүмкiн.
Тармақ 13
13. Лицензия берушi лицензияның күшiн тоқтата тұру себептерiн көрсете отырып, алты айға дейiнгi мерзiмде тоқтата тұруға құқылы. Тоқтата тұру, қайта қолдануға енгiзу туралы шешiмдi лицензия берушi қабылдайды. Лицензия берушi тоқтата тұру, қайта қолдануға енгiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш күндiк мерзiмде бұл жөнiнде жазбаша түрде лицензиялаушыға және Қазақстан Республикасының салық қызметiнiң органына хабарлайды. Лицензияның күшi аталған хабарламаны алған күннен бастап тоқтатыла тұрады, қайта қолдануға енгiзiледi. Лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған себептер жойылғаннан кейiн лицензия қайта күшiне енедi.
Тармақ 14
14. Лицензиялық органның шешiмдерi мен iс әрекетiне қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шағым жасалуы мүмкiн.
Тармақ 15
15. Департаменттiң лауазымды адамдары, лицензия алушылар осы ереженiң талаптары мен лицензиялық қызметтiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген тәртiбiнiң бұзылуы және тиiсiнше орындамағаны үшiн жауапкершiлiкте болады.
Тармақ 16
16. Лицензия бланкiлерiнiң ұсынушыға арналған бағалы қағаз деңгейiнде қорғалу дәрежесi сондай-ақ есепке алу сериясы мен нөмiрi болады және қатаң есептiлiктегi құжат болып табылады. Лицензиялар бланкiлерiн алуды, есепке алуды және сақтауды Департамент жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Аудиторлық қызмет жүргiзуге арналған лицензия Қазақстан Республикасының аумағында жарамды болады. Лицензия жоғалған жағдайда лицензияның дубликаты берiледi.
Басқа 25. Аудиторлық қызметтi лицензиялауға бiлiктiлiк талаптары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 ақпандағы N 274 қаулысымен бекiтiлген Аудиторлық қызметтi лицензиялауға бiлiктiлiк талаптары 📌 ЕСКЕРТУ. Мәтiнге өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.06.27. N 1026 қаулысымен.
Тармақ 1
1. Аудиторлық қызметтi жүргiзуге лицензия алу үшiн жеке адамдар мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
Тармақша 1
1) соңғы бес жылда үзiлiссiз жұмыс стажының болуы, оның iшiнде: практикалық бухгалтерлiк қызметте (бухгалтер, аудитор, бухгалтер-тексерушi немесе оларға теңестiрiлген мамандықтар), немесе кемiнде екi жылдың iшiнде практикалық бухгалтерлiк қызметпен қоса экономикалық жоғары оқу орындарында бухгалтерлiк есеп және аудит жөнiнде ғылыми-оқытушылық қызмет, немесе практикалық бухгалтерлiк қызметтен (кемiнде екi жыл) және экономикалық жоғары оқу орындарындағы бухгалтерлiк есеп және аудит жөнiндегi оқытушылық жұмысынан тұратын жиынтық жұмыс стажы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Бiлiктiлiк комиссиясының бiлiктiлiк куәлiгi болуы.
Тармақ 2
2. Лицензия бар адамдар өзiнiң кәсiби деңгейiн көтеру мақсатында Департамент бекiткен ережелерге сәйкес жыл сайын үзiлiссiз кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнде оқудан өтедi және әрбiр үш жылда бiлiктiлiк емтиханын тапсырады.