Об утверждении Правил приема мобильными группами органов государственных доходов деклараций физических лиц Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік кірістер органдарының ұтқыр топтарының жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдау қағидаларын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 73-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдары ұтқыр топтарының жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Мемлекеттік кірістер органдары мобильдік топтарының жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 9 тамыздағы № 434 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14222 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
Тармақша 2
2) «Мемлекеттік кірістер органдары мобильдік топтарының жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 9 тамыздағы № 434 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 8 ақпандағы № 86 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14880 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбек он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі _________________ Д. Абаев 2018 жылғы 26 қаңтар
Басқа 1. Мемлекеттік кірістер органдарының ұтқыр топтарының жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдау қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 46 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының ұтқыр топтарының жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының мобильдік топтарының жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 73-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес әзірленген және жеке тұлғалардың декларацияларын (бұдан әрі – декларация) қабылдау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының ұтқыр топтарының (бұдан әрі – Ұтқыр топ) қызмет тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Ұтқыр топ декларацияларды жасау бойынша консультация беретін және салық төлеушілердің жекелеген санаттарынан мұндай декларацияларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінен тұратын көшпелі топ болып табылады. Салық төлеушілердің жекелеген санаттарына:
Тармақша 1
1) шалғайдағы елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар;
Тармақша 2
2) организм функциялары тұрақты бұзылған, өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдарлануды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан жеке тұлғалар жатады.
Тармақ 3
3. Ұтқыр топ өз қызметінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірде Заңын (бұдан әрі – Заң), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 665 бұйрығымен бекітілген «Салықтық есептілікті қабылдау» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20955 болып тіркелген) (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары), сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Ұтқыр топтың негізгі міндеті салық төлеушілердің жекелеген санаттарына «Салық есептілігін қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қол жетімділігін қамтамасыз ету және декларацияны тапсыруда консультациялық көмек көрсету болып табылады.
Тармақ 5
5. Ұтқыр топ декларацияларды қабылдаудан басқа, декларацияларды толтыру және тапсыру мәселелері бойынша, «электрондық үкімет» веб-портал сервистерін және брошюралар мен буклеттерді бере отырып электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану мәселелері бойынша жеке тұлғаларға қол жетімді нысанда консультация беруді жүзеге асырады, жеке тұлғаларға өз бетімен «Салық төлеушінің кабинеті» мемлекеттік кірістер органдарының интернет-ресурсы арқылы декларацияны тапсыруға мүмкіндік береді.
Тармақ 6
6. Ұтқыр топ өзінің қызметін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) құрамында жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдау бойынша ұтқыр тобы қызметінің тәртібі
2-тарау. Жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдау бойынша ұтқыр тобы қызметінің тәртібі
Тармақ 7
7. Декларацияларды қабылдауды Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын талаптарын сақтай отырып, Мемлекеттік корпорацияның, Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының Мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық стендтерінде, жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған бірлескен кестемен бекітілген, нақты күні және уақытында мобильдік топ жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Ұтқыр тобының шығу кезінде мемлекеттік кірістер органдарының кемінде бір қызметкерінің қатысуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 9
9. Декларацияларды қабылдағанға дейін ұтқыр топ жеке тұлғаларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, көмек көрсетеді және декларацияның дұрыс толтырылғандығын тексереді.
Тармақ 10
10. Декларацияларды қабылдау бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында көрсетілген құжаттарды жеке тұлғаның ұсынуы негіз болып табылады.
Тармақ 11
11. Декларацияларды қабылдауды жеке тұлғаның қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларымен белгіленген мерзімде мобильдік топ жүзеге асырады. Мобильдік топ жеке тұлғаның қатысуымен декларацияларды қабылдау кезінде:
Тармақша 1
1) декларацияда көрсетілген деректерді жеке басын куәландыратын құжатпен салыстырады және де Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына жеке тұлғаның мүддесін білдіру кезінде өкілдің өкілеттігінің болуын сәйкес тексереді;
Тармақша 2
2) Салық кодексінің 209-бабының нормаларына сәйкес декларацияны толтырудың дұрыстығын және толықтығын тексереді;
Тармақша 3
3) декларацияға қол қойған тұлғаның жеке басын сәйкестендіреді;
Тармақша 4
4) декларацияны қабылдау туралы белгісі бар талон береді, декларацияның екінші данасына қабылдау туралы белгі қояды;
Тармақша 5
5) Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында көрсетілген негіздер бойынша декларацияны қабылдаудан бас тартады.
Тармақ 12
12. Ақпараттық жүйелерден алынуына жататын құжаттарды жеке тұлғалардан талап етуге жол берілмейді.
Тармақ 13
13. Ұтқыр топқа декларацияларды қабылдау процесінде белгілі болған жеке тұлғалардың дербес деректері 2013 жылғы 21 мамырдағы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайды.
Тармақ 14
14. Декларацияларды қабылдауға жауапты ұтқыр топ қағаз жеткізгіште келу тәртібінде табыс еткен декларацияларды қабылдаған күні мемлекеттік кірістер органына жеткізеді және осы Қағидалардын қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке тұлғалардың декларацияларды берілген тізіліміне сәйкес, өңдеуге жауапты қызметкерге береді.
Тармақ 15
15. Ұтқыр топ бекітілген шығу кестесіне сәйкес (хабарламамен пошта байланысы арқылы анықтаманы жеткізуге рұқсат етіледі) ұтқыр топтың тиісті елді мекенге келесі келуіне қарай, декларацияны қағаз жеткізгіште келу тәртiбiмен ұсынған жеке тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді (декларацияны қабылдау туралы жеке тұлғаға анықтама).
Тармақ 16
16. Декларацияларды өңдеуге жауапты мемлекеттік кірістер органының қызметкері декларациядағы ақпаратты «Салық есептілігін өңдеу сервистері» ақпараттық жүйесіне енгізеді және Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында белгіленген мерзім ішінде мұрағатқа декларацияны сақтау үшін береді.
Басқа 1.1
Мемлекеттік кірістер органдарының ұтқыр топтарының жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдау қағидаларына қосымша Нысан Мемлекеттік кірістер органдары: Мемлекеттік кірістер органдарының ұтқыр тобы: Күні (саны, ай, жыл) және уақыты: № Же­ке тұл­ға­ның ЖСН-і Де­кла­ра­ци­я­ны қа­был­да­ған қыз­мет­кер­дің аты-жө­ні Же­ке тұл­ға/ өкі­лі Қыз­мет Қа­был­дау кү­ні Де­кла­ра­ци­я­ны қа­был­дау ту­ра­лы анық­та­ма­ны бе­ру­ге жос­пар­лан­ған кү­ні Бе­рі­ле­тін құ­жат­тар­дың ті­зі­мі (де­кла­ра­ция лар­ды) Жағ­дайы (қыз­мет көр­се­тіл­ді/бас тар­ту) Барлығы (жазбалар саны): Тапсырды (декларацияны тапсырған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)): ______________ ______________ ________________ (қолы) (Тапсырған күні) Қабылдады (декларацияны қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)): ______________ ______________ ________________ (қолы) (Қабылдаған күні)