Об утверждении Правил осуществления контроля за деятельностью частных судебных исполнителей Қолданыста
Басқа 0
Жеке сот орындаушыларының
қызметін бақылауды жүзеге асыру
қағидаларын бекіту туралы
«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 122 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10477 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 357 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 6) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13784 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Сот актілерін орындау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түріндегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және оған енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 171 бұйрығымен бекітілген
Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүргізу тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
аумақтық орган – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандар мен қалалардың әдiлет бөлiмшелерi;
жоспарлы бақылау – жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылаудың бекітілген кестесіне сәйкес жүргізілетін жеке сот орындаушысының қызметін атқарушылық іс жүргізу материалдарын тексеру;
жоспардан тыс бақылау – жеке сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар түскен кезде не оның өз міндеттерін адал атқармағандығын айқындайтын басқа да ақпарат болған кезде жеке сот орындаушысының қызметін, атқарушылық іс жүргізу материалдарын тексеру;
уәкілетті орган – атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Тармақ 3
3. Жеке сот орындаушыларының қызметіне бақылауды уәкілетті орган және оның аумақтық органдары, Жеке сот орындаушыларының республикалық және өңірлік палаталары жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда бақылауды жүргізуге келісім бойынша басқа тиісті уәкілетті мамандар тартылады.
Тармақ 3-1
3-1. Жеке сот орындаушыларының қызметіне бақылау «Атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 3-1-тармақтың осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданылады - ҚР Әділет министрінің 10.04.2026 № 339 бұйрығымен.
Тармақ 4
4. Бақылаудың мақсаттары мен міндеттері:
атқарушылық құжаттарды жеке орындау саласында атқарушылық әрекеттердің заңдылығын қамтамасыз ету;
атқарушылық іс жүргізу тараптарының мүліктік және мүліктік емес құқықтарының және заңды мүдделерінің сақталуын, қалпына келуін қамтамасыз ету;
жеке сот орындаушыларының құқық қолдану тәжірибесінде бірізділікті қамтамасыз ету;
атқарушылық іс жүргізу саласында жеке сот орындаушыларының бұзушылықтарының алдын алу және ескерту болып табылады.
Тармақ 5
5. Бақылауды жүзеге асыру қағидаттары:
заңдылық;
обьективтілік;
алаламаушылық;
кәсіби этиканы сақтау;
атқарушылық іс жүргізу тараптарының, жеке сот орындаушысының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 6
6. Жеке сот орындаушысын бақылауды өткізу мерзімі он жұмыс күннен аспайтын уақытты құрайды.
Бақылауды жүргізу жеке сот орындаушысының уақытша жұмысқа қабілетсіздігі мерзімінде уақытша тоқтатылады.
Жеке сот орындаушысы еңбек демалысында болған кезде немесе басқа себептермен болмаған жағдайда бақылауды өткізу мерзімі ауыстырылады.
Бақылауды белгілейтін уәкілетті лауазымды тұлға жеке сот орындаушысына бақылауды жүргізу мерзімін ұзартуды, тоқтата тұруды және ауыстыруды жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Жеке сот орындаушысының қызметіне бақылауды тағайындау туралы бұйрықтың көшірмелері, жеке сот орындаушысын бақылау нәтижелері туралы қорытынды және басқа құжаттар жеке сот орындаушысына тапсырылады немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы немесе жеткізілгендігін тіркеуді қамтамасыз ететін басқа байланыс құралдарын қолданумен жеткізіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылауды жүргізу тәртібі
2-тарау. Жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылауды жүргізу тәртібі
Тармақ 8
8. Жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылау осы Қағидалардың 1-қосымшасындағы нысан бойынша жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылаудың бекітілген кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Аумақтық әділет органы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп әр жыл аяқталғаннан кейін 15 қаңтардан кешіктірмей Заңның 169-бабы талаптарының басшалаққа алып, жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылау кестесін қалыптастырады және бекітеді.
Аумақтық әділет органы жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылаудың бекітілген кестесін тиісті жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей уәкілетте органға жолдайды.
Тармақ 10
10. Жоспарлы бақылау кестесіне әділет органдарында есептік тіркелген кезден бастап алты айдан аса уақыт қызметін жүзеге асырған, сондай-ақ жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылау кестесін қалыптастыру кезінде алты айдан аса уақыт қызметін жүзеге асырмаған, алайда алдағы жылы олардың қызметін жүзеге асыру мерзімі алты айдан аса уақытты құрайтын барлық жеке сот орындаушылары енгізіледі.
Тармақ 11
11. Жеке сот орындаушысын жоспарлы бақылау жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылау кестесінің негізінде аумақтық әділет органның уәкілетті тұлғасының бұйрығымен тағайындалады.
Тармақ 12
12. Жеке сот орындаушыларын жоспарлы бақылауды аумақтық әділет органының лауазымды тұлғасы (-лары) жүргізеді.
Қажет болған жағдайларда жоспарлы бақылауды уәкілетті орган басшылығының тапсырмасы бойынша уәкілетті органның қызметкері (лерінің) қатысуымен жүргізеді.
Тармақ 13
13. Жеке сот орындаушыларының қызметін жоспарлы бақылаудың нысанасы атқарушылық іс жүргізуді ақпараттық жүйе арқылы зерделеу және тексеру болып табылады.
Тарау 3. 3-тарау. Жеке сот орындаушыларын жоспардан тыс
бақылауды жүргізу тәртібі
3-тарау. Жеке сот орындаушыларын жоспардан тыс
бақылауды жүргізу тәртібі
Тармақ 14
14. Жеке сот орындаушысын жоспардан тыс бақылау оған қатысты шағымдар, өтініштер не атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру кезінде жасаған заңдылықты бұзу фактілері туралы ақпарат түскен кезде жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Шағым, өтініш, хабар не басқа да ақпарат уәкілетті органға немесе аумақтық әділет органына түскен кезде жеке сот орындаушысын жоспардан тыс бақылау тиісті әділет органының уәкілетті тұлғасының бұйрығымен тағайындалады.
Тармақ 16
16. Шағым, өтініш, хабар не басқа да ақпарат Жеке сот орындаушыларының республикалық немесе өңірлік палатасына түскен кезде жеке сот орындаушысын жоспардан тыс бақылау жеке сот орындаушыларының тиісті палатасының уәкілетті тұлғасының бұйрығымен тағайындалады.
Тармақ 17
17. Тиісті әділет органының уәкілетті тұлғасының бұйрығымен жоспардан тыс бақылау жүргізу үшін аумақтық органның қызметкері (лері) қажет болған жағдайда уәкілетті органның қызметкері (лерінің) қатысуымен тағайындалады.
Республикалық немесе өңірлік жеке сот орындаушылары палатасының уәкілетті тұлғасының бұйрығымен жоспардан тыс бақылау жүргізу үшін жеке сот орындаушылары палатасының қызметкері (лері) тағайындалады.
Тармақ 18
18. Жоспардан тыс бақылаудың мәні келіп түскен шағымның, өтініштің, хабардың және атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру кезінде жасаған заңдылықты бұзу фактілері туралы ақпараттың шеңберінде атқарушылық іс жүргізу материалдарын және жеке сот орындаушысының әрекеттерін зерделеу және тексеру болып табылады.
Бұл ретте жеке сот орындаушысының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны туралы күшіне енген сот актісі болған жағдайда жеке сот орындаушыларының қызметіне бақылау жүргізілмейді.
Тарау 4. 4-тарау. Жеке сот орындаушыларының бақылау қорытындылары
4-тарау. Жеке сот орындаушыларының бақылау қорытындылары
Тармақ 19
19. Жеке сот орындаушысының бақылау аяқталғаннан кейін жеке сот орындаушысына жүргізілген бақылау нәтижелері туралы туралы қорытынды (бұдан әрі - қорытынды) жасалады және бақылауды жүргізген тұлға(-лар) қол қояды.
Тармақ 20
20. Қорытынды кіріспе, сипаттама-уәждеме және қорытынды бөліктерінен тұрады.
Қорытындының кіріспе бөлігінде бақылаудың түрі туралы мәліметтер, бақылауды жүзеге асырған адамның және бақылауға жататын жеке сот орындаушысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), бақылауды жүргізу мерзімі, жеке сот орындаушысының бақылауды тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі және күні көрсетіледі.
Қорытындының сипаттама-уәждеме бөлігінде жеке сот орындаушысының қызметі туралы және атқарушылық іс жүргізу туралы мәліметтер, оның ішінде атқарушылық әрекеттер хронологиялық тәртіппен баяндалады.
Қорытынды бөлікте Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтың болуы немесе болмауы, төмендегі мерзімдер белгілене отырып, оларды жою жөніндегі ұсынымдар туралы қорытындыда:
жоспардан тыс бақылау бойынша – бес жұмыс күні және бұзушылықтарды жойғаны туралы ақпаратты тиісті аумақтық органға немесе аумақтылық бойынша өңірлік палатаға қорытындыда берілген мерзімі аяқталған соң үш жұмыс күні ішінде беру көрсетіледі;
жоспарлы бақылау бойынша – он жұмыс күні және бұзушылықтарды жойғаны туралы ақпаратты тиісті аумақтық органға немесе аумақтылық бойынша өңірлік палатаға қорытындыда берілген мерзімі аяқталған соң үш жұмыс күні ішінде беру көрсетіледі.
Бұзушылықтарды жою мүмкін болмаған жағдайда жеке сот орындаушыға мерзімдер берілмейді, ол туралы қорытындыда көрсетіледі.
Тармақ 20-1
20-1. Бақылау жүргізген тұлғалар осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін, бес жұмыс күні ішінде қорытындыда көрсетілген бұзушылықтарды жоюдың дұрыстығын ақпараттық жүйе арқылы салыстырады.
📌 Ескерту. 20-1-тармақтың осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданылады - ҚР Әділет министрінің 10.04.2026 № 339 бұйрығымен.
Тармақ 21
21. Қорытындыға мынадай құжаттар тіркеледі:
Тармақша 1
1) жеке сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) не оның өз міндеттерін адал атқармағандығын айқындайтын басқа да ақпарат болған кезде шағымдардың көшірмесі;
Тармақша 2
2) жеке сот орындаушысының кызметіне жоспарлы немесе жоспардан тыс бақылауды жүргізу туралы бұйрықтың көшірмесі;
Тармақша 3
3) жеке сот орындаушысының түсініктемесінің көшірмесі (бар болса) немесе түсініктеме беруден бас тарту туралы актінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) атқарушылық іс жүргізу материалдарының көшірмесі (бар болса) немесе оны ұсынудан бас тарту туралы актінің көшірмесі;
Тармақша 5
5) жеке сот орындаушысының оның қызметіне жоспарлы немесе жоспардан тыс бақылау жүргізу туралы бұйрықпен және жеке сот орындаушысының қызметіне жүргізілген бақылау нәтижелері туралы қорытындымен танысқанын растайтын құжаттардың көшірмесі.
Тармақ 22
22. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін қорытынды жеке сот орындаушыларының Республикалық немесе аумақтылығы бойынша өңірлік палаталарының тәртіптік комиссиясының қарауына жіберіледі.
Қорытынды осы Қағидалардың 20-1-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей Республикалық немесе аумақтылығы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарының тәртіптік комиссиясының қарауына жіберіледі. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы ақпараттық жүйеде жеке сот орындаушысына қатысты тәртіптік жаза туралы мәліметтерді оның қолданылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жариялайды.
📌 Ескерту. 22-тармақтың екінші абзацының осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданылады - ҚР Әділет министрінің 10.04.2026 № 339 бұйрығымен.
Заңның 143, 144-баптарында көзделген бұзушылықтар бойынша уәкілетті органға жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыныс енгізіледі.
Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру (тоқтату) туралы ұсынысқа осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген құжаттар қоса беріледі.
Тармақ 23
23. Тәртіптік комиссияға немесе уәкілетті органға ұсынылған материалдар толық емес, жеткіліксіз немесе негізсіз болған жағдайда, материалдар қайтарылады. Материалдардың қайтарылуы оларды қайта жолдауға кедергі болып табылмайды.
Тармақ 24
24. Аумақтық әділет органдары, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары жеке сот орындаушыларын жоспарлы/жоспардан тыс бақылау қорытындылары туралы тоқсан сайынғы есеп жасайды, ол уәкілетті органға, жеке сот орындаушыларының Республикалық палатаға есептік кезеңнен кейінгі келесі айдың 10-на осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолданады.
Басқа 1. 20__жылға ____________________________________ жеке сот орындаушыларын
(өңір)
жоспарлы бақылау кестесі
Жеке сот орындаушыларының
қызметін бақылауды жүзеге асыру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Келісілді»
Қазақстан Республикасы
____________________
Жеке сот орындаушыларының
өңірлік палатасы басшысы
______ ___________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)
20___жыл «__» ________
«Бекітемін»
____________________________
Әділет Департаментінің басшысы
______ ________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)
20___жыл «__» ________
20__жылға ____________________________________ жеке сот орындаушыларын
(өңір)
жоспарлы бақылау кестесі
№
Жеке сот орындаушыларын тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)
Аумақтық әділет органында есептік тіркеу мерзімі
Бақалауды жүргізу айы
1
…
Басқа 2. 20__жылдың ___ тоқсанына _______________________Әділет департаментінің / жеке сот
(өңір)
орындаушыларының өңірлік палатасының жеке сот орындаушыларын
жоспарлы/ жоспардан тыс бақылау қорытындысы бойынша есеп
Жеке сот орындаушыларының
қызметін бақылауды жүзеге асыру
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
20__жылдың ___ тоқсанына _______________________Әділет департаментінің / жеке сот
(өңір)
орындаушыларының өңірлік палатасының жеке сот орындаушыларын
жоспарлы/ жоспардан тыс бақылау қорытындысы бойынша есеп
№
Жеке сот орындаушыларын тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)
Бақылау негізі
Бақылау мерзімі (өткізу күні)
Бақылау қорытындылары (бұйрықтың № және күні, қорытындының күні, анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар)
Қабылданған шаралар (жауапкершілік, бұйрықтың № және күні, бұзушылықтарды жою, ұсынымдарды орындау)
1
…
Әділет департаментінің/өңірлік палатаның басшысы
________ ______________________________________
(қолы) Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)
20___ жыл «___» _________