О некоторых вопросах оценки деятельности административных государственных служащих Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 4 және 5-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берілген:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12705 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңмен белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына 1-қосымша «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «А» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
Тармақ 2
2. «А» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі. Бағалау «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Егер «А» корпусы қызметшісінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі бағаланатын лауазымға тағайындалған күннен бастап үш айдан аз болған жағдайда бағалау жүргізілмейді. Бұл ретте бағаланатын кезең «А» корпусы қызметшісінің нақты лауазымда нақты жұмыс істеген кемінде он бес жұмыс күнін қамтуға тиіс. Еңбек демалыстарындағы, еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңіндегі не қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға және іссапарға жіберілген «А» корпусы қызметшілерін, сондай-ақ жұмыстан шығарылған қызметшілерді бағалау олардың қатысуынсыз жүргізіледі. «А» корпусы қызметшілерін бағалау олардың нақты лауазымдағы қызметінің нәтижелері бойынша күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша бағаланатын жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірілмей жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Бағалауды «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызмет лауазымдарына тағайындау және босату құқығы бар тұлға жүргізеді (бұдан әрі – уәкілетті тұлға). Бағалау «А» корпусы қызметшісінің жыл сайынғы келісімде белгіленген нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) қол жеткізуі тұрғысынан жүргізіледі. НМИ міндетті түрде белгіленетін (бұдан әрі – міндетті НМИ) және уәкілетті тұлға айқындайтын болып бөлінеді.
Тармақ 5
5. Бағалауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі не ол болмаған жағдайда – бағалауды жүргізетін тұлға айқындайтын өзге құрылымдық бөлімше (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) қамтамасыз етеді. Персоналды басқару қызметі уәкілетті тұлғаны және «А» корпусы қызметшісін бағалау жүргізу тәртібімен таныстыруды қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2-тарау. Жыл сайынғы келісім жасау жобасын дайындау, сондай-ақ оны сақтау мен қайта қарау тәртібі
2-тарау. Жыл сайынғы келісім жасау жобасын дайындау, сондай-ақ оны сақтау мен қайта қарау тәртібі
Тармақ 6
6. «А» корпусы қызметшілері және уәкілетті тұлға арасында бағалау жүргізу үшін жыл сайынғы келісім жасалады.
Тармақ 7
7. 1-санатқа жататын «А» корпусы қызметшілерінің (бұдан әрі – 1-санаттағы қызметшілер) жыл сайынғы келісімі осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады. 2-санатқа жататын «А» корпусы қызметшілерінің (бұдан әрі – 2-санатты қызметшілер) жыл сайынғы келісімі осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағаланатын жылдың 1 ақпанына дейін жасалады. 1-санаттағы қызметшілердің жыл сайынғы келісімінің жобасы осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағаланатын жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға келісуге жіберіледі. Бағаланатын жылдың 20 қаңтарынан кейін лауазымға 1-санатты қызметші тағайындалған кезде жыл сайынғы келісімнің жобасы лауазымға тағайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға келісуге жіберіледі. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган он бес жұмыс күні ішінде жыл сайынғы келісімнің жобасын келісуді жүзеге асырады немесе ескертулер болған кезде оны пысықтауға жібереді. Мемлекеттік орган бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға ескертулерді ескере отырып пысықталған жыл сайынғы келісімнің жобасын жібереді. Жыл сайынғы келісімнің жобасын келісу шеңберінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган 1-санаттағы қызметші үшін кадр мәселелері бөлігінде бір міндетті НМИ белгілейді.
Тармақ 8
8. 1-санаттағы қызметші үшін мынадай міндетті НМИ белгіленеді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының тапсырмалары мен актілерінің сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету (оның ішінде мәтіннің түпнұсқалығы, мемлекеттік және орыс тілінің сапасы, ресімделуі);
Тармақша 2
2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсетуді қамтамасыз ету;;
Тармақша 3
3) мемлекеттік қызметшілердің еңбек жағдайларына (оның ішінде материалдық-техникалық, кадрлық және қаржылық қамтамасыз етуге) қанағаттануы;
Тармақша 4
4) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін НМИ. Қосымша 1-санаттағы қызметші үшін уәкілетті тұлға мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бір НМИ айқындайды.
Тармақ 9
9. 2-санаттағы қызметші үшін мынадай міндетті НМИ белгіленеді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының және орталық мемлекеттік орган басшылығының тапсырмалары мен актілерінің сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету (оның ішінде мәтіннің түпнұсқалығы, мемлекеттік және орыс тілінің сапасы, ресімделуі);
Тармақша 2
2) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсетуді қамтамасыз ету. Қосымша 2-санаттағы қызметші үшін уәкілетті тұлға үш НМИ айқындайды.
Тармақ 10
10. Уәкілетті тұлға айқындайтын НМИ:
Тармақша 1
1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);
Тармақша 2
2) өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);
Тармақша 3
3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);
Тармақша 4
4) уақытпен шектеулі (бағалау кезеңі ішінде НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді);
Тармақша 5
5) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен және/немесе мемлекеттік орган/«А» корпусы қызметшісі қызметінің ерекшелігімен өзара байланысты болулары тиіс. НМИ қол жеткізуді бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкілетті тұлға жартыжылдық қорытынды бойынша белгіленген НМИ қол жеткізуге мониторингті жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. НМИ саны 5 құрайды.
Тармақ 12
12. Қызметші белгіленген НМИ келіспеген жағдайда уәкілетті тұлға қызметшінің және уәкілетті тұлғаның тиісті негіздемелерімен қоса келісімнің жобасын Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі Ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) жұмыс органына жолдайды.
Тармақ 13
13. Келісім жобасын және ұсынылған негіздемелерді қарау нәтижесінде Ұлттық комиссия келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
Тармақша 1
1) уәкілетті тұлғамен енгізілген келісімге «А» корпусы қызметшісіне қол қоюды ұсынады;
Тармақша 2
2) уәкілетті тұлғаға аталған келісімге түзетулер енгізуді ұсынады.
Тармақ 14
14. Қол қойылған келісімдер қызметші жұмыс жасайтын мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінде үш жыл ішінде сақталады.
Тармақ 15
15. «А» корпусы қызметшісінің Ұлттық комиссиясымен ұсынылған келісімге қол қоюдан бас тартуы, Ұлттық комиссияның қарастыруына шығаруға негіз болып табылады. Ұлттық комиссияның қарастыру қорытындысы бойынша еңбек шартын бұзу туралы ұсыныс шығарады.
Тарау 3. 3-тарау. Бағалауды өткізу, сондай-ақ бағалау нәтижелеріне шағымдану тәртібі
3-тарау. Бағалауды өткізу, сондай-ақ бағалау нәтижелеріне шағымдану тәртібі
Тармақ 16
16. Әңгімелесуге дайындық персоналды басқару қызметімен жүзеге асырылады және бағалау өткізу үшін қажетті материалдарды дайындау мен бағалау өткізу кестесін айқындауды қамтиды. Персоналды басқару қызметі НМИ нақты мәндерін және оларды іске асыру пайызын есептейді. НМИ нақты мәндері және оларды іске асыру пайызы осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағының тиісті бағандарына енгізіледі. «Мемлекеттік қызметшілердің еңбек жағдайларына (оның ішінде материалдық-техникалық, кадрлық және қаржылық қамтамасыз етуге) қанағаттануы» міндетті НМИ есептеу үшін ақпараттық жүйе арқылы осы Әдістемеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орталық мемлекеттік орган қызметшілеріне анонимді сауалнама жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган сауалнама жүргізуді үйлестіреді. «Мемлекеттік қызметшілердің еңбек жағдайларына қанағаттануы (оның ішінде материалдық-техникалық, кадрлық және қаржылық қамтамасыз ету)» міндетті НМИ қол жеткізу пайызы ақпараттық жүйе арқылы қалыптастырылады.
Тармақ 17
17. Бағалауды өткізуге қажетті материалдарға:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының не қызметіне «А» корпусының қызметшісі жетекшілік ететін мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпарат;
Тармақша 2
2) жыл сайынғы келісім және жыл сайынғы келісімнің іске асырылуын растайтын құжаттар;
Тармақша 3
3) осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нақты мәндері және әрбір НМИ бойынша іске асыру пайызы енгізілген бағалау парағы жатады.
Тармақ 18
18. Бағалау парағы ақпараттық жүйе арқылы персоналды басқару қызметімен уәкілетті тұлғаға қарауға және баға қоюға жіберіледі.
Тармақ 19
19. Ұсынылған материалдарды қарастырудың қорытындысы бойынша уәкілетті тұлғамен осы Әдістеменің 2-қосымшасында көрсетілген нысанға сәйкес бағалау парағының сәйкесінше графасында қорытынды бағасы (0-ден 5-ке дейін) қойылады. Осы Әдістеменің 8-тармағының 1) тармақшасында және 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген міндетті НМИ бойынша бағалар қою кезінде уәкілетті тұлға осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша НМИ іске асыру пайызына қарай ең жоғары бағаны айқындау кестесін пайдаланады. Өзге НМИ бойынша баға қою кезінде уәкілетті тұлға осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша НМИ жүзеге асыру пайызына қарай мүмкін берілетін бағаны айқындау кестесін пайдаланады.
Тармақ 20
20. «А» корпусы қызметшісінің қорытынды бағасы келісімде көзделген НМИ-ға қол жеткізу бағаларының орташа арифметикалық мәніне тең (индикаторлар санына бөлінген НМИ бойынша барлық бағалардың сомасы).
Тармақ 21
21. Қорытынды баға келесі мәндегі бес балдық шкала бойынша қойылады: 0 - 2,99 балл – «қанағаттанарлықсыз»; 3 - 3,99 балл – «қанағаттанарлық»; 4 және одан жоғары – «тиімді».
Тармақ 22
22. Бағалауға қосымша ақпарат қажет болған жағдайда бағаланушы қызметшімен әңгімелесу өткізіледі. Осы Әдістеменің 3-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген қызметшілермен әңгімелесу қашықтықтан бейнебайланыс құралдарын пайдалану арқылы жүргізіледі. Персоналды басқару қызметі қызметшіге әңгімелесудің өткізілуі туралы, белгілеген мерзімнен жеті күн бұрын хабарлайды. Осы Әдістеменің 3-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген қызметшілерге хабарлама тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен және/немесе телефонограммамен және/немесе жеделхатпен және/немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша не хабарламаның немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып мәтіндік хабарламамен жіберіледі. Әңгімелесуге бағаланатын қызметші, уәкілетті тұлға, персоналды басқару қызметінің өкілі, сондай-ақ уәкілетті тұлғаның шешімімен бағаланатын қызметшінің тікелей басшысы қатысады.
Тармақ 23
23. Бағалау жүргізу нәтижелері бойынша уәкілетті тұлғамен бағаланатын қызметшіге келісімде көрсетілген НМИ қол жеткізу туралы ақпаратты, сондай-ақ «А» корпусы қызметшісінің кәсіби деңгейі мен жеке қасиеттерінің сипаттамасын, тәртіптік жазалардың болуын/болмауын қамтитын бағаланатын кезеңдегі оның қызметі туралы пікір толтырылады.
Тармақ 24
24. «А» корпусының бағаланатын қызметшісі өзінің бағалау нәтижелерін ақпараттық жүйеде, сондай-ақ «Е-қызмет» мобильді қосымшасында алады. Жұмыстан босатылған адамдарды таныстыру есепті тоқсаннан кейінгі айдың ішінде оның тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатты және/немесе телефонограмманы және/немесе жеделхатты және/немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша не хабарламаның немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып мәтіндік хабарламаны жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 25
25. «А» корпусы қызметшісі бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, бағалау нәтижелерімен танысқан күннен он жұмыс күні ішінде еркін түрде Ұлттық комиссияға тиісті өтініш жасауға құқылы.
Тарау 4. 4-тарау. Бағалау нәтижелерін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға және кадр саясаты жөніндегі Ұлттық комиссияға жолдау тәртібі
4-тарау. Бағалау нәтижелерін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға және кадр саясаты жөніндегі Ұлттық комиссияға жолдау тәртібі
Тармақ 26
26. Мемлекеттік орган бағалау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға мынадай ақпаратты жібереді:
Тармақша 1
1) «А» корпусы бағаланған қызметшілерінің мынадай құжаттарының көшірмелері: «А» корпусы қызметшілерінің жыл сайынғы келісімдері; бағалау парақтары; «А» корпусы қызметшілерінің қызметі туралы пікірлер.
Тармақша 2
2) себептері көрсетіле отырып, оларға қатысты бағалау жүргізілмеген «А» корпусының қызметшілері туралы ақпаратты қамтиды. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша белгіленген НМИ қол жеткізу мониторингін жібереді. Осы Әдістеме күшіне енгенге дейін жасалған келісімдерде көзделген НМИ-ге 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша қол жеткізу мониторингі мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға 2025 жылғы 15 тамызға дейін жолданады.
Тармақ 27
27. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган қызметшілердің жылдық бағалауына талдау жүргізеді және 1 наурыздан кешіктірмей оларды Ұлттық комиссияның жұмыс органына енгізеді.
Тармақ 28
28. Президент Әкімшілігінің құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі жауапты құрылымдық бөлімшесі Ұлттық комиссияның жұмыс органына осы Әдістеменің 8-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген НМИ 1-санаты қызметшілерінің орындалуына өзіндік баға береді. Ұлттық комиссияның жұмыс органы уәкілетті органмен ұсынылған материалдар, сондай-ақ құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің ақпараты негізінде оларды Ұлттық комиссияның қарауына шығару туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 29
29. Ұлттық комиссия жұмыс органымен ұсынылған материалдарды қарау және «А» корпусы қызметшісімен әңгімелесу өткізу (қажеттілігіне қарай) қорытындысы бойынша келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) атқаратын лауазымына сай;
Тармақша 2
2) атқаратын лауазымына сай емес.
Тармақ 30
30. Бағалаудың әділетсіздігі немесе дәлелсіздігі анықталған жағдайда Ұлттық комиссия бағалаудың нәтижесін қайта қарайды, хаттамада тиісті себептер мен түсіндірмелер, сондай-ақ жүргізілген бағалаудың сапасы және уәкілетті тұлғаға қатысты тәртіптік шара бойынша ұсынымдар көрсетіледі.
Тармақ 31
31. Ұлттық комиссия отырысының хаттамасын рәсімдеу және оны уәкілетті тұлғаға жолдау оның жұмыс органымен жүргізіледі.
Тармақ 32
32. Ұлттық комиссияның шешімі келесі шешімдер қабылдауға негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) қызметшімен еңбек шартын ұзарту туралы;
Тармақша 2
2) қызметшімен еңбек шартын бұзу туралы;
Тармақша 3
3) қызметшіні ротациялау туралы;
Тармақша 4
4) бонус төлеуге.
Тарау 5. 5-тарау. 2025 жылғы 1 қаңтардан 31 шілдеге дейінгі кезеңде жұмыс істеген лауазымынан босатылған, ротацияланған және әлеуметтік демалыстағы «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау тәртібі
5-тарау. 2025 жылғы 1 қаңтардан 31 шілдеге дейінгі кезеңде жұмыс істеген лауазымынан босатылған, ротацияланған және әлеуметтік демалыстағы «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау тәртібі
Басқа 1.1
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 1-қосымша Нысан № р/с НМИ атауы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен және/немесе мемлекеттік органы/»А» корпусы қызметшісі қызметінің ерекшелігімен өзара байланыс Өлшем Б ірлігі Жоспарлы мәні Қол жеткізу мерзімдері Түйінді нәтиже* № р/с Міндетті түйінді НМИ Өлшем бірлігі Жоспарлы мәні Қол жеткізу мерзімі Қорытынды нәтиже 1 Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының тапсырмалары мен актілерінің сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету (оның ішінде мәтіннің түпнұсқалығы, мемлекеттік және орыс тілінің сапасы, ресімделуі) % 100 Бағаланатын кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының тапсырмалары мен актілерін сапалы және уақтылы орындау 2 Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету % 100 Бағаланатын кезеңнің қорытындысы бойынша Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы қарау және мерзімдерін сақтау 3 Мемлекеттік қызметшілердің еңбек жағдайларына қанағаттануы (оның ішінде материалдық-техникалық, кадрлық және қаржылық қамтамасыз ету) % 100 Бағаланатын кезеңнің қорытындысы бойынша Еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша бағаланатын адамның қызметіне қызметшілердің қолайлы қатынасы 4 Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін НМИ *Түйінді нәтиже - НМИ қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер Уәкілетті тұлға ___________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Лауазымы _______________________________________________________ Қолы ________________ (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәләндырылған) Күні ________________ Қызметші________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Қолы ________________ (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәләндырылған) Күні _________________
Басқа 1.2
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 2-қосымша Нысан № р/с НМИатауы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен және/немесе мемлекеттік органы/»А» корпусы қызметшісі қызметінің ерекшелігімен өзара байланыс Өлшем бірлігі Жоспарлы мәні Қол жеткізу мерзімі Түйінді нәтиже* 1 2 3 № р/с Міндетті НМИ атауы Өлшем бірлігі Жоспарлы мәні Қол жеткізу мерзімі Түйінді нәтиже* 1 Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының тапсырмалары мен актілерінің сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету (оның ішінде мәтіннің түпнұсқалығы, мемлекеттік және орыс тілінің сапасы, ресімделуі) % 100 Бағаланатын кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 7және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының тапсырмалары мен актілерін сапалы және уақтылы орындау 2 Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету % 100 Бағаланатын кезеңнің қорытындысы бойынша Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы қарау және мерзімдерін сақтау *Түйінді нәтиже - НМИ қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер Уәкілетті тұлға ___________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Лауазымы _______________________________________________________ Қолы ________________ (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәләндырылған) Күні ________________ Қызметші________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Қолы ________________ (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәләндырылған) Күні _________________
Басқа 1.3
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 3-қосымша № р/с НМИ атауы Өлшем бірлігі Жоспарлы мәні Нақты мәні НМИ жүзеге асырудың пайызы Баға (0-ден 5-ке дейін)* Қорытынды баға (НМИ санына бөлінген барлық бағалардың сомасы) * Бағалау осы Әдістемеге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес НМИ іске асыру пайызына байланысты қойылады. Бұл ретте тапсырмаларды орындау бойынша НМИ үшін бағалау ең жоғары мәннен аспауға тиіс. Рұқсат етілген диапазондағы қалған НМИ үшін уәкілетті тұлға өз қалауы бойынша баға қояды. Бағалау нәтижесі __________________________ (қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді) Уәкілетті тұлға ___________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Лауазымы _______________________________________________________ Қолы ________________ (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәләндырылған) Күні ________________
Басқа 1.4
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 4-қосымша Нысан НМИ іске асырудың пайызы Максималды баға* 100 және одан жоғары 5 95-99,99 4,75 90-94,99 4,5 85-89,99 4,25 80-84,99 4 75-79,99 3,75 70-74,99 3,5 65-69,99 3,25 60-64,99 3 55-59,99 2,75 50-54,99 2,5 45-49,99 2,25 40-44,49 2 35-39,99 1,75 30-34,99 1,5 25-29,99 1,25 20-24,99 1 15-19,99 0,75 10-14,99 0,5 5-9,99 0,25 0-4,99 0 Ескерту: Баға НМИ іске асыру пайызына байланысты айқындалады. Максималды мәннен асатын бағалауға тыйым салынады. Бұл ретте уәкілетті тұлға неғұрлым төмен баға қоюға құқылы.
Басқа 1.5
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 5-қосымша Нысан НМИ іске асырудың пайызы Рұқсат етілген бағалау ауқымы 100 және одан жоғары 5 95-99,99 4,75-4,99 90-94,99 4,5-4,74 85-89,99 4,25-4,49 80-84,99 4-4,24 75-79,99 3,75-3,99 70-74,99 3,5-3,74 65-69,99 3,25-3,49 60-64,99 3-3,24 55-59,99 2,75-2,99 50-54,99 2,5-2,74 45-49,99 2,25-2,49 40-44,49 2-2,24 35-39,99 1,75-1,99 30-34,99 1,5-1,74 25-29,99 1,25-1,49 20-24,99 1-1,24 15-19,99 0,75-0,99 10-14,99 0,5-0,74 5-9,99 0,25-0,49 0-4,99 0-0,24 Ескерту: бағалау НМИ іске асыру пайызына байланысты айқындалады. Бұл ретте бағалаушы тұлға рұқсат етілген диапазонда өз қалауы бойынша баға қояды.
Басқа 1.6
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 6-қосымша Нысан __________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) Бағалау кезеңі _____________________________________________________________ (бағалау кезеңі көрсетіледі) __________________________________________________________________________ (бағалау кезеңіне «А» корпусы қызметшісінің бағасы, сондай-ақ оның қызметі сипаттамасы, НМИ жетудің толық ақпараты беріледі) Қосымша ақпарат (кәсіби деңгей мен жеке қасиеттердің сипаттамасы, тәртіптік жазалар, сондай-ақ қалауы бойынша басқа ақпарат): ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ (лауазымы, қолы (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәләндырылған), тегі, уәкілетті тұлғаның аты-жөнінің бірінші әріптері) ________________
Басқа 1.7
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 7-қосымша Нысан
Тармақ 1
1. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сіз басшылықтың жазбаша бұйрығынсыз жұмыста қаласыз ба? Қалмаймын Кейде қаламын Мен үнемі қалып жүрмін
Тармақ 2
2. Сіз демалыс және мереке күндері басшылықтың жазбаша актісіз жұмысқа шығасыз ба? Мен шықпаймын Кейде шығып кетемін Мен үнемі шығамын
Тармақ 3
3. Сіз өзіңіздің кәсіби міндеттеріңізді орындау үшін барлық қажетті техникалық жабдықтармен (кеңсе жабдықтары, кеңсе керек-жарақтары, жарықтандыру және т. б.) жеткілікті көлемде қамтамасыз етілгенсіз бе? Иә Көбіне иә Көбіне жоқ Жоқ
Тармақ 4
4. Сіздің бөлімшеңізде (басқарма/бөлім) қажетті жұмыс көлемін орындау үшін жеткілікті қызметкерлер саны бар ма? Иә Көбіне иә Көбіне жоқ Жоқ
Тармақ 5
5. Қажет болса, аппарат басшысына хабарласу мүмкіндігіңіз бар ма? Иә Көбіне иә Көбіне жоқ Жоқ
Тармақ 6
6. Сіздің мемлекеттік органда жоғары лауазымға лайықты қызметкерлерді алады (байланыссыз немесе патронажсыз)? Иә Көбіне иә Көбіне жоқ Жоқ
Тармақ 7
7. Сіздің мемлекеттік органда сыйлықақы беру жүйесі әділ ме? Иә Көбіне иә Көбіне жоқ Жоқ
Тармақ 8
8. Сіздің мемлекеттік органыңыз қызметкерлерді бағалайды және оларды ұстап қалу үшін қажетті шараларды қабылдайды ма? Иә Көбіне иә Көбіне жоқ Жоқ
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органдағы атмосфераны сипаттаңыз Қолайлы моральдық-психологиялық климат Көбінесе қолайлы моральдық-психологиялық климат Көбінесе қолайсыз моральдық-психологиялық климат Қолайсыз моральдық-психологиялық климат
Тармақ 10
10. Аппарат басшысы өз міндеттерін сәтті орындайды деп санайсыз ба? Иә Көбіне иә Көбіне жоқ Жоқ
Тармақ 11
11. Сіз өзіңіздің мемлекеттік органыңыздағы жұмысқа қанағаттанасыз ба? Иә Көбіне иә Көбіне жоқ Жоқ
Тармақ 12
12. Сіздің жынысыңыз? Еркек Әйел
Тармақ 13
13. Сіздің лауазымыңыз? жетекші орындаушылық
Тармақ 14
14. Осы мемлекеттік органдағы жұмыс өтілі? 1 жылға дейін 1 жастан 3 жасқа дейін 3 жылдан астам _______________
Басқа 1.8
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 8-қосымша 📌 Ескерту. 8-қосымша 01.03.2026 дейін қолданыста болды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 28.07.2025 № 121 бұйрығымен.
Басқа 1.9
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 9-қосымша 📌 Ескерту. 9-қосымша 01.03.2026 дейін қолданыста болды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 28.07.2025 № 121 бұйрығымен.
Басқа 1.10
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне 10-қосымша 📌 Ескерту. 10-қосымша 01.03.2026 дейін қолданыста болды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 28.07.2025 № 121 бұйрығымен.
Басқа 2. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Үлгілік әдістемесі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына 2-қосымша «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау Үлгілік әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі (бұдан әрі – Үлгілік әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Үлгілік тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары осы Әдістеменің негізінде мемлекеттік орган қызметінің ерекшелігін есепке ала отырып бекітеді. Мемлекеттік орган бекіткен «Б» корпусы мемлекеттік әкішілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі болмаған жағдайда, мемлекеттік органдар осы Үлгілік әдістемені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Осы Үлгілік әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) басшылық лауазым – өзіне бағынышты бөлімшенің немесе жекелеген қызметшілердің қызметін ұйымдастыруға өкілеттіктер берілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымы;
Тармақша 2
2) тікелей басшы – мемлекеттік лауазымы бойынша жоғары тұрған, мемлекеттік қызметші өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес оған тікелей бағынысты болатын адам;
Тармақша 3
3) құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысы – В-1, C-1 (орталық атқарушы орган комитеті төрағасының орынбасары, департамент директоры), D-1, D-3 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары), C-O-1, D-O-1, D-R-1, C-R-1, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі;
Тармақша 4
4) бағалаушы адам – тікелей басшы және/немесе құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысы;
Тармақша 5
5) бағаланатын адам – өзіне қатысты бағалау жүргізілетін адам;
Тармақша 6
6) калибрлеу сессиялары – бағаланатын адамдардың қызметін бағалау нәтижелерін талқылау, ықтимал түзету және бекіту үшін лауазымды адамдардың кездесулері;
Тармақша 7
7) бағаланатын кезең – мемлекеттік қызметшінің жұмыс нәтижелері бағаланатын тоқсан.
Тармақ 4
4. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы жүргізіледі. Автоматтандырылған бағалау жүйесі енгізілген мемлекеттік органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау осы мемлекеттік органдардың ішкі құжаттарында айқындалған ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссияларының төрағаларын бағалау тиісті мәслихаттың төрағасымен жүргізіледі. Бағалауды бағалаушы адам болмаған жағдайда, оны алмастырушы адам жүргізеді. Іссапарға жіберілген адамдарды бағалау қабылдаушы мемлекеттік органмен іссапарда болу кезеңі үшін жүргізіледі. Мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімі бойынша оның тікелей бағынысындағы адамдар осы мемлекеттік органның аппарат басшысымен бағалана алады.
Тармақ 5
5. Бағалау тоқсан қорытындысы бойынша – есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Қорытынды баға күнтізбелік жылдың есепті тоқсандары бойынша «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің орташа бағасы негізінде ақпараттық жүйеде автоматты түрде қалыптастырылады. Қорытынды баға есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірілмей қалыптастырылады.
Тармақ 6
6. Егер бағаланатын қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі бағаланатын лауазымға тағайындалған немесе сайланған күннен бастап бір айдан кем болған жағдайда, оған бағалау жүргізілмейді. Бұл ретте бағаланатын кезең қызметшінің нақты жұмыс істеген кемінде он бес жұмыс күнін қамтуы тиіс.
Тармақ 7
7. Бағалау мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік органнан жұмыстан шығарылған қызметшілерді бағалау олардың қатысуынсыз 5-тармақта көрсетілген мерзімде жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Бағалау нәтижелері мынадай саралау бойынша қойылады: «Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады»; «Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады»; «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады»; «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады» (қанағаттанарлықсыз баға). «Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады» нәтижесіне 4-тен 5 баллға дейін, «Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады» нәтижесіне 3-тен 3,99 баллға дейін, «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады» нәтижесіне 2-ден 2,99 баллға дейін, «Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады» нәтижесіне 0-ден 1,99 баллға дейінгі бағалар диапазоны сәйкес келеді.
Тармақ 9
9. Бағалауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген құрылымдық бөлімшелер (адам), соның ішінде ақпараттық жүйе арқылы қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Бағаланатын қызметші өзінің бағалау нәтижелерін ақпараттық жүйеде, сондай-ақ «Е-қызмет» мобильді қосымша арқылы алады. Жұмыстан босатылған адамдарды таныстыру, есепті тоқсаннан кейінгі айдың ішінде, таныстыру тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатты және/немесе телефонограмманы және/немесе жеделхатты және/немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарды жіберу арқылы не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметші бағалау нәтижелерімен танысқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамға калибрлеу сессиясын өткізу жөнінде еркін нысанда тиісті өтінішпен жүгінеді.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметші калибрлеу сессиясының шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекспен белгіленген тәртіпте шағымдана алады.
Тармақ 13
13. Бағалаумен байланысты құжаттар бағалау аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде персоналды басқару қызметінде және ақпараттық жүйеде сақталады.
Тармақ 14
14. Бағалау нәтижелері жасырын ақпарат болып табылады және қызметтік қажеттілікті, сондай-ақ «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік орган осы ақпаратты ашуға міндетті жағдайларды қоспағанда, үшінші адамдарға жария етуге жатпайды.
Тармақ 15
15. Бағалау рәсіміне байланысты келіспеушіліктерді барлық мүдделі адамдар мен тараптардың жәрдемдесуімен персоналды басқару қызметі қарастырады.
Тармақ 16
16. Персоналды басқару қызметінің басшысы мыналарға жауапты болады:
Тармақша 1
1) коммуникациялық хабарламаларды дайындау, бағалау процесіне қатысушыларға консультация жүргізуді қосқанда, қызметті бағалау процесін ұйымдастыру мен сүйемелдеу;
Тармақша 2
2) қажет болған жағдайда бағалаушы мен бағаланатын адамдардың кездесуіне қатысу, қызметті бағалау процесінің мәселелері бойынша консультация беру жолымен даулы мәселелерді шешуге көмектесу;
Тармақша 3
3) калибрлеу сессияларына дайындық шеңберінде әр қызметкерге ақпарат дайындауды қоса алғанда, калибрлеу сессиясын өткізу;
Тармақша 4
4) есепті кезең ішінде олардың қызметін бағалау шеңберінде қажетті құжаттарды толтыру толықтығы мен уақтылы орындалуын, қызметкерлердің қызметіне бағалау жүргізу шеңберінде қызметкерге тиісті хабарламалар жіберу, қажетті есептік жазбаларды жүргізу.
Тарау 2. 2-тарау. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау тәртібі
2-тарау. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау тәртібі
Тармақ 17
17. В-1, С-1 (орталық атқарушы орган комитеті төрағасының орынбасары, департамент директоры), D-1, D-3 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары), C-O-1, D-O-1, D-R-1, C-R-1, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау тікелей басшымен осы Үлгілік әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда, басшы лауазымдарды атқаратын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысымен осы Үлгілік әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі. С-1 (орталық атқарушы орган комитеті төрағасының орынбасарын, департамент директорын қоспағанда), D-1, D-3 санаттарының (құрылымдық бөлімшелердің басшыларын қоспағанда) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін бағалау тікелей басшымен осы Үлгілік әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі. Өзге тұлғаларды бағалау құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысымен осы Үлгілік әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Бағалаушы адамға бағалау парағы персоналды басқару қызметімен ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі. Бағалаушы адаммен 0-ден 5-ке дейінгі баға қойылады. Егер бағаланатын адамдардың саны жиырма адамнан асқан жағдайда, бағалауды бағалаушы адам айқындайтын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері де жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Калибрлеу сессияларын өткізу және кері байланыс ұсыну тәртібі
3-тарау. Калибрлеу сессияларын өткізу және кері байланыс ұсыну тәртібі
Тармақ 19
19. Бағалау процесіне бірыңғай тәсілді келісу және сақтау мақсатында мемлекеттік органдар осы Үлгілік әдістеменің 11-тармағында көзделген тәртіппен калибрлеу сессияларын өткізеді.
Тармақ 20
20. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам қызметшінің өтініші түскен уақыттан бастап үш жұмыс күн ішінде калибрлеу сессиясын өткізу туралы шешім қабылдайды қабылдайды және оның құрамын бекітеді. Тексеру комиссиясының мүшелеріне және тексеру комиссиясының төрағасына калибрлеу сессиясын өткізу және оның құрамын бекіту маслихат шешімінің негізінде жүзеге асырылады. Калибрлеу сессиясының құрамы мүшелердің тақ санынан тұрады. Калибрлеу сессиясы мүшелерінің саны үштен кем болмауы тиіс. Нақты калибрлеу сессиясының құрамына бағамен келіспейтін адам, сондай-ақ оны бағалаған адам кірмейді. Калибрлеу сессиясы мүшелерінің құрамына бағалаушы адамдар (бағалауы калибрлеу сессиясында қаралуға жататын адамды қоспағанда), сондай-ақ персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қызметкері не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін орындау жүктелген адам кіреді.
Тармақ 21
21. Калибрлеу сессиясы қызметшінің өтініші түскен уақыттан бастап он жұмыс күн ішінде осы Үлгілік әдістеменің 11-тармағында көзделген тәртіппен өткізіледі.
Тармақ 22
22. Персоналды басқару қызметі калибрлеу сессиясының қызметін ұйымдастырады.
Тармақ 23
23. Калибрлеу сессиясында бағалаушы адам бағаланатын адамның жұмысын қысқаша сипаттайды және өз бағасына дәлел келтіреді. Бағаланатын адам калибрлеу сессиясының мүшелеріне жазбаша немесе ауызша нысанда бағалауға өзінің келіспейтіндігін дәлелдеуге құқылы. Калибрлеу сессиясының мүшелері бағалаушы адамның бағасын қолдауы немесе бағалауға түзетулер енгізу үшін дәлелдер келтіруі мүмкін. Бағалауды түзетулер жоғарылау жағынан да, төмендеу жағынан да енгізілуі мүмкін. Қорытынды баға калибрлеу сессиясы мүшелерінің басым дауысымен қабылданады және тиісті хаттамамен рәсімделеді. Персоналды басқару қызметі хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде оның ақпараттық жүйеге (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) орналастырылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 24
24. Калибрлеу сессиясының нәтижелері бойынша бағалаушы адам бағаланатын қызметшімен кездесу өткізеді және қорытынды бағалау нәтижесі туралы кері байланысты ұсынады. Кездесу кезінде мынадай мәселелер талқыланады: бағаланатын кезеңдегі жетістіктеріне шолу; машықтар мен құзыреттердің дамуына шолу; қызметкердің әлеуетін шолу және мансаптық мақсатын талқылау. Бағалаушы адам кездесу кезінде ашық және достық қалыптағы диалогты қамтамасыз етеді. _______________
Басқа 2.1
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Үлгілік әдістемесіне 1-қосымша Нысан (Бағаланатын адамның Т.А.Ә., мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы) ________________________________________________________________________________ (Бағаланатын кезең) ______________________________________________________________ (Бағалайтын қызметшінің Т.А.Ә., мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы) ________________________________________________________________________________ «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) мақсатында Сізге өз әріптестеріңізді 5 баллдық шкала бойынша бағалауды ұсынамыз. Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек. Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет. Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстылығын арттыра аласыз. Параметрлер Бағалау (0-ден* 5 баллға дейін) Түсініктеме (қалау бойынша) Толтыру кезінде түсініктеме 1. Жетекшілік ететін бөлімшелерде (жетекшілік ететін қызметшілердің) міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету Есепке алынады: - жетекшілік ететін бөлімшелердегі міндеттер мен тапсырмаларды сапалы орындау; - осы параметр бойынша негізделген ескертулердің, қайтарулардың, шағымдардың немесе осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер. 2. Жетекшілік ететін бөлімшелерде (жетекшілік ететін қызметшілердің) міндеттердің орындалу мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету Есепке алынады: - орындаудың жеделдігі; - осы параметр бойынша құжаттарды, тапсырмаларды, міндеттерді орындау мерзімдерінің бұзылмауы немесе осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер. 3. Көшбасшылық және шешім қабылдау дағдылары Есепке алынады: - команданы басқаруды және командалық нәтиже үшін жауапкершілікті өз мойнына ала білу; - мақсаттар мен міндеттерді нақты белгілей білу; - жеке мысал арқылы тиімді қарым-қатынас және оң командалық климат құру арқылы команданы ынталандыру мүмкіндігі; - белгісіздік жағдайында тиімді әрекет ете білу; - ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, міндеттерді шешудің бірнеше нұсқаларын ұсына білу; - осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер. 4. Бағалаушы адамның еңбек тәртібін сақтауы Есепке алынады: - кешігудің болмауы; - себепсіз жұмыстан мерзімінен бұрын шығудың болмауы; - қызметтік әдеп бұзушылықтардың болмауы; - ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау; - мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау; - мемлекеттік органның регламентің сақталуы немесе осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер. 5. Тәртіптік жазалардың болмауы Бағаланатын тоқсанда қолданылған тәртіптік жаза ескеріледі. Тәртіптік жаза болған жағдайда: - ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс үшін баға 2,99 баллдан аспауы керек; - жазаның өзге де түрлері түрінде, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтары үшін баға 1,99 баллдан аспауы тиіс. Орташа қорытынды баға Ескертпе: Орташа қорытынды бағаны есептеу үшін қойылған бағалар сомасын бағаланатын параметрлер санына бөлу керек. * Бағалаудың 0 баллы қызметші бағалау параметрін толық орындамаған жағдайда қойылады. Бағалау нәтижесі: ____________ (функционалдық міндеттерін тиімді атқарады, функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады. Қызметшінің бағалау нәтижесі орташа қорытынды бағаның негізінде қойылады. Қолы ________________ (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәләндырылған) Күні _________________
Басқа 2.2
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Үлгілік әдістемесіне 2-қосымша Нысан (Бағаланатын адамның Т.А.Ә., мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы) ________________________________________________________________________________ (Бағаланатын кезең) ______________________________________________________________ (Бағалайтын қызметшінің Т.А.Ә., мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы) ________________________________________________________________________________ «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі - бағалау) мақсатында Сізге өз әріптестеріңізді 5 баллдық шкала бойынша бағалауды ұсынамыз. Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек. Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет. Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстылығын арттыра аласыз. Параметрлер Бағалау (0*-ден 5 баллға дейін) Түсініктеме (қалау бойынша) Толтыру кезінде түсініктеме 1.Функционалдық міндеттерді орындау сапасы Осы параметр бойынша негізделген ескертулердің, қайтарулардың, шағымдардың немесе осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесіне сәйкес өзге де кемшіліктердің болмауы. 2. Міндеттерді орындау мерзімдерін сақтау Есепке алынады: - осы параметр бойынша құжаттарды, тапсырмаларды, міндеттерді орындау мерзімдерінің бұзылмауы немесе осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер. 3. Дербестік және бастамашылдық Есепке алынады: - қызметшінің функционалдық міндеттерін жоғары деңгейде дербес орындай алуы; - жетекшілік ететін қызмет саласын жақсартуға бағытталған тәсілдерді, ұсыныстарды пысықтаудағы бастамашылдық; - жетекшілік ететін міндеттерді шешуге қатысу және белсенділігі; - осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер. 4. Еңбек тәртібін сақтау Есепке алынады: - кешігудің болмауы; - себепсіз жұмыстан мерзімінен бұрын шығудың болмауы; - қызметтік әдеп бұзушылықтардың болмауы; - ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау; - мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау; - мемлекеттік органның регламентің сақталуы немесе осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер. 5. Тәртіптік жазалардың болмауы Бағаланатын тоқсанда қолданылған тәртіптік жаза ескеріледі. Тәртіптік жаза болған жағдайда: - ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс үшін баға 2,99 баллдан аспауы керек; - жазаның өзге де түрлері түрінде, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтары үшін баға 1,99 баллдан аспауы тиіс. Орташа қорытынды баға Ескертпе: Орташа қорытынды бағаны есептеу үшін қойылған бағалар сомасын бағаланатын параметрлер санына бөлу керек. * Бағалаудың 0 баллы қызметші бағалау параметрін толық орындамаған жағдайда қойылады. Бағалау нәтижесі: ____________ (функционалдық міндеттерін тиімді атқарады, функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады). Қызметшінің бағалау нәтижесі орташа қорытынды бағаның негізінде қойылады. Қолы ________________ (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәләндырылған) Күні _________________