Об областной Бюджетной комиссии Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.02.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық Бюджет комиссиясы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 27.01.2005 № 13 қаулысымен. "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңын және "Республикалық Бюджет комиссиясы туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 7 ақпандағы № 801 Жарлығын басшылыққа ала отырып, облыс әкiмияты қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Облыстық Бюджет комиссиясы құрылсын және ол мынадай құрамда облыстық мәслихаттың бекiтуiне ұсынылсын: 📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облыстық әкiмиятының 2004 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысымен . Қасабеков Асқар Серiкбайұлы облыс әкiмiнiң орынбасары, төраға Сәрсенқұлов Жансейіт Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетінің төрағасы (келісім бойынша) Әлібекова Марина Борисқызы облыстық мәслихаттың депутаты, тексеру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) Комиссия мүшелерi: Илмұханбетова Шолпан Лазарқызы облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары Ұланова Жаңагүл облыстық қаржы басқармасының бөлім бастығы, хатшы Мұстапаев Рашит Тұранұлы облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Каджиков Таңатар Төребекұлы облыстық әдiлет басқармасы бастығының орынбасары (келiсiм бойынша) Качаков Аманжол Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi Агенттiгiнiң Маңғыстау облысы департаментiнiң бастығы Құдиярова Майрамкүл Жәмішқызы облыстық мәслихаттың депутаты, әлеуметтік мәселесі және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы (келісім бойынша) Көшеров Әдiлбек облыстық экономика, өнеркәсiп және сауда басқармасының бастығы Могилин Андрей Васильевич облыс әкiмi аппараты басшысы Нұрғалиева Халила Хабижанқызы блыстық қаржы басқармасының бастығы, төраға орынбасары Таушов Нариман Бахытұлы Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетiнiң төрағасы (келiсiм бойынша) Тұрар Рахмет облыстық мәслихаттың депутаты, Экономика және бюджет мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясының төрағасы (келiсiм бойынша) Өсербаева Шолпан Құдабайқызы облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары Шаметова Светлана Борисовна облыс әкiмiнiң кеңесшiсi
Тармақ 2
2. Қоса берiлiп отырған облыстық Бюджет комиссиясы туралы Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Облыс әкiмиятының "Маңғыстау облыстық бюджетiнiң жобасын қалыптастыру жөнiндегi Бюджет комиссиясын құру туралы" 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 75 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.С.Қасабековке жүктелсiн.
Басқа 5
Маңғыстау облысы әкiмиятының 2002 жылғы 3 сәуiрдегi № 77 қаулысына қосымша Облыстық бюджетiнiң комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже тұрақты негiзде жұмыс жасайтын облыстық Бюджет комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия) қызметiн реттейдi.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметiнiң құқықтық негiздерiн - Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер мен осы Ереже құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссияның функциясы
2. Комиссияның функциясы
Тармақ 3
3. Комиссияның негiзi мақсаты - тиiстi қаржы жылына арналған облыс бюджетiнiң жобасын уақтылы әрi сапалы әзiрлеу және облыс бюджетiн нақтылау және атқару жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеп жасау.
Тармақ 3
3. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
Тармақ 4
4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар: үшжылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттiң негiзгi болжамдық көрсеткiштерiн анықтау; тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджет жобасының көрсеткiштерiн қарау және анықтау; алдағы үшжылдық кезеңге арналған облыстық бюджет пен облыстық бюджеттiң негiзгi болжамдық көрсеткiштерiнiң, тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджет жобасының сәйкестiлiгiн анықтау; тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттi нақтылау жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеп жасау; облыстың облыстық бюджеттiк бағдарламаларын iске асыру барысы мониторингi нәтижелерiн қарау және сол бойынша ұсыныстарды әзiрлеп жасау.
Тармақ 5
5. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мына функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және мыналарды анықтайды: алдағы үшжылдық кезеңге арналған облыс бюджетiнiң болжамдық көрсеткiштерiн; алдағы үшжылдық кезеңге арналған облыстық бюджеттiң болжамдық көрсеткiштерiн; облыстық бюджеттiң түсiрiлiмдерiн; облыстық бюджеттiң тапшылығын (профицит); облыстық бюджеттен аудандардың (қалалардың) бюджеттерiне алынатын субвенцияларды; облыстық бюджеттiк бағдарлама әкiмшiлерi бойынша облыстық бюджеттiң шығыс лимитiн; "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабымен белгiленген басқа да көрсеткiштердi;
Тармақша 2
2) аудандардың (қалалардың) бюджеттерiнiң болжамдық көрсеткiштерi бойынша Комиссияның жұмыс органы мен аудандар мен қалалардың әкiмдерi арасындағы алауыздықтарды реттеу жөнiнде қарайды және шешiм шығарады;
Тармақша 3
3) облыстық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерi жөнiнде Комиссияның жұмыс органының қорытындысын қарайды және ол жөнiнде шешiм шығарады;
Тармақша 4
4) алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттiң жобасын қарайды және айқындайды;
Тармақша 5
5) мыналар бойынша: тиiстi қаржы жылына арналған облыстық бюджеттi нақтылау; бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру нәтижелерi туралы облыстық қаржы басқармасының ақпараттары негiзiнде бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын нақтылау және бюджеттiк бағдарламаларды одан әрi iске асыру жөнiнде ұсыныстарды қарайды және әзiрлеп жасайды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Комиссияның құқығы
4. Комиссияның құқығы
Тармақ 6
6. Өзiнiң мiндеттерiне сәйкес Комиссияның мынадай құқықтары бар:
Тармақша 1
1) басқа да мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға, сондай-ақ Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн мамандар мен сараптамашыларды жұмысқа тартуға;
Тармақша 2
2) өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға және ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 3
3) Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды заңнамамен белгiленген тәртiппен мемлекеттiк және басқа да ұйымдардан сұратуға және алуға;
Тармақша 4
4) Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға байланысты мәселелер бойынша бiрiншi басшыларды, ал олар орнында болмағанда, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың бiрiншi басшыларының мiндетiн атқарушы адамдарды Комиссияның отырысына шақыруға және тыңдауға.
Тарау 5. 5. Комиссияны қалыптастырудың және қызметiнiң тәртiбi
5. Комиссияны қалыптастырудың және қызметiнiң тәртiбi
Тармақ 7
7. Комиссияның құрамын облыстық қаржы басқармасының ұсынысы бойынша облыс әкiмияты айқындайды.
Тармақ 8
8. Комиссияның органдары мыналар:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмыс органы;
Тармақша 2
2) Комиссия төрағасы;
Тармақша 3
3) Комиссия төрағасының орынбасары;
Тармақша 4
4) Комиссия хатшысы.
Тармақ 9
9. Комиссия отырыстары аралығындағы кезеңде оның қызметiнiң ұйымдастырушылық мәселелерiн Комиссияның жұмыс органы шешедi.
Тармақ 10
10. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссия отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiн iске асырылуы жөнiнде жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссияның жүзеге асыратын қызметiне жауапкершiлiк артады. Комиссия төрағасының орнында болмаған кезiнде оның функциясын төраға тағайындаған орынбасары атқарады.
Тармақ 11
11. Комиссиясының хатшысы Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткеннен кейiн хаттамасын ресiмдейдi.
Тармақ 12
12. Жұмысының жоспар-кестесiн Комиссия бекiтедi. Облыстық бюджет жобасын әзiрлеу кезеңiнде Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiткен, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеудiң Ережесiмен айқындалған мерзiмге сәйкес Комиссия жұмысының жоспар-кестесi айқындалады.
Тармақ 13
13. Комиссия мүшелерiнiң отырысқа қатысуы жөнiндегi өз өкiлеттiгiн басқа адамдарға беруiне құқығы жоқ.
Тармақ 14
14. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс берумен, сондай-ақ Комиссия мүшелерiне сұрау салу жолымен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерi жалпы санынан, олардың iшiнен көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданған деп саналады. Комиссияның мүшелерi шешiмдер қабылдау кезiнде теңдей дауысқа ие болады. Дауыстардың тең болған жағдайында, ол үшiн Комиссияның төрағасы дауыс берген шешiм қабылданған деп саналады.
Тармақ 15
15. Әрбiр мәселе бойынша дауыс беру нәтижелерi көрсетiлуiмен бiрге Комиссия отырысының күн тәртiбiндегi мәселелердi қараудың нәтижелерi, тиiстi хаттамаларға енгiзiледi және төраға айқындайтын жағдайларда, отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерiнiң визалары қойылады. Комиссияның қабылдаған шешiмi хаттамамен ресiмделедi, оған Комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қояды. Комиссия мүшелерiнiң қабылданған шешiмге келiспеген жағдайда, жазбаша түрде өзiнiң ерекше пiкiрiн мазмұндап жазуға құқығы бар, ол отырыстың хаттамасына қоса тiркеледi.
Тармақ 16
16. Өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатымен қабылданған комиссия шешiмдерi, барлық мемлекеттiк органдардың мiндеттi түрде көрсетiлген мерзiмiнде қарауына және орындауына жатады.
Тармақ 17
17. Комиссия жұмыс органының қызмет функциясы облыстық қаржы басқармасына жүктеледi.
Тармақ 18
18. Жұмыс органының қызмет функциясы, Комиссияның айқындаған мерзiмi мен күн тәртiбiне сәйкес отырысқа материалдар дайындау, оларды Комиссия мүшелерiне, облыстық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне және аумақтық атқарушы органдарға тарату, Комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеудiң Ережесiнен туындайтын басқа да қызмет функциялары болып табылады.
Тарау 6. 6. Комиссия қызметiн тоқтату
6. Комиссия қызметiн тоқтату
Тармақ 19
19. Комиссия қызметiн тоқтату туралы Маңғыстау облысы әкiмiнiң шешiмi Комиссия қызметiн тоқтату үшiн негiз болады.
Тармақ 20
20. Осы Ереженiң 19 тармағында көрсетiлген, Комиссия қызметiнiң тоқтатылуына әкелiп соғатын жағдайлар болған кезде, Комиссия атқарған жұмысы туралы есеп-хатын облыс әкiмиятына жiбередi.