Об утверждении формы налоговой учетной политики для индивидуальных предпринимателей, применяющих специальные налоговые режимы для субъектов малого бизнеса на основе патента, упрощенной декларации или с использованием специального мобильного приложения Күшін жойған
Басқа 0
Шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 190-бабы 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салықтық есепке алу саясатының нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салықтық есепке алу саясатының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 86 бұйрығының («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 сәуірде жарияланған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10458 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Тенгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электрондық және қағаз түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 97 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/салық төлеушінің атауы)
1. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
________________________________________________________________________________
2. Жүзеге асыратын қызметтің түрі
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
3. Қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісі*
________________________________________________________________________________
(бөлек, барабар)
4. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы
Кодексінің (Салық кодексі) 203-бабының 2-тармағына сәйкес қорлардың өзіндік құнын
айқындау әдісі**:
_______________________________________________________________________________
5. Нысандары дербес әзірленген салық тіркелімдерінің тізбесі***
1) ______________________________________________________________________________
2) ______________________________________________________________________________
3) ______________________________________________________________________________
6. Шағын бизнес субъектілері үшін патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы
мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер
салықтық есепке алуды Салық кодексінің 215-бабына сәйкес салықтық тіркелімдерде жүргізеді.
Шағын бизнес субъектілері үшін патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы
салық режимін қолданатын және қосылған құн салығын төлеушілері болып табылатын дара
кәсіпкерлер салықтық есепке алуды осы нысанға қосымшаға сәйкес шағын бизнес субъектілері
үшін патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын
және қосылған құн салығын төлеушілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге арналған салықтық
есепке алу Кітабы бойынша жүргізеді.
7. Салықтық есепке алу саясатын сақтауға жауапты адам:
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
________________________________________________________________________________
(лауазымының атауы)
8. Салықтық есепке алу саясатын қабылдау күні 20__ жылғы «__»
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына
сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара
кәсіпкерлер толтырмайды;
** Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына
сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара
кәсіпкерлер ғана толтырады;
*** Салық кодексінің 215-бабы 1-тармағына сәйкес нысандарын уәкілетті орган белгілеген салық
тіркелімдеріне салық төлеушілер дербес әзірлеген қосымша салық тіркелімдері болған кезде,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына
сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын,
Салық кодексінің 203-бабы 2-тармағына сәйкес тауарлар өндіруді жүзеге асыратын, сондай-ақ
орташа өлшемді құн әдісін таңдаған дара кәсіпкерлер толтырады.
Басқа 1-1
Шағын бизнес субъектілері үшін
патент, оңайлатылған декларация
негізінде немесе арнаулы мобильді
қосымша пайдаланылатын арнаулы
салық режимін қолданатын дара
кәсіпкерлер үшін салықтық есепке
алу саясатының нысанына
қосымша
(басты беті)
Дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ______________________________________________________________________________________________ Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
Жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметтің түрі
______________________________________________________________________________________________ Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік:
сериясы ________ нөмірі ________ берілген күні ________ есепке қойылған күні ________
Қызметтің басталу және аяқталу күні______________________________________________
Кірістерді есепке алу ведомсі
(теңге)
Күні
Өткізу жөніндегі айналымдар
Өнім берушілер берген шот-фактуралар бойынша айналым
Операциялардың атауы
Жалпы сомасы
Оның ішінде
Операциялардың атауы
Қосылған құн салығынсыз құны
Қосылған құн салығының сомасы
Қосылған құн салығы салынатын айналым
Қосылған құн салығының сомасы
1
2
3
4
5
6
7
8
Бір күнде жиыны
Бір айда жиыны
Бір тоқсанда жиыны
Бір жарты жылдын жиыны
Бір жылда жиыны
Ескертпе: Кітап күн сайын, жұмыс күнінің соңында қорытындыны шығара отырып хронологиялық
тәртіппен толтырылады. Айдың, тоқсанның, жарты жылдың, жылдың соңында ай, тоқсан, жарты жыл,
жыл үшін қорытынды деректер шығарылады.