Об утверждении формы предоставления в орган государственных доходов уполномоченными государственными органами и должностными лицами информации о плательщиках государственной пошлины и исчисленных ими суммах государственной пошлины Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік уәкілетті органдар және лауазымды адамдардың мемлекеттік кірістер органына мемлекеттік баж төлеушілер және олар есептеген мемлекеттік баж сомалары туралы ақпаратты ұсыну нысанын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 607-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік уәкілетті органдар және лауазымды адамдардың мемлекеттік кірістер органына мемлекеттік баж төлеушілер және олар есептеген мемлекеттік баж сомалары туралы ақпаратты ұсыну нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі _______________ Д.А. Абаев 20___ жылғы «__» __________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі ___________________ Ө.Е. Шөкеев 20___ жылғы «__» __________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Әділет министрі ___________________ М.Б. Бекетаев 20___ жылғы «__» ___________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ___________________ Ж.М. Қасымбек 20___ жылғы «__» ___________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі ___________________ Қ.Н. Қасымов 20___ жылғы «__» ___________
Басқа 8
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стрі­нің 2018 жы­л­ғы 26 қаңтардағы №70 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген ны­сан Уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның неме­се ла­у­а­зым­ды адам­ның ата­уы _______________________________________________ _______________________________________________ БСН ___________________________________________ Об­лы­с___________________ Қа­ла _________________ Аудан ______________ Ме­кен-жайы, те­ле­фон________ Кім­ге бе­рі­ле­ді: Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­га­ны ___________________________________ ___________________________________ Заң­ды ме­кен-жайы ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ № Өті­ніш жа­са­ған тұ­лға­лар­дың ата­уы (Т.А.Ә.) (бар болған жағ­дай­да) БСН (ЖСН) Заң­ды ме­кен-жайы (тұр­ғы­лық­ты ор­ны­ның ме­кен-жайы) Әре­кет жа­са­ған да­та­сы (кү­ні, айы, жы­лы) Заң­дық мәні бар іс-әре­ке­ті­нің ата­уы Жа­са­ған әре­кет­тер­дін са­ны Мем­ле­кет­тік баж­дың про­цент­тік неме­се АЕК-те­гі став­ка­ла­ры Мем­ле­кет­тік баж­дың со­ма­сы, тең­ге Тө­лем құ­жа­ты­ның бе­рі­л­ген кү­ні және нө­мі­рі Бюд­жет­ке ен­гі­зі­л­ген мем­ле­кет­тік баж со­ма­сы, тең­ге Бе­рі­л­ген же­ңіл­дік Же­ңіл­дік­тін со­ма­сы, тең­ге 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 ЖИЫ­НЫ: 6 және 8-бағандардағы көрсеткіштер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі-Салық кодексі) 610-615-баптарына сәйкес көрсетіледі. 12-бағанда Салық кодексінің, оларға сәйкес жеңілдік берілген 616-622-баптарының тармағы (-қтары) және (немесе) тармақшасы (-лары) көрсетіледі. __________________________________________________ ______________ (Уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның бас­шы­сы­ның неме­се (қо­лы) ла­у­а­зым­ды адам­ның Т.А.Ә. (бар болған жағ­дай­да) __________________________________________________ ______________ (Мәле­мет­тер­ді жа­са­у­ға жа­у­ап­ты адам­ның Т.А.Ә. (қо­лы) (бар болған жағ­дай­да) МО Мә­лі­мет­тер жа­сал­ған кү­ні 20___ ж. «___» _______ Мә­лі­мет­тер­ді қа­был­да­ған мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­ган­ның қыз­мет­ке­рі _________________________________ (Т.А.Ә. (бар болған жағ­дай­да) ла­у­а­зы­мы) _________________________________ (қо­лы) Мә­лі­мет­тер қа­был­дан­ған кү­ні 20___ ж. «___» ___________ Ескертпе: Аббревиатураны ашып жазу: Т.А.Ә.- тегі, аты, әкесінің аты; БСН- бизнес сәйкестендіру нөмірі; ЖСН- жеке сәйкестендіру нөмірі; АЕК- республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш.