Об установлении категорий автостоянок (паркингов) и увеличении базовых ставок налога на земли, занятые под автостоянки (паркинги) в Целиноградском районе Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Целиноград ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 505-бабына, 509-бабының 3-тармағына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Целиноград ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге базалық салық мөлшерлемелері 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
Тармақ 2
2. Ақмол ауылы салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын Целиноград ауданының жақын жатқан елді мекені болып айқындалсын.
Тармақ 3
3. «Целиноград ауданында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы» 2017 жылғы 26 маусымдағы № 128/16-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6038 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Целиноград ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы ________________А. Жантеміров 30.01.2018
Басқа 5
Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 180/25-6 шешіміне 1-қосымша Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары № Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері Санаттар 1. Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) 1-санат 2. Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) 2-санат
Басқа 6
Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 180/25-6 шешіміне 2-қосымша Целиноград ауданында автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге базалық салық мөлшерлемелері № Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары Автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге базалық салық мөлшерлемелері Базалық мөлшерлемелердің ұлғаюы 1. 1-санат 0,48 он есе 2. 2-санат 0,48 он есе