Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Кербулакского района Күшін жойған
Басқа 0
Кербұлақ ауданының
Құрмет грамотасымен наградтау
туралы ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Кербұлақ ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі
осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Иманбаев Амангелді Тұрысбековичқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Кербұлақ аудандық мәслихатының
2018 жылғы «29» қаңтардағы
№ 24-136 шешімімен бекітілген
қосымша
Кербұлақ ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Кербұлақ ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Кербұлақ ауданының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Кербұлақ ауданының Құрмет грамотасы (бұдан әрі - Құрмет грамотасы) маңызды моральдық ынталандырма, азаматтардың жемісті қызметін қоғамның мойындауын білдіру болып табылады.
Тармақ 3
3. Құрмет грамотасымен қызмет саласында кем дегенде 5 жыл қызмет өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, денсаулық сақтаудағы, әскери және мемлекеттiк қызметтегi, қоғамдық, мемлекеттiк, қайырымдылық қызметтегi елеулi жетiстiктерi үшiн наградталады.
Тарау 2. 2. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі
2. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі
Тармақ 4
4. Кербұлақ ауданы әкіміне наградтауға ұсынысты жергілікті өкілді және атқарушы органдар, шығармашылық одақтар, еңбек ұжымдары және басқада ұйымдар енгізеді.
Тармақ 5
5. Құрмет грамотасымен наградтау туралы қолдау хат тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), туылған күнін, жұмыс орнын (жарғылық құжаттарына сәйкес ұйымның толық атауын және қолдау хат енгізілген күндегі атқаратын лауазымының толық атауын көрсете отырып), білімі туралы мәліметтерді, еңбек қызметі туралы, наградалары мен құрметті атақтары туралы мәліметтерді көрсете отырып мемлекеттік және орыс тілдерінде рәсімделеді.
Тармақ 6
6. Дұрыс рәсімделмеген және наградтауға дейін он жұмыс күннен кем мерзімде келіп түскен қолдау хат Кербұлақ ауданы әкімінің қарауына қабылданбайды.
Тармақ 7
7. Кезекті наградаға ұсыну алдыңғы наградттау күнінен бастап бес жыл өткен соң ғана мүмкін.
Тармақ 8
8. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын Кербұлақ ауданының әкімі тапсырады, сондай-ақ Кербұлақ ауданы әкімінің атынан және оның тапсыруы бойынша Құрмет грамотасын ауылдық округ әкімдері және Кербұлақ ауданының әкімі уәкілдік берген басқа да тұлғалар тапсыра алады.
Тармақ 9
9. Құрмет грамотасына Кербұлақ ауданы әкімінің қолы қойылады.
Тармақ 10
10. Құжаттарды жүргізуді және есепке алуды Кербұлақ ауданы әкімінің аппаратымен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Құрмет грамотасының тапсырылғаны туралы тапсыру хаттамасы жасалады, награданы тапсырған тұлғанын қолы қойылады және награданы тапсырған органның мөрі мен бекітіледі және үш жұмыс күні ішінде Кербұлақ ауданы әкімі аппаратына жолданады.